menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Алтынемел інжуі

  • Табиғат
  • Белсенді демалыс

Қазақстан Республикасынан тыс, алыстағы таң қаларлық жаратылыстарға құмар шетелдіктерге кеңінен танымал тамаша табиғи объект

Қазақстанда шөл далалардың саны көп болса да, бізде сонау көкжиекке дейін созылған жансыз құмдардың классикалық алқаптары жоқ. Алайда, алтын шымырлаған дірілімен безендірілген барқандардың көркем қатарлары бар хрестоматиялық учаскелерді қиналмай-ақ, Арал маңындағы Қарақұмнан да, Қызылқұмнан да, және Мойынқұмнан да, Тауқұмнан және Сарыесік-Атырау мен біздің шөлді белдеуіміздің барлық жерінен табуға болады. Қазақстанда барқан көп, бірақ тек бір ғана Барқанбиіктігі жүз метрден асатын және ұзындығы бірнеше шақырымға созылған, Іле өзенінің оң жағалауындағы таза құмнан үйілген тау. Республикадан тыс, алыстағы таң қаларлық жаратылыстарға құмар шетелдіктерге кеңінен танымал тамаша табиғи объект. Өзінің меншікті аты бар, сирек кездесетін ескерткіш.

Ән айтатын барқан!

1956-шы жыл. Педальдарды айналдыр!

Бұл Кіші және Үлкен Қалқанның екі тасты шоқылардың арасында, Іле құмынан желмен жасалған, әсерлі құмды тау, өзіне туристтерді сонау кеңес уақытында еліктірген. Сол жылдары мұнда жету оңай болған жоқ. 1956 жылы "Қазақстан" баспасымен шығарылған, Александр Берггриннің "Ән айтатын барқанға" брошюрасынан әйгілі вело-бағдардың қызықтырар сипаттамасы:

"Ән айтатын барқанға кеңінен қол жетімді және қиындық әкелмейтін велосипед теуіп саяхаттау үлкен қызығушылық тудырды. Келесі айналма бағдарды ұсынамыз: АлматыШілік ауылыАяқ-Қалқан шипажайыӘн айтатын барқанТайғақ шатқалы (Шолақ тау)Шеңгелді кентіАлматы. Оның ұзындығы 435 шақырымға тең.

...Бағдар 9 күнге есептелген және "КСРО туристі" белгісіне ие болуға мүмкіндік беретін, велосипедпен саяхаттау қиындығының бірінші категориясына толықтай сәйкес келеді. Осы бағдар бойынша жол сапарларын маусым мен қазан айлары аралығында жасауға болады. "

Бүгінгі вело-туристке осы жолдардан, бір қарағаннан, оңай болып көрінетін саяхаттың соншалықты жеңіл болмағанын айта кету керек. Сол дәуірдің бір жылдамдықты вело-агрегаттарының тақуалық қарапайымдылығын, элементарлы экипировканың жоқтығын, бағдардың кезікпе дүкендерге кедейлігін, қатысушылардың сыртқы әлеммен байланыссыздығын (телефондар-тек ірі елді мекендерде), жолсыздық пен ...алдындағы толық белгісіздікті ескеру қажет. Саяхаттаушылардың жолындағы "орнында болмай қалатын", және, әрине, ешкім алдын ала ескертпеген, әлдеқандай бір бакеншінің көзге көрінбес көмегіне медет қылып, әжептәуір үлкен Іле өзені (ені 200 метр) арқылы өту күтіп тұрғанын айта кету жеткілікті.

Бірақ, соғыстан кейінгі жылдары қиындықтарды қорықпаған және оларға философиялық тұрғыдан қараған. Оған қоса, олардың барлығы бүкіл Одаққа белгілі, табиғат таңғажайыбын көру мүмкіндігінің артығымен өтелетін. Дегенмен, тек көру мүмкінділігімен ғана емес!

Бір рет көрген жақсы ма? Әлде тыңдаған жақсы ма?

Иә, алдымызда көру мүмкіндігі әлі түңілуге кепілдік бермейтін сәттің бірі. Себебі, сол кезде-ақ, қиындықты жеңіп, Барқанға жеткендер салыстырмалы ыңғайлы жағдайда бүгінгі күні де жетіп, аса қадірлі - Ән айтатын барқанды тек көріп қана қоймай, тыңдау үшін де, жолға шығады. Бүкілхалықтық даңқы жайылған, табиғатының сол бір құпия асыл қасиетін өз құлағымен естіп сезіну.

