menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Альфред Брем - "Жануарлар тіршілігінің" авторы

  • Табиғат
  • Мәдени мұра
  • Көшпелі мәдениет

Альфред Бремнің "қазақстан далалары және оны мекендеушілері" жайлы очерктерін жанрдың ең таңдаулы туындыларына жатқызуға болады

Мен, Қазақстанда болған ұлы неміс географы Александр Гумбольдт жайлы сөз айтқан болатынмын. Бұл 1829 жылы орын алды. Ал 1876 жылдыңкөктемінде далалық жерлерде тағы бір әйгілі неміс натуралисті, "Жануарлар тіршілігі" зоологиялық бестселлердің авторы – Альфред Брем пайда болды.

Далалық жерлердегіөзгерістер

Жарты ғасыр ішінде Ішкі Азияның бұл бөлігінде ғажайыпөзгерістер орын алды. Барлық жерлер Ресей Империясының құрамына кірді, осылайша, ол жерлер бойынша саяхаттар экстремалдылығын жоғалтып, қарапайымтрактирлер, қонақтарға арналған орындарыбар бекеттер мен станциялар арқылы «пошта таситын даңғыл жолы» бойымен көңілсізсапарларға айналды. Алайда, бұл жерлер, еуропалықтұрғыдан әлі де аз зерттелген және экзотикалық болып қалған, сондықтанда қаражат пен күш жұмсауға әлі де еліктірерлік. Қарапайым инфрақұрылымның пайдаболғанына қарамастан, далалық жерлерде қашықтықтар азаймады. Күрт континенталдыауа райы да өзгерген жоқ.

Немістердің Сібір мен Қазақстан бойынша сапарлары экспедиция сияқты еді. Негізінде, тура солай болды. Бірақ, орын ауыстыру сипатына қарай бұл сапарды толық құнды ғылыми туризмжанрына жатқызуға болады.

Серіктері және жолсеріктері

Альфред Брем (1829-1884) Бремендік географиялыққоғамның қолдауымен жабдықталып және граф Карл фон Вальдбург-Цейль-Траухбургтіңқол астында ұйымдастырылған экспедицияның негізгі де емес, жалғыз да емесқатысушысы болды. Ормандық және ауыл шаруашылық академиясында және Лейпцигскийуниверситетінде дәріс оқыған ғалым, графтың өзі гербарий жинауларына қатысып, сәт түскен кезде жетекшілік етті.

Экспедицияның ресми жетекшісі – Тынық мұхитыныңаралдарында тотықұстарды көпжылдық зерттеулерімен танымал болған, тағы бір көзгетүскен зоолог Отто Финш (1839-1917) саналды. Ал экспедицияны 20000 маркамен қаржыландырған әйгілі орыс көпес-меценат Александр Сибиряков болды.

Сол кездегі Семей облысының губернаторы болған –мәртебелі өлкетанушы және Ішкі Азияны зерттеуші Владимир Полторацкий даэкспедиция құрамында болды. Ол, география мен этнографиядағы жұмыстарының арқасындағылыми ортада танымал болған жұбайы-Любовь Полторацкаямен немістерге «өз»облысының шекарасында серік болды.

Бағыт. Дала, дала... айналаның барлығы да дала!

Заманауи Қазақстанның аумағы бойынша бағыт сол кездегіекі облыс шекарасында өтті – Семей және Жетісу. Алтай, Зайсан, Тарбағатай,Алакөл, Жоңғар Алатауы. Лепсинсктен әрі қарай Брем барған жоқ.

Жол жүрілген шақырымдардың барлығы далалық аймақтардықамтыды. Бірақ, жақыннан қарағанда далалар Германиядан көрінгендей біркелкіболған емес. Көрінген даланың және ландшафтың бейнелерін туған жерінде қалғанбейнелерімен салыстыра отырып, Брем келесідей жазған:

«Даланың ғажайып жәнесәулетті пейзаждардан айырылған деп тұжырымдау әділетсіз болар еді.Солтүстік германиялық жызықтар, далаларға қарағанда, солғын және біркелкі... Даланыңөсімдіктер дүниесі алуан түрлерге, ақиқатқа көз салмай, мен және басқаларойлағаннан, өте бай».

Немістерге мезгіл маусымымен сәті түсті. Далалықжердегі көктем жергілікті тұрғындарын сирек кезде немқұрайлы қалдыраса,қонақтар туралы не айтсақ болар:

"Көктем тропикалық елдерде қуаттырақ көрінуі мүмкін, бірақ ешқайда да ол далалы жерлердегідей мұндай керемет әсертудырмайды ... ол мұнда жазда да, күзде де және қыста да жалғыз... Өсімдіктермен қатар көктем даланың жануарларын да оятады ... Оған тән жануарлардың біраз түрлері көптігімен көзге түсіп, әр жақта пайда бола бастайды!"

Натуралисттердің сапар дәуірімен де жолы болды. XIX ғасырдың соңында Қазақстан табиғаты түрлі-түрлі жануарларға толы болды. "Жануарлар тіршілігі" авторына тән байқаулары:

"Біз 1876 жылдың 3-ші маусымында Алтай мен Зайсан көлі арасыннан, далалы жерлер бойымен жүріп өткенде... таң ертеде шамамен 15 құландай кездестірдік".

