menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Алматыдағы музыкалық аспаптар мұражайы

  • Мәдени мұра
  • Көшпелі мәдениет
  • Қалалар

Мұндай сақтау орындарының аналаготары, тіпті, меломания – мәдениеттің ажырамас бөлігіне және мәдениеттілік белгісіне бұрынан бері айналған Еуропада да, аз.

Алматыдағы қазақ халық аспаптар мұражайыәлемдегі жалғыз мұражай.Мұндай сақтау орындарының аналаготары, тіпті, меломания – мәдениеттің ажырамас бөлігіне және мәдениеттілік белгісіне бұрынан бері айналған Еуропада да, аз. Бірақ музыка әлеміне кімнің көбірек тартылғаны әлі белгісіз: ноталы партитурасы бар шығармалар концерттерін тыңдауға келген талғампаз еуропалықтар ма, әлде сүйікті ақындарының жырын тыңдау үшін жүздеген шақырым жерден келген табиғи азиат-көшпенділер ме!

Құрылысы мен мазмұны

Мұражай Алматы қаласының тарихи орталығында, кезінде Верный қаласында ең танымал жергілікті сәулетші Андрей Зенков (қалалық рәміздердің бірі – Кафедралды православ шіркеуін салған) тұрғызған бұрынғы офицерлер үйінің ғимаратында орналасқан. Дегенмен, қазіргі заманғы көптеген қонақтарға, бұл керемет ағаш үй әуелден музыкалық мұраны мұқият сақтау үшін жоспарланғандай көрінеді. Шынында да, осы бір оюлы қобдиша мен оның ішіндегілерден басқа, үйлесімді және біртұтасты нәрсе табу қиын! Міне, шын мәнінде, нақты музыка қорапшасы!

Мұражайда Ұлы Дала тұрғындарының үздіксіз музыкалық шөлін қандырған барлық аспаптар жиналған. Онсыз да заттары көп емес көшпенділердің кез келген нәрсесінен әуен төгілетіндей еді. Мысалы - жылқының тұяқтары, өзгеше мега-кастаньеттер. Немесе, дала гуслиіне арнап тиек болған "асықтар". Немесе түйе шудасынан, жылқының қылынан және ешкінің ішегінен жасалған ішектер.

Қазақттардың музыкалық аспаптарының материалдары оларды қоршаған табиғаттың бөліктерінен алынған. Оларды жасаған шеберлердің атақтары орындаушылардан кем болмаған. Сондықтан Даланың өз Страдивари мен Гварнерийлері де болды. Еуропада оларды білмейтіні түсінікті, Еуропа өзінің маңыздылығы мен толыққандылығынан шектен сирек төмен түседі.

Хандар мен сұлтандардың қарсыластары

Ал, орындаушылар болса, дала иерархиясында хандармен және сұлтандармен бір қатарда тұрған! Еркіндікті жақсы көретін дала тұрғындарының билеушілердің қатал бұйрықтарына ма, әлде өз әншілерінің дауыстарына көбірек құлақ салғаны әлі белгісіз. Қандай жағдай болса да, өлгеннен кейінгі даңққа қарайтын болсақ, ұрпақтар бұрынғы басшылардың мазарларынан гөрі танымал әншілердің басына көбірек барады екен!

Жер бетіндегі патшалар ғана емес, Ажалдың өзі шебердің өнерлі қолынан және нәзік жан-дүниесінен төгілген әуенге елітіп, тоқтаған! Қобыздың ойынымен уақытты тоқтатып, тағдырды таң қалдырған, дала Орфейі –Қорқыт ататуралы аңыз таңғаларлық. Ол ойнап отырған кезде ажал оны бағындыра алмады. Бірақ, тағдырдың жазғаны орындалса да, Қорқыт ата аты өлген жоқ, ол әншілердің, орындаушылар және бақсылардың жебеушісіне айналып, өміре сүруін жалғастырды. Ал, оның үні зор, үстіңгі декасыз, көне виолончельге ұқсас дала аспабы, қобызының өзі–өзіндік бір құдайға айналды.

