menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақстанда автокөлікпен саяхат жасауға арналған үздік 5 орын

  • Белсенді демалыс

Қазақстанда саяхаттауға аттану үшін жай ғана автокөлікке отыру жеткілікті.

Қазақстанда саяхаттауға аттану үшін жай ғана автокөлікке отыру жеткілікті. Ол үшін бізде барлық жағдайлар бар. Саяхатты бірнеше сағаттан көптеген күндерге дейін өткізуге болады, ол өзіңізде бар бос уақытқа байланысты. Саяхатшылар және туризм саласындағы мамандар автокөлікпен жетуге болатын Қазақстандағы қызықты орындардың үздігін ұсынды.

Саяхатшы – Нұржан Алгашов

Баянауыл ұлттық саябағы

Екібастұз қаласынан саябаққа дейін 100 шақырым. Баянауыл – таулар бойымен серуендеуге, құзға шығуға және жүзуге болатын Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі. Көбісі Жасыбай көлін жақсы көреді, ол таза әрі әйнектей мөп-мөлдір, жағасынан таңғажайып көрініс ашылады. Саябақтың негізгі көз тартарлық жерлері – "қасиетті үңгір", «тасты бас», «ер намысы» тасы. Оған қоса туристік базалар және демалыс орындары да бар. Кемпингке құмар жандар лагерь және шатырлы қалашықтарды құру үшін орындар таба алады.

Баянауыл, Ақбет тауы

Түркістан

Арыстан баб кесенесін және Отырар қалашығын, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Күлтөбе-Яссы қалашығын, Гаухар ана кесенесін, Қылует жер асты мешітін – бұл орындардың барлығын көріп-қайтуға болатын Қазақстанның ерекше орны – Түркістан. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қажылық жыл бойы тоқталмайды, сондықтан бұл орынды екінші Мекка деп те атайды.

Ақмешіт үңгірі

Ақмешіт үңгірі – тереңдігі 150 метр, ені 65 метр және биіктігі 30 метрге дейін жететін үлкен құжыра. 40 шақты ағаштардан тұратын шоқ – бұл орынның ерекшелігі. Мұнда жыл бойы температура өзгермейді. Оған қоса, сыртқы әлемге ашылатын панорама киіз үйдің шаңырағын еске салады. Жол бойында Бәйдібек ойпатын, Домалақ ана, Бәйдібек ата және Қос ана кесенелерін көруге мүмкіндік болады.

Турагенттіктің иесі – Галия Менсиитова

Ашық аспан астындағы мұражай

Мұражай Астана қаласынан 160 шақырым жерде, Ерейментау жақта орналасқан. Ішінде біздің дәуірімізге дейін IV-V ғасырлардың тас мүсіндері және қорымдары орналасқан. Негізінде, олар жауынгерлердің немесе тайпа басшыларының қорымдарында тұрды. Сондай-ақ, олар құрбандық шалу орындары ретінде болды. Ол жақта тастардан жасалған мұртты қорғандар және «Балбал тас» деп аталатын тас мүсіндері де бар. Олар әр түрлі өлшемді және әр түрлі заттармен, мысалы, қылышпен немесе құрбандық шалуға арналған тостағанмен болады. Ол жақтары Ұлы Жібек Жолының керуен жолдары өткен қоныс мекендері болып деп есептелінеді.

Сандықтау

Сандықтау Зерендіден кейін орналасқан. Жергілікті өлкетанушылар, негізінде, казактардың қоныстары орналасқан мекеннің тарихын баяндап береді. Аялдама жасап, олардың күнделікті тұрмыстарына, ұлттық киімдеріне қарап, ескі әуендерін тыңдауға болады. Жергілікті табиғат Бурабайды еске алғызады: үлкен қарағайлы ормандар, төбешіктер, жартастар, сонымен қатар, бұландарды, еліктерді, қабандарды және түлкілерді кездестіруге болады.

Биіктігі теңіз деңгейінен 784 метр жоғары Сандықтау тауларына шығуға болады. Тау астында нағыз таза суды ішуге болатын бұлақ бар.

Саяхаттауға құмарлардың клубының негізін қалаушы – Қанат Сагнаев

Сілеті су қоймасы және Бестөбе шатқалы

Сілеті – жер асты суларының қайнар көздерімен толтырылатын Қазақстандағы ең таза өзен. Сілеті ауылының қасында балық аулауға болатын бөгет бар Сілеті су қоймасы орналасқан. Ол жерден айтуға тұрарлықтай айбатты шатқалдарға таңғажайып көрініс ашылады. Олар су қоймасынан жоғарылау, Бестөбе мекенінен алыс емес жерде жайғасқан. Өзеннің сол жердегі жағалаулары құламалы, сондықтан қысқы уақытта ол жақ қауіпті екенін есте сақтау қажет.

Егер сол аумақтарға павлодар трассасымен жол тартатын болсаңыз, онда «Балбалы» тау мүсіндерін кездестіре аласыздар.

Зеренді ауылының қасындағы сарқырама және көл

Астанадан 300-330 шақырымды жерлерде Теңгір тайпаларының қорымдарын және сарқыраманы көруге болады. Сарқырамаға мамырда немесе маусымның басында барған жөн, өйткені ол уақытта ол суға толы.

Продакшн-студияның директоры – Максим Левитин

Катонқарағай ұлттық саябағы, Мұзтаудың тау етегі, Марқакөл көлі және Қаракөл (Язевое көлі)

Шығыс Қазақстан облысында міндетті түрде Катонқарағай ұлттық саябағын, Мұзтаудың тау етегін, Марқакөл көлін, Қаракөлді (Язевое көлі) және Көккөл сарқырамасын қарап қайтыңыз. Бұл аймақтан Мұзтауға көрікті көрініс ашылады. Табиғат бұл жерде ерекше бір атмосфера жасап, ешбір жанды енжар қалдырмайды. Сонымен бірге, Батыс Алтайды да қарап кетіңіз. Мұнда Қара Оба өзенінің табиғатына сүйсінуге болады: Қазақстан үшін өзгеше орманды массивтерге, өзендерге, жануарларға бай әлемге. Бұл аймақта қар кеш еріп, ерте түседі, сол себепті, мұнда тамыздың соңына қарай келген дұрыс.

Жоңғар Алатауы

Мен, сіздерге Жоңғар Алатауын және Тастау жотасын келіп-қарауға ұсынамын. Мұнда жабайы жануарларды тіршілік ету ортасында кездестіруге болады: маралдарды, аюларды және тау ешкілерін.

Міне, енді сіздер Қазақстанда автокөлікпен саяхат жасауға қолайлы орындар жайында білесіздер. Жанға жағымды сапарды және жеңіл жолды тілейміз!