Экспедицияның қысқа уақытта сүтқоректілердің, қосмекенділердің (150 данасын) және балықтардың (400 данасын) соншалықты үлкен жинақтамасын жинағаны жайдан-жай емес. Ал, айырықша, Германияға алып кетілген құстардың 560 саны болды. Сонымен қатар ғалымдардың олжалары: мыңдаған жәндіктер, минералдар массалар, тау жыныстары, кеуіп қалған өсімдіктердің жапырақтары және тіпті қазақ түрғындарының кейбір тұрмыс заттары. Елге оралғанда осының барлығы көптеген көрмелердің экспонаттарына айналды. Біраз уақыттан соң олар еуропалық мұражайлардың жинақтамасын толықтырған (олар, мүмкін, әлі күнге дейін сақталуда!).

Брем қазақтар туралы: "Бейтарап бақылаушыға жағымды әсер"

Көшпенділердің ерікті өмірлерімен таң қалдырылған Альфред Брем табиғатты зерттеуден өз назарын адамдарға аудартатын. Оған дәлел оның көркем жазулары, мүмкін соншалықты құнды ғылыми мәлеметтерге емес, Семей және Жетісу аудандарындағы қазақстардың өмірлерінің жарқын сипаттарына толы.

Бремнің қазақтар (ол кездері қате "қырғыздар" деп аталғандар) жайындағы кейбір үзінділері:

"Қырғыздар - шабандоздардың нағыз халқы: жылқыларсыз оларды елестетуге де мүмкін емес; олар құлындарымен бірге өсіп, жылқыларымен дүниеден қайтқанға дейін бірге өмір сүрген."

"Қырғыз аңшысында батылдықпен төзімділік араласып келеді. Ол өз мүмкіндіктерін тек атпен жүруде ғана көрсетпей, аң іздеп, аң аулау өнерін де жайып салған."

"Дене еңбегінен артық қырғыз ой еңбегін бағалаған. Оның елгезек және өткір ойы үнемі тамақ талап ететін; ол жеңіл көңіл көтерумен қатар уақытты маңызды, түрлі шаралармен айналысып өткізгенді жақсы көреді."

"Мұндай адамдар ән айтушыларды және әңгіме баяндаушыларды аса құрметтейтіндерін оңай түсінуге болады. Өзара қарым-қатынаста олар бір-біріне тең болған - байлар және кедейлер, ақсүйектер және қарапайымдар, білімді және білімсіздер. Олардың үнді, бірақ қатаң тілдері... айырықша мәнерлі."

Күш және ептілік, аңшылықта және атпен жүрудегі оңтайлылық, ақындық қабілеті және ақыл сергектігі, далалық жерлер тудыратын тәуелсіздік және еркіндік сезімдері - осының барлығы қырғыздардың сыртқы келбетіне абырой және өзіне деген сенімділік қосады. Сондықтан ол, әсіресе оны жақынырақ танып-білгенде, бейтарап бақылаушыда жағымды әсер тудырады. Мұны мен өз басыммен сезіндім және де қырғыздармен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған орыстар да мұндай ой-пікірлерге ие."

Қазақтар Брем жайында: "Зор мұрын!"

Бізде қарама-қарсы ой-пікірді білу мүмкіндігі өте сирек кезде болады - сапар кейіпкерлері авторлар жайлы не ойлайды екен? Жергілікті тұрғындарға саяхаттанушылар қандай болып көрінеде? Брем жағдайында бос орындарды кішігірім толықтыруға болады, тура солай Владимир Проскурин жасады. Ол - Германияда тұрақтанған әйгілі қазақ өлкетанушысы. Оған сөз береміз:

"Өлке тұрғындарының есінде неміс аңшысы - "Үлкен неміс" немесе "Зор мұрын" аттарымен есте қалды. Брем өз мазмұндамаларында "далалы рапсодияларды" аударғанды ұнатқан, айналасында жиналған ауылдықтарға "Фаустты... " оқыған.

Брем мұрны тек ауыл адамдарында ғана әсер туғызбаған - өз уақытының Омск өлкетанушысы, Иван Словцовқа, тиесіл сипаттама:

"... Алып, шамамен қырық жеті жаста, шашы тік артқа таралған, жас діни шіркеуінің қызметкерінің шашына ұқсас дөңгелектеніп кесілген және алып, ерекше пішінді мұрнымен; жанды, энергиялы, әзілқой және қалжыңбас...".

Барлығы мұрнына неліктен соншалықты қызығып, жабысады?!

Эпилогтың орнына. Жан-тәннің өзгеруі.

Альфред Бремнің қазақстан далалары және оны мекендеушілері жайлы очерктерін жанрдың ең таңдаулы туындыларына жатқызуға болады. Бұлсүйсінерлік және романтикалық жолдарды, басында адамгершілікпен, саяси дұрыстылықпен және сәйкестікпен мүлде ерекшеленбеген адаммен жазылғанықызық екен. Оның тұңғыш "судандық" саяхатын еске түсірейік, мұнда жас неміс өзінің сүйікті бегемот терісінен жасалған қамшысымен айырылыспаған және оның көмегімен ол қара нәсілді африкандықтармен өз әңгімелеріне "дәлел келтіруге" жақсы көрген.

Бірақ, кім ескіні еске алады! Нағыз саяхаттар, әр жолы үйге қайтып оралғанда, адам әр жолы жаңа білімдер жүгімен және өзгерген жан-тәнңмен, жаңартылған және өзгерген күйде қайтып оралып келуімен өте маңызды. Ал егер бұл орындалмаса - ешқандай саяхаттың болмағанын білдіреді. Ол тек уақыттың, күштің және қаражаттың шығындалуы!