menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Жиһанкездерден 10 кеңес. Қазақстан бойынша саяхаттау үшін нені білу керек?

    Қазақстан ішімен саяхаттауды бастамастан бұрын шетелдік және отандық туристер танысып алуы тиіс 10 нәрсе:

    • Басқа елдерден келетін туристерге ең алдымен визалық режим және көші-қон мәселелерімен танысып алған жөн. 
    • Қазақстан климатының шұғыл-континенталды екенін ескеру керек. Кей өңірлерде жаз мезгілінде ауа температурасы +40-50 градусқа дейін жетсе, қыс айларында -40 градус шамасында суық болады. Наурыз айында оңтүстік жасыл желекке бөленіп, гүлдер құлпырып, жайма-шуақ ауа-райы орнаса, солтүстік пен солтүстік-шығыста қалың қар жатады. Сапарға жыл мезгілі мен бара жатқан өңірдің ерекшеліктерін назарға ала отырып алдын-ала дайындалған жөн. Дұрыс таңдалған киім-кешек саяхатыңыздың жайлы өтуіне жағдай жасайды.
    • Ыңғайлы аяқ-киім таңдаңыз. Елімізде қызықты серуен құруға болатын әдемі парктер мен саяжолдар өте көп. Сондықтан, шақырымдап жаяу жүруге тура келетіндіктен, жайлы аяқ-киім таңдау саяхатыңыздың ең маңызды мәселесі болмақ.
    • Қазақстандықтар әрдайым көмек қолын созуға дайын, ашық-жарқын, қонақжай халық екені бәрімізге мәлім. Сондықтан кез-келген адамға сұрақ-сауалдарыңызды еш қысылмай қоя аласыз. Сізге қуана-қуана жәрдемдеседі.
    • Қазақ тілімен қатар елімізде орыс тілі де мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Соған орай, орыс тілінде жиі қолданылатын сөз орамдарын жаттап алғаныңыз дұрыс, бұл сәлемдесу, сұрақтар мен жол нұсқаулықтарда кездесетін сөздер болуы мүмкін. Саяхатыңыз барысында мұның да үлкен септігі тиеді.
    • Көп жағдайда шағын дүкендер мен кішігірім дәмханаларда төлем қабылдау терминалдары болмайды, сол себепті өзіңізбен бірге қолма-қол ақша ұстап жүрген жөн.
    • Қазақстанға шет елден келсеңіз, бірден жергілікті ұялы байланыс операторларының SIM-картасын сатып алуға кеңес береміз. Оларды дүкендерде, және туристерге арналған смарт карталар (мысалы CityPASS) жиынтығында таба аласыз.
    • Қалаларда тексерілген такси қызметін қолданған қауіпсіз, әрі өте ыңғайлы. Ауылды елді мекендерде жүргізушілермен жеке келісуіңізге тура келеді, тек алдын ала өзге жүргізушілердің ұсынған бағасымен салыстырып, саудаласып көрсеңіз де болады.
    • Егер вегетариандық тамақтанудың жақтасы болсаңыз, өзіңіз тұтынатын тағамдамдарды бірден тауып алу қиынға соғады. Дегенмен, соңғы жылдары елімізде суперфуд, өсімдік сүті, тофу сияқты өнімдер сатылатын мамандандырылған дүкендер көптеп ашылуда.
    • Қазақстан бойынша мотоциклмен немесе автокөлікпен саяхаттауды жоспарласаңыз, елді мекендедің арасы алшақ, жанармай құю бекеттері қаладан тыс жерлерде сирек кездесетінін естен шығармаңыз. Жолға қосымша жанармай толтырылған канистраны қамдап қойғаныңыз дұрыс.

    Мақаланы әзірлеудегі көмегі үшін саяхатшылар Тимур Артюхин, Мағжан Сағымбаев, Нұржан Алғашевқа алғыс білдіреміз.

    Оқиғаларға ұқсас блогтар