Шетелдіктердің Қазақстандағы ең танымал туристік орындар туралы пікірлері

Шетелдіктердің Қазақстандағы ең танымал туристік орындар туралы пікірлері

Белсенді демалысТабиғатҚалалар

Шетелдіктердің Қазақстандағы ең сүйікті орындары жайында пікірлері

Француз, британиялық, түрік және италиялық әйел Қазақстан бойынша сапарларынан алған тәжірибелерімен және әсерлерімен бөлісті. Неліктен олар Бурабай, Тараз және Алматы қалаларына ғашық және де жаңа мекендерде орын алған оқиғалар.

Себастьян Винке 46 жаста, туған қаласы – Лилль, Франция, бас кондитер

Қазақстанға, мен, 1998 жылдың желтоқсан айында келдім. Мені жаңа ашылған кондитерлік дүкенге бас кондитер лауазымына шақырған. Қазақстанның өз экзотикасы бар, ал Алматы таулары мен атмосферасымен тартады. Алматы онша үлкен емес, бірақ жап-жасыл. Мұнда саябақтар көп әрі әр кезде таза. Сонымен бірге, мұндағы түнгі өмір зеріктіретін емес. Демалыс күндері қала белсенді және жас.

Негізінен, Алматы тауларына көп сапарға шығатынмын. Мен Шарын шатқалында, Алтынемел ұлттық саябағында болдым. Жиі-жиі турларға белесебетпен аттанатынмын. Маған өте ұнады, бірақ, таңғаларлық та болды, өйткені мен мұнда он жылдай тұрдым, ал бұл жерлерді енді-енді өзім үшін аштым.

Қазақстанда, мен, Алматы, Тараз, Бурабай және де Балқашта болдым. Тараз маған бәрінен де қатты ұнады. Ол жерде күзде болдым: ауа-райы жылы болып тұрғанда ағаштардың түс өзгеруіне көз салып қарау көрікті еді. Таразда өмір сүру екпіні, Астанаға қарағанда, баяу, сол үшін де ол қаланы жақсы көрем. Адамдар тым жұмысбасты емес, өздерін бос ұстайды. Оған қоса, Таразда айналысуға болатын шаралар да, баруға болатын орындар да мол: мейрамханалар, дәмханалар, театрлер. Біз киноға бардық, мұражайда болдық, жаңа мәдени орталықты қарап шықтық, және де, әрине, Тараздың әйгілі тарихи орындарына да барып қайттық. Себебі, білетінімдей, Тараз қала ретінде де, басқа көптеген жағдайларға да байланысты тарихта ерекше орынға ие.

Селим Олмез 37 жаста, туған қаласы –Анкара, Түркия, қонақ үйдің маркетинг департаментінің директоры

Мен Қазақстанға 2016 жылдың қыркүйек айының ортасында келдім. Қонақ үй бизнесінде жұмыс істеймін. Бұрын мұнда ешқашан болған емеспін, алайда, көшкен соң Қазақстанның дерлік бүкіл жерін аралап шықтым. Бір Алматыда-ақ 10-15 реттей болдым. Оған қоса, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Бурабай, Қарағанды және Шымкент қалаларын көріп шықтым. Бұл қалалардың барлығы да ұнады, бірақ, әдетте, менде сапар шегуге уақыт жоқ, сондықтан да аз уақыт ішінде қалаған орныма жету мен үшін өте маңызды. Осылайша, Астанаға жақын орналасқан Бурабай мен Қарағандыға сүйсіне жолға шығамын. Бурабай маған аса қатты жылы, өйткені, ол өз елімді, Түркияны есіме алғызады.

Мен өз автокөлігіммен көп саяхаттаймын, себебі Қазақстан бойынша көлікпен жүру өте ұнайды, бірақ Қарағандыға екі рет пойызбен жеттім.

Осы жерлерді тағы да көргім келеді, жанға жағымды орындардың ғажайып сұлулығынан тағы бір рет рақатқа бөленгім келеді.

Грация Анелли, туған қаласы – Бари, Италия, итальян тілінің мұғалімі

Тұңғыш рет Қазақстанға ЕХРО павильонында жұмыс істеу үшін бір жыл бұрын келдім. Ол кезде студент едім, сол үшін Италияға қайтуға мәжбүр болдым. Қазақстанда маған ұнады, сондықтан осында италиян тілінің мұғалімі ретінде қайта оралдым.

Астана қаласында тұрып жатқан бойда Бурабайға барып қайтуға үлгердім. Алматыда тұрып жатқанда бірнеше рет тауларға шықтым. Шымбұлақта, Көкжайлауда болдым, Үлкен Алматы көліне де барып келдім. Менің соңғы сапарым Шарын шатқалын, Көлсай және Қайыңды көлдерін қамтыды. Бұл орындар туралы достарым айтқан. Осындай турларды ұйымдастыратын компаниялардың жарнамасын көрдім де, достарымды шақырып, сол турлардан біреуіне сапар шектік.

Шарын мен Көлсайға автобуспен, ал Көкжайлауға жаяу жеттік. Тым еліктірер еді!

Көлсай мен Қайыңды барлығынан да аса қатты ұнады. Өйткені, ол жақта көптеген сауықтыру шаралары болды. Біз қайықпен суда жүздік, алғаш рет атқа мініп те көрдім. Өте тамаша болды! Бұрын бұл жануарларға назар аудармайтынмын, ал қазір, қандай ғажайып екендерін түсіне бастадым.

Мен онша спортқа құмар жан емеспін, сол себептен тек бірінші көлге ғана шығуға күшім жетті. Ол жақта, ешбір жерде дәмхана, мейрамханалар және де басқалардың жоқтығын байқадым. Бұл мекендерді ешкім де бұзып, бірдеңелер салып жатқан кісілердің жоқ екеніне қуандым. Бұл – табиғатқа деген қамқорлық. Бұл – өте тамаша, ал табиғат өте көрікті, алайда, Италия табиғатынан ерекшеленеді. Қазақстан кең әрі адам қол тигізбеген табиғатқа да ие.

Көлдерде болған кезде қонақ үйлерде тоқтадық, мұнда бізге дәмді ұлттық тағамдар дайындалды. Өмірімдегі ең тәтті сүттің дәмін таттым. Негізінде, мен, сүт ішпейтінмін, бірақ нағыз, жаңа сауылған сүт дәмін татқым келді. Еш өкінген жоқпын!

Мен, мүмкіндік пайда болған кезде, осында міндетті түрде қайтып келемін. Алматы таулары қызықты сапарларға шабыттандырады.

Joe Scott(Джо Скотт) туған қаласы - Манчестер, Ұлыбритания, 30 жас, ән-күй мұғалімі

Мен Астанада жеті жылдай тұрамын. Осында тұрған маған қатты ұнайды, бұл – менің сүйікті қалаларымның бірі. Менің алғаш алған әсерім: күн шуақты көрікті ғимараттар, маған қаланың симметриялы түрде салынғаны ұнады. Мұнда қалағаныңды таба аласын: көліктер, таза саябақтар, ол жерде адамдар шөпте отырып, гимнастикамен айналысады.

Менің жұбайым – қазақ, оның туған мекені Тараз, сондықтан ол жерде туыстарымыз бар. Жаңа "Нұрлы Жол" вокзалынан ол жаққа пойызбен сапарға шықтық. Вокзал таңғаларлық және Қазақстанның әрбір жеріне жол жүруге бастау үшін фантастикалық орын. Қазақстанда пойызбен серуендеуден ляззат алдым, өйткені, бұл – пойызбен жүріп, көршіңмен әңгіме-дүкен құру – мен үшін жақсы тәжірибе. Өз хикаяларымен бөлісетін және өзім сияқты келуді күтіп отырған жандарды кездестіру көңіл сүйсіндірерлік.

Менің ата-анам Ұлыбританиядан ұшып келгенде, Қазақстан бойынша өз саяхаттарын да вокзалдан бастаған болатын. Олар тек ғимараттан емес, мейрімділік, адамгершілік танытқан, ағылшын тілін жақсы меңгерген жұмысшылардан таң қалған.

Таразға, біз, жұбайымның нағашы ағасының тойына бардық. Той жігіт жағында болды, сол үшін қалыңдық жаққа біз құрметті қонақтар болдық. Әрине, қалыңдық туыстары жігіт жақтың туыстарын көрмеген. Сол себептен кіммен кездескенімізді де толық білген жоқпыз. Біз тойға үлкен мейрамханалық кешенге келдік, ішіне кірдік, адамдар бізге шоколад пен бауырсақ беріп, сүйіп қарсы алды. Назарда болу – бізге қатты ұнады. Содан соң адасып, басқа тойға кіріп келгенімізді түсіндік. Кешенде бірнеше банкет залдары болды, сондықтан да оңай қателесіп кеттік, алған тәттілерімізді қайтарып, кешірім сұрап, дұрыс залды іздеуге тура келді.

Оған қоса, Таразда мектепке соғып кетуге және ол жерде сабақ беруге мүмкіндігім болды. Олар меннен Ұлыбританияда сабақ оқу қалай екенін сұрады, өте қызыққан сияқты көрінді. Олармен өз тәжірибеммен бөлісу қызықты болды. Қазақ мектебінде тұңғыш рет болдым, ондағы тәртіпке, балалардың құлақ салып тыңдауларына және ағылшын тілін үйрету стандарттарына таң қалдым.

Таразға міндетті түрде қайта келемін.

Джо Скотт Англиядан
Джо Скотт Англиядан

Add your photo

Choose one or more photo

Similar publications