Ән айтатын барқан–көшедегі музыкант емес. Оның әнін тыңдау үшін, жай ғана керек жерде болу жеткіліксіз, әрі, сол жерде уақыттың қажетті сәтінде болу керек. Қазақстан табиғатын ең жалынды әйгілендірушілердің бірі– профессор-зоолог Павел Мариковский "Жетісу бойымен" еліктірер кітабында: "Неліктен құмды тау ән айтады?" - деп, өзіне-өзі сұрақ қойып, өзі жауап береді:

"Шығыс пен батыстан соғатын екі жел үнемі құмды тауға соғылады. Біресе біреуі келіп, төбеге қарай беткей бойымен жылдамдығын үдете түсіріп, соғып, өткір жотаның ық жағынан құмның үймегін үйіп қойса, екіншісі де тап солай істейді. Үйілген құмның үймегі біршама уақыт бойы тұрады да, содан кейін төменге қарай жолақ- жолақтап сырғи бастайды. Дәл осы уақытта Құмды Қалқанның дауыстап шыққан әні естіле бастайды. Міне, сондықтан да Қалқан, әдеттегідей, қатты соққан желден кейін ән айта бастайды, ал ұзақ уақытқа жалғасқан тымық кезеңдерде үнсіз қалады. Жаңбыр жауғаннан кейін де, тіпті жел соқса да, тау үнсіз қалады, себебі ылғалды құм қимылсыз тұрып қалады. "

Әнсіз әрқайсысы қалуы мүмкін. Алайда, Ән айтатын Барқанға келушілер оның дауыс шымылдығын "ынталандырудың" дұрыс тәсілін біледі. Жоғарыда айтылған Берггрин брошюрасынан келтірілген қарапайым тәжірибелік кеңес:

"Ең жақсысы, бүкіл топпен құрғақ құмның қабаты қалың жерінен, беткей бойымен бірнеше қадам жасап жүгіріңіз де, секіріп қалыңыз. Сізге жауап ретінде, астыңыздағы тау үнсіз батып, бірқалыпты және сабырлы, бірақ күшейіп келе жатқан бәсең үннің гуілін естисіз; дыбыстың еліктіретіні сондай, бастапқыда, Сіз, тау дірілдеп және, өзіңізді де қоса кішігірім дірілдетіп жатқанын сезбей де қаласыз. "

2018 жыл. Әмияныңды ұмытпа.

Ән айтатын Барқанды қазіргі кезде көріп қайту қиын емес. Тек енді, ол–"Алтынемел" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың бір бөлігі екенін ескеру қажет. Ал бұл, бірқатар жеңілдіктер мен шектеулерге әкеледі. Шектеулер кіріп-шығу тәртібімен байланысты. Қазіргі кезе Барқанға келіп, кез келген жерге, шатыр тігіп жәберу бола қоймас. Қорғалатын аумаққа барлық кіру-шығу жолдары тек, Басшы кенті арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұнда, Саябақ кеңсесінде рұқсат беру қағаздары рәсімделетін (кесімді баға бойынша, әрине), кеңсе мен мұражай орналасқан.

Тура осында, Басшыда, қонатын жермен байланысты мәселелер де шешіледі. Дәстүрлі ауыл шаруашылықтан дәстүрлі емес туризмге бәіртіндеп ауысып бара жатқан кентте бүкіл керек-жарақтармен қамтамасыздандырылған заманауи қонақ үйлер бар және салынып та жатыр. Ал кент шетінде, шатыр тігіп және душқа түсуге болатын, нағыз туристтерге арналған кемпинг орналасқан.

Өзіңіздің көлігіңізбен "Шлагбаум артына" кіруіңізге мүмкіндік бар, алайда жолдардың ықтимал нұсқалары ресми бағдарлармен шектелген. Келіп-кету уақыты да–түнде Саябақ жабық.

Жылдың қай мезгілінде Ән айтатын Барқанды көріп қайту жақсырақ? Жоғарыда, мен "маусым-қазан" туралы айтылған цитатаны келтірген болатынмын. Осылайша, менің ойымша, Іле алқабына барып қайту үшін ең ықтимал уақыт, әйтсе де, көктем секілді. Сәуір мен мамыр айлары мұндағы тіршіліктің гүлдену және өмірдің еліру уақыты. Бірақ, күзгі уақыттың– қазанмен қарашаның да өзіндік ерекшелігі бар.

Егер, Сіз, желкем күні саяхатқа шыққалы жатсаңыз–көзілдірік алуды (ең тәуірі - "консервілер") ұмытпаңыз. Көзге түскен құм–барлық мүмкін естеліктердің арасындағы жақсысы емес. Сонымен бірге, жел тынышталған сәттерде қапшағайлық қамыстардың арасынан аяқ астынан бұлт болып төніп алатын, қансорғыш масалар секілді естеліктер. Сонымен қатар, репеллент те артық бола қоймас.

Теориялық тұрғыдан, Ән айтатын Барқанға Алматыдан барар бағдар бір күндік болуы мүмкін. Бірақ "әйтеуір барсам болды" деген нұсқа сапардан үлкен қуаныш әкелмейді, керісінше, аяқталмағандық сезім ұялатады. Оған қоса, "Алтынемелде" Барқаннан басқа да көруге тұрарлық (міндетті түрде көру қажет!) заттар баршылық.