Мұражайға келушілер үшін ең тартымдылардың бірі–мемориалдық зал болып табылады, онда Біржан-сал, Жамбыл, Ықылас, Дина Нұрпейісова, немесе Ахмет Жұбанов сияқты шеберлердің үздіксіз серіктеріне айналған аспаптарының түпнұсқасы қойылған. Жинақтаманың жауһарларының бірі–ұлы Абай Құнанбайұлының үш ішекті домбырасы.

Өз Моцартымыз? Өзіміздікі де!

Қазақстанда қазақтар арасындағы танымал күйші, ақындар мен жыраулар әйгілігі мен даңқын Еуропадағы ұлы композиторлар мен орындаушылардың даңқымен салыстыруға болады.

Қазіргі заманғы талғампаз қазақтар іштарлы музыкалық «қостілге» ие. Олар тек әлемдік музыканы ғана емес, сонымен қатар өздерінің дәстүрлі, байырғы музыкаларын да бағалайды. Сол үшін де, осында, әрбір талантты Моцарттың сыңары бар.

Мысал? Мысалы – Дина Нұрпейісова – оның домбырасы мұражайда басқа раритеттермен бірге сақтауда тұр.

Моцарттың музыкалық таланты сәби кезінен көріне бастағы белгілі. Ал егер дәлірек айтар болсақ – үш жасында клавесинде ойнай білген, төрт жасында тек ойнап қана қоймай, өз жанынан туындылар жаза бастаған, ал жеті жасында Парижде жеке тиражбен шыққан сонаталардың авторы болған. Алайда, талант Азияда да талант, талғампаз Зальцбург қоғамының орнына – қатал көшпенділер, клавесин орнында – домбыра, сонатаның орнына – күй болса да мейлі. (Ал Вольфганг Амадей орнына – Дина.)

Дина қолына бір нәрсе ұстай алатын кезінен бастап, қолына домбыра алғаны белгілі, төрт жасында ол домбырада ойнап, әуендер таңдай бастаған, ал тоғыз жасында сүйікті аспабының құлағында ойнап, көпшілік көңілінен шықты. Моцарттың өмірбаянында негізгі рөлді оның әкесі – Леопольд ойнады, ал Динаның тағдырында – оның әкесі Кенже. Моцартқа сол кездегі еуропа музыкасының мэтрлері жол сілтеген болса, жас Динаға оқуды көптің бірі емес, дала музыкасының Бетховені, Құрманғазы атасы үйретті!

Таң қалу керек пе?

XVIII - XIX ғасырларда Ұлы далаға барған және зерттеген Қазақстан саяхатшылары мен зерттеушілері жазбаларында қазақтардың саздылығына қатысты сөздерге пікірлес болды. Филармониялық залдары мен театр үй-жайлары болмаса да, далалық тұрғындар музыканың нағыз білгірлері және бағалаушылары, әннің шынайы сүюшілері болды.

XIX ғасырдың басындағы қазақ тұрмысы туралы Филипп Назаровтың ең бірінші хабарламаларының бірінде былай делінген:

«Кешке жақын кей біреулері киіз үйлерге жақын домбыра үнін тартқан, ал жас қыздар болса, киіз үй керегесінің киізін түріп қойып, музыкаға ілесіп үн қосқан.»

Ежелгі Даладағы басқа саяхатшы, шығыстанушы Пётр Пашино жергілікті қауымдастықта «ауылдан ауылға барып, өмір бойы тек ән салумен құмар әншілердің ерекше түрін»ұсынатын кәсіби музыканттардың бар екенін атап өтті.

Оған қоса, оны өткен жүз жылдықтың тағы бір авторы Адольф Янушкевичбір әншінің ән айтқанының куәсі болып, оны былай сипаттайды: «не бар жеңілдікпен және шеберлікпен, батыл да шабыттанған үнімен бірнеше сағат бойы ән шырқайды... Суырып салып ән салып берілгенде, тыңдармандары мәз-мейрам құлақтарын салып тыңдап отыратын».

Дала халқының музыкалық ерекшеліктері туралы мұндай куәліктерден қалың кітап құрастыруға болады. Бүгінгі күні қазақтардың арасында әлемдік деңгейдегі көптеген әртістер мен жеңімпаздар бар, олар халықаралық музыка және ән конкурстарының жеңімпаздары. Сондықтан Алматының тарихи орталығында осындай бірегей мұражайдың болуы кездейсоқ нәрсе емес.