menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қолөнер шеберлігі: Қазақстаннан естелікке не алуға болады?

  • Көшпелі мәдениет
  • Мәдени мұра

Сапарыңыз жайлы жылы естеліктерді сақтап, ойыңызға оралтар әсем де бірегей бұйымдар.

Кез келген саяхаттан кері қайтар кезде өзімізбен сол болған жерлерімізді еске салатын қандай да бір затты естелікке алