Time to visit
1 күн
Visit cost
Free
Location
Манғыстау облысы
Айрақты-Шоманай қалдық таулары
Айрақты-Шоманай жеріне жол тарқан саяхатшы ұмытылмас әсерлерге кенеліп, тылсым табиғат әлеміне бойлайды.
Для того чтобы оставить заявку на покупку данной услуги, вы должны быть авторизованы в системе
Айрақты-Шоманай қалдық таулар жүйесі - Маңғыстау облысының басты табиғи құндылықтарының бірі. ХІХ ғасырда Қазақстанға жер аударылған украин халқының аса көрнекті ақыны, әйгілі суретші Тарас Шевченко осы өңірді қағазға түсіріп, "Қамалдар алқабы" атты көркемсурет топтамасын жарыққа шығарды. Шынымен де, Т.Шевченконың шабытын оятқан Айрақты-Шоманайдың тылсым тауларына бір қарағаннан-ақ таңғажайып ертегі желісінің тастағы көрінісін тамашалағандай сезім пайда болады. Саяхат барысында тізіле тұрған "қамалдардың" қожайыны - ай мүйізді Үстірт арқарларының тіршілігін тани аласыз. Көктем келісімен соғды қызғалдағы құлпыра гүлдеп, Айрақты-Шоманайдың тас алқабы нәзік реңдермен ажарлана түседі.
Add your photo
Choose one or more photo