menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үстірт

Қарақия ойпаты

Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысаны ретінде танылған Қарақия – Қазақстандағы ғана емес, жалпы ТМД аумағындағы ең терең ойпат.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Манғыстау облысы

Қарақия ойпаты

Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысаны ретінде танылған Қарақия – Қазақстандағы ғана емес, жалпы ТМД аумағындағы ең терең ойпат.

Қарақия ойпаты Маңғыстау облысы аумағында, Ақтау қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Ойпаттың сипатын атауынан-ақ тануға болады. «Қара» және «қия» сөздерінің бірігуін атау еткен ойпатты, «Батыр» деп те атап жатады.

Жердің беткі қабатының қирауы нәтижесінде ойпат тостаған қалпында бедерленген. Қазаншұңқырда құрғақ микроклимат орнағанымен, Қарақия жаңбыр қалыптасқан орын болып есептеледі. Метеоролог мамандар мұндай өзгешелікті ойпат түбіндегі ыстық ауамен байланыстырады. Сол ыстық ауаның әсерінен атмосфера қабаттарында жауын бұлттары түзіледі. Жергілікті жануарлар әлемін қарақал, сабаншы, келес, шаян, қостүсті бозторғай сияқты түрлер құрайды.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Маңғыстау облысы туристік бағдарларының көбіне Қарақия ойпаты қосылған. Бастапқы нүкте – Ақтау қаласы. Ойпат түбінен Ақтау-Жаңаөзен тасжолы өтеді. Жол ортасында биіктік деңгейі 115 метрге төмендейді. Егер салынған жолдан шеттеп, ойпатты жақсырақ көріп, білгіңіз келсе, жергілікті туристік агенттіктерге жолығып, кәсіби гидті жолсерік еткеніңіз жөн. Оған қоса, осынау сапарыңыздың аясын кеңейтіп, жыл мезгіліне қарай көлемі мен тереңдігі өзгеріп тұратын Батыр көлінің жағасында серуендеп қайтуыңызға болады.

Орналасу және тамақтану

Маңғыстау жерінде саяхаттап жатсаңыз, жол бойында өз қажеттілігіңізді өзіңіз өтей алатындай дайындық жасауыңыз керек. Яғни, су, азық-түлік, жанармай сияқты сапар барысында керек болар заттардың қорын алдын ала қамдап қойған дұрыс. Қонақүйлер мен кафелер Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында ғана бар. Сол себепті, көпкүндік демалыс жоспарласаңыз, шатыр құрып, өркениеттен алшақта түнеуге дайын болыңыз.