Ақсу шатқалы

Ақсу шатқалы

Табиғат

"Ақсу-Жабағылы" табиғат сүйгіштердің көңілін қалдырмайды.

Ақсу шатқалының түбінде болып көру үшін белгілі бір күш-жігер жұмсау керек. Біріншіден, "Ақсу-Жабағылы" қорығының қатаң басшылығына, сіздің, осы қорғалатын аумаққа шынымен де барып қайтуыңыздың маңыздылығын дәлелдеу қажет. Ал екіншіден, тік жарты шақырымдық беткей бойымен түсу қажет. Алайда, бұлсоның бәріне тұрарлық!

Қазақстанның аса ескі қорығы

"Ақсу-Жабағылы" қорығы сан жағынан алып қарағанда керемет. Ол–қазіргі кезде бар, республиканың ондаған мемлекеттік табиғи резерваттардың ішіндегілердің ең алғашқысы. Оны бекіту туралы қаулыны 1926 жылдың 14 шілдесінде Қазақ АКСР Халық Комиссарларының кеңесі (ол кезде Қазақстан РСФКР құрамындағы автономия болған) қабылдаған болатын. Сол мезетте бұл, бүкіл Орталық Азиядағы жалғыз қорық болатын!

Ал мұнда, Талас Алатауының және Оғам тау жоталарының арасынан, осы күнге дейін Батыс Тянь-Шаньнің өзге аудандарынан көруге мүмкіндік болмайтын, жануарлар мен өсімдіктерді кездестіруге болады. "Ақсу-Жабағылы" эндемиктер мен реликтілерге толы.

Ал, қорықтың қаратаулық палеонтологиялық анклавтары Жер бетінде көп заманнан бері кездестіре алмайтын түрлерді қорғаумен әлек. Сол, тақтатастардың жұқа қойнау қаттарында керемет сақталған, тіпті, динозаврлар дәуіренде жер бетін мекендеген, неше түрлі ұсақ мақұлықтардың бейнесі басылып қалған!

Ақсу шатқалы

Атауынан көрініп тұрғандай, екі өзеннің бірі болып келетін, Ақсу өзенінің айналасында қорықтық аумақ қалыптастырылған. Ал Ақсу өзенінің шатқалы–тек қорықтың ғана емес, сондай-ақ, күллі Қазақстанның басты көзге көрінерлік көрікті жерлерінің бірі. Бұл–жайдан-жай емес! "Ақсу-Жабағылыда" көптеген жылдар бойы еңбек еткен, қазақстандық зоологияның мэтрі, Анатолий Ковшарь, шатқалдың ерекшелігін осылай түсіндіреді:

"Қорықтың ең суы мол, Ақсу өзені тар иректеу көрікті сай-салада ағады. Оның Кіші-Ақсу өзенімен қосылғаннан сәттен кейін, аңғарының көріктігі бірегейлі. Мұнда, ол,ұзақтығы шамамен 30 шақырым және тереңдігі 500 м-ге дейін болатын, сатылықұлама қабырғалары бар, терең конгломераттық шатқал болып көрінеді. Шатқалдың жоғарғы шеттерінің арасындағы қашықтық 700-800 м-ден аспайды"

Ақсу шатқалын алғашқылардың бірі болып, 1908 жылы өзінің Түркістандық экспедициясы кезінде болған, орыс географы және топырақтанушысы, Семён Неуструев(1874 – 1928) зерттеген. Бұл, ерекше табиғи объектіге барып қайтудан алған әсерін, ол келесідей сипаттады:

"Мәрмәр құмнан аппақ болып келген, Ақсу өзенінің долы сулары шатқалдың түбімен ызылдап жылдамдықпен ағып жатыр және ешбір жан осы суды кешіп өтуге бел буа алмайды... Шатқалдың қабырғалары, әсіресе,жиірек сумен әбден жақсылап тегістелгенанағұрлым құлама болған жерлері бағандар түзеді, ал төмендегідомалақ қуыстар және шұңқырлар, әбден,сумен қағып жасалған."

Түркістанның ұлы ағашы

Өзімнен қосарым, шатқалдан алған әсермен қоса, оның құлама беткейлеріндегі ағаштар да таң қалдырады. Мұнда, сондай-ақ өткен геологиялық дәуірлерден бізге мұра болып қалған, аршаның ежелгі түрі де өседі.

Орта Азияда "арша" атауымен ежелден балғын аршаның ағаш тәріздес тұқымдары белгілі. Ағаш–жергілікті тарих пен мәдениетке дарақ. Осы, орманға бай емес өңір жағдайында, ол, ең құнды құрылыстық және әрлеу материал ретінде ежелден бері пайдаланылып келеді.

Оның құнды сүрегінен Түркістан шеберлері не жасамады десеңізші! Әдемілігі мен сәнділігі бойынша көркем Қоқанд пен Самарқанд сарайларының ойып жасалған есіктері (верещагиннің "Темірлан есіктерін" есіңізге түсіріңіз), Хиуа мен Бұхара мешіттерінің әсем және әр алуан (дара!) бағандары, ауқатты үйлердің терезелеріндегі панждар-торлары, сенімдік сандықтар–көшпенділердің "дала сейфтері". Тағы да көптеген небір ұсақ-түйектер: гаремнің бота көзді сұлулары өздерінің шаштарын тараған, хош иісті әсем, сәнді тарақтар, ең тақуалы молдалар бағалы Құранды оқу кезінде үстіне қойған сопылы-әсем сүйемелдер, бейтаныс құдыреттердің өмірінен кесіп оюланған паннолар...

Шөл дала арасында орналасқан елдерде ағаш судан да қымбат бағаланған, ал суретшінің қол ұшымен асылдандырылған арша, алтынға теңелген! Одан жасалған бұйымдар өз иелерінен де, батпақтан қаланған үйлерінен және берік, алдырмас қалаларынан да ұзақ жасағаны кездейсоқ емес. Жеңімпаз әскерлер өзге олжалармен қатар жаңа ғана қиралған үйінділерден аршадан жасалған есіктерді, бағандарды әкете берген.

Өзінің мәдени-тарихи мағынасы бойынша Батыс Тянь-Шаньнің тау аршалықтарын танымал ливан балқарағайлы ормандарға теңестіруге болатын, Месопотамияның, Шығыс Жерорта теңізінің, Мысыр өркениеттерінің ерте тарихында соншалықты терең із қалдырған ағаш. Бірақ, Жердің сонау алғашқы әдеби кейіпкері "урук"Гильгамешағаш құлату жерінде еңбектенген жердегі Ливанның балқарағай ормандары ежелден бері аңыз-дастанның дәулеті болып келеді. Ал, Талас Алатауының аршалықтары осы күнге дейін сақталды. Міне, олар, жергілікті таулардың шатқалдары мен жоталары бойымен ағаштардың күңгірт қылқанымен тікірейіп тұр.

Шыңғысханның замандасына қол ұшын жеткіз!

Қазақстанда өсетін ағаштардың арасынан көбірек тіршілік ететін түр іздесек, онда анағұрлым ұзақ жасайтын аршада бәсекелесі табыла қоймас. Осылайша, 1981 жылы жарық көрген "Қазақстанның сирек және құнды өсімдіктері" кітапшасының авторлары, аршаның кейбір дараларың 1500 жылдық жасқа дейін өмір сүре алатыны деп пайымдайды. Республиканың ең білімді маман-ботаниктердің бірі Анна Иващенко (ол да, демекші, "Ақсу-Жабағылыда" жұмыс істеген), "Қазақстанның өсімдік дүниесі" заманауи энциклопедияда анағұрлым қарапайым сандарды келтіреді (800-1000 жыл), бірақ, мұның өзі бәрі бір де абыройлы естілетінімен келісу қажет!

Теориялық тұрғыда аршамен елде өсетін тағы екі ағаш та бәсекелесе алады, олар–сібір сағызқарағайы және емен–осы патриархтардың үзінділі-шетті таралу аймағы оларға аумағымыздағы осындай негіздемелі позицияларды бермейді. Бірақ арша–бәсекеден тыс.

Сол бір нақты рекордшыға, ең ежелгі патриархқа келер болсақ, оның "аты бізге белгісіз". Іздеу шекарасын ғана сенімділікпен көрсетуге болады, ол Оңтүстік Қазақстандағы жартылай шар тәріздес және зеравшан аршасынан құрылған таулы биік діңгекті ормандар. Нақтырақ айтқанда, мұнда, Талас Алатауында Ақсу өзенінің адам өтпес шатқалдары мен беткейлерінің шекарасында.

Қорықта аршаның көп түрлері "1000 жыл жасағанға" ұқсайды. Сондықтан болар, осындай құрметті қарияға жақындай келу–белгілі құпияға қол ұшын тигізу. Ағаштың есі бар ма, әлде жоқ па, ол бізге соншалықты маңызды да емес. Бастысы, біздің есіміз бар. Ағаш "есінің" айналасында не болғанын барлығын есімізде сақтаймыз!

"Ақсу-Жабағылы" табиғат сүйгіштердің көңілін қалдырмайды

Бірақ, шексіздік туралы ойламасақ та, аршалы ормандардағы серуендер бәрі бір салдарсыз қалмайды. Тамырлы патриархтар өзінен сезілмелі оң қуат шашатын секілді. Айналадағы ауа сергітетін энергиямен және ұзақ жасаушылардың сау аясымен әбден қаныққан. Қалауынша, олардың қатты бұтақтарына мен кенет жұмсақ қылқандарына қол ұшын тигізуге болады.

...Жер бетінің жүздеген және мыңдаған табиғи резерваттардың арасында жоғалып кетпенген Ақсу-Жабағылы қорығы, жасы 90-нан асқанына қарамастан, жабайы табиғат қалдықтарын мәдени ұрпақтарынан қорғаудың асыл ісімен айналысады. Қатаң мәртебесіне қарамастан, қорыққа кіру жолы толықтай жабылмаған–барлық қалаушылар Батыс Тянь-Шаньнің қол жетпеген қалыптағы түрлерін резерваттың кіруге ашық бөлігіндегі туристтік жолдардың бірінің бойымен серуендей (келісіп және төлем жүргізгенненкейін, әрине) тамашалай алады. Осындай серуендер үшін көптеген алыс елдерден жабайы табиғатты қадірлейтіндер келіп жатады.

Қадірлеушілер көңіл қалдырып, қайтып кетпейді!

Similar publications