Көшпенді үшін ең бағалы: қазақтардың 7 қазынасы

Көшпенді үшін ең бағалы: қазақтардың 7 қазынасы

Көшпелі мәдениетМәдени мұра

Қазақ халқының көзқарасында "жеті қазына" ұғымы айырықша орын алады

Таңбалар мен сандарға назар аудармауға, олардың адамдар тағдырларына әсер ететін күш туралы білмеуге де болады, бірақ одан олардың сиқырлы қасиеттері азаймайды. Уақыттың әр мезетінде көптеген халықтарда жеті саны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп есептелді. Жеті санымен діндерде, адамдардың нанымдарында, шеберлікте, ғылымда, тілде және мәдениетте көп нәрсе байланысты.

Жеті санының қатысуы бізді қоршап жатқан ортаның әрбір қадамында сезіледі. Әлемнің 7 кереметін, музыкада негізгі 7 ноталарын, кемпірқосақтың 7 түстерін, аптаның 7 күндерін және тағы басқаларын есіңізге алып көріңіз.

Қазақ халқында жеті санымен көптеген атаулар, нақыл сөздер (жеті ырыс, жеті жарғы, жеті ғалам, жеті ата) байланысқан.

Бірақ-та, қазақ халқының көзқарасында ерекше орын алатын ұғым – жеті қазына. Қазыналар ретінде халық нағыз ер адамның өмірінің жеті қажетті құраушыларын айтады: ержүрек жігіт, сұлу, ақылды әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық, білім. Қазыналардың жетеуі де бар болса, өмір толы және бақытты деген сөз.

Отбасы

Не себептен "Жеті қазынаның" бірінші құраушысы – «ержүрек жігіт»? Бұл, қазақтарда, көшпенді халықтарда отбасы басшысы әр кезде ер адам болғанмен түсіндіріледі. Ол – табыскер, отбасы асыраушысы, тұқым(ру) қорғаушысы болды. Ал әйел адамдар туралы келесідей сөз қылады: «Ақылды әйел – береке бар». Әйел адамның парызы – тек үй берекесін сақтамай, бүгін-бар, ертең-жоқ дегендей болмас үшін ер адамның «табысын» дұрыс, ақыл-оймен үлестіру. Сонымен қатар, балаларына әкесіне тұрарлықтай тәрбие беру – әйел адамның мойнында. Отбасы басшысы балаларға тәрбие бермейді, олар әрқашан жұмыста, жорықта, аң аулауда. Әйел адам балаларға әкесін қадірлеуге, оның әрекеттерін байқай отырып, оқып-үйренуге уағыздайды. Міне, сол үшін ару өмірлік серік «Жеті қазына» аңызына жүгініп, әйел ақылды болу керек. Міне-ки, бақыт – осында.

Демекші, үлкендердің өз ата-жұртыңды жеті атаға дейін міндетті түрде білуіңізге уағыздайтындары есіңізде ме? Міне-ки, тағыда жеті саны! Қазақтарда, бұл «Жеті ата – жазылмаған заңы» әлі де ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Дәстүрлі түрде қазақтар әрқашан да туыстар арасындағы некелерге қарсы болған. Ұрпақтар сау, генетикалық аурулардан алшақ болу үшін жеті атаға дейін ешкіммен сүйек жақындатуға болмайды. Бүгінгі күні бауырлар арасындағы некеде туылған балаларда ақыл-естің және де басқа да аурулардың пайда болу мүмкіндігі жоғары екені ғылыммен дәлелденген. Сол кездерден бастап-ақ, біздің ата-бабамыз интуициялық сезімге сүйеніп әрекеттер жасаған!

Жігіттің үш серігі

Көшпенді халықтың ұғымындағы үш қазына – жігіттің үш адал серіктері: жүйрік ат, тазы және аушы бүркіт. Сонау ерте замандарда ер адамдар өз қолымен не табар еді?Мысалыға, бүркіт сияқты табиғи аңшы қояндарды, түлкілерді, тіпті, қасқырларды да аулайтын.

Оған қоса, қазақтар бүркіт бар үйге жын-шайтандар жоламай өтетіндеріне сенімді болған. Сондықтан, бұл құстың қанаттарын, қауырсындарын, табандарын төрге немесе бесіктің бас жағына іліп қоятын. Қасиетті құс дуалаудан және көз тиюден сақтайды деп есептеп, тұмар етіп пайдаланған.

...Аң аулауда адал дос - тазы иті болған. Ырым бойынша тазының күшігі туылғанда үйге бақ-береке, байлық және бақыт келетін. Күшікті өмірге келгеннен бастап бағып-күткен, жаттықтырған, баулаған, ал дайын болған кезде аңға жіберген. Ит өзінің тұңғыш олжасын әкелген кез нағыз мейрам болып есетелді. Аушы құс пен тазыны және жүйрік атты үлкен тойларға, мерекелерге өздерімен бірге ертіп алатын – олар ер жігіттің нағыз абыройы болған.

Қазақтың ауыздан ауызға жеткізілетін халық шығармаларында ат – батырдың баға жетпес серігі. «Бір рет те атқа отырмаған адам - жігіт емес», - дейді халықта.

Жылқыны қолға үйретудің ықтимал аймақтары Орта Азия, әсіресе, Қазақстан екені саналатынын білдіңіз бе? Бүгіннің өзінде, сонау замандардағыдай, бұл жануарлар көшпелі халқы үшін соншалықты мағыналы болмаса да, Қазақстанда жылқыларды көп мөлшерде өсіріп бағады. Дала тұлпарлары еліміздің заманауи мәдениеттің мәдени мұрасының баға жетпес элементі болып қалады. Жылқылардың жергілікті қазақ тұқымы мұнда аса танымал.

Бұл тұқымның жануарлары бірегейлі: ат үстімен жүруде де, жүк тартуға да және ет-сүт өнімдері сияқты да. Қазақ тұқымды жылқылардың басты ерекшелігі – далалы жердегі өмір үшін қажетті төзімділігі, себебі жазы - ыстық, қысы - суық. Бұл, оның, жануардың жылдамдығы емес, төзімділігі басым болатын спорттық жарыстарға жарамдылығын да түсіндіреді.

«Жеті қазына» тізімін шайқаста соққыға бермейтін берен мылтық (көшпенділерде қылыш, садақ пен оқ, «қамшы-пышақ» және т.б.) және өмірде оң жол таңдауға, дұрыс шешімдер қабылдауға көмектесетін білім аяқтайды.

...Бүгінгі күні әрбір адам жеке тұлпарға, тазыға және бүркітке ие бола алмайтыны сөзсіз – өркениет, қаладағы өмір өз ережелеріне және тәртіптеріне мәжбүрлейді. Дегенмен, бұл салт-дәстүрлерді қастерлеушілер де бар! Көбіне олар әулиетінен бүркітшілер, аңшылар және шабандоздар. Олардың өздерінің, олардың бастамасының арқасында Қазақстанда да, аушы құстармен аң аулау кіретін спорт түрлерінің ұлттық Ассоциациясы әрекет етеді. Бүркітшілердің жиналыстары және фестивальдері, этно-фестивальдер, арт-симпозиумдар, атпен байланысты спорт түрлері де (бәйге, көкпар, қыз қуу),барлығы да олардың арқасында дамыған. Сонымен қатар, олардың арқасында әрбір тілек білдіруші қазақ халқының көшпелі өмірімен жанаса алады. Өз жаныңызға қайсысы жылырақ екенін анықтап, сапарға аттана аласыз!

Similar publications