«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені
Мұражай / Этно-мемориалды кешен

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Мемориалды кешен тоталитаризм дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының "АЛЖИР"-да өткізген бейнетті күндері мен әрбірінің сарқылмас ерік-жігері жайлы сыр шертеді.
Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

100-300

Time left

Location

Ақмола облысы

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Мемориалды кешен тоталитаризм дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының "АЛЖИР"-да өткізген бейнетті күндері мен әрбірінің сарқылмас ерік-жігері жайлы сыр шертеді.

Отан сатқындары әйелдерінің Ақмоладағы лагері - әр түйір топырағы мұң-налаға толы, әр тасында тұтқында болған 18 мың әйелдің қайғы-қасіреті жасырылған орын. Бұл жерге аяқ басқан әр адамның көңілі құлазып, көзі жасқа толары анық. Мұндағы "Қасірет қақпасы"(арасынан өткен кезде әр келуші басын төмен түсіріп, тағзым білдіруі тиіс), "Сталиндік вагон", «антикеңестік әрекеттерге баруы ықтимал, әлеуметтік қауіпті» деп танылған тұтқын әйелдер тұрған барак терең мағыналы, санаға салар салмағы ауыр туындылар. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені  - жүрекке үрей ұялатар орын екенін жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, кей "халық көсемдерінің" санасыз саясаты мен соқыр озбырлығының ауыр зардаптары мен сұмдық салдарын танытатын аса маңызды тарихи нысан ретіндегі құндылығы да күмәнсіз.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions