«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы
Ұлттық саябақ/ табиғи қорық

«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы

Бұл әдемі жер көптеген өсімдіктер мен жануарлардың, соның ішінде жойылып кетуге жақын түрлерге мекен ету ортасына айналды.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Time left

Location

Павлодар облысы

«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы

Бұл әдемі жер көптеген өсімдіктер мен жануарлардың, соның ішінде жойылып кетуге жақын түрлерге мекен ету ортасына айналды.

«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы, Баянауыл ауданында орналасқан және 60 мың гектар аумақты алып жатыр. Айта кетейік, «Қызылтау» тауы - Баянауылдың маңындағы ең биік нүкте. Бұл әдемі жер көптеген өсімдіктер мен жануарлардың, соның ішінде жойылып кетуге жақын түрлерге мекен ету ортасына айналды. Мұнда түлкілер, қасқырлар, борсықтар, арқарлар, бүркіттер, сұр шілдер мекендейді. Қорықтың аумағы қоңыржай белдеудің далалық аймағы басым болатын жартасты адырлармен және беткейлермен сипатталады. Табиғи саябақтың аумағында қоңыр-қызғылт шақпатасты топырақтар басым, мұнда ши қопасын көруге және шағын қайың мен көктерек ормандарын тамашалауға болады, сонымен қатар тау беткейлерінде қылқан жапырақты арша көзге түседі.

«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы қоршаған орта байлығын тамашалауға және көркем тау массивтеріне шығуға мүмкіндік береді, себебі табиғат әр кезде онымен «бетпе-бет» болған әр адамда шынайы қызығушылық тудырған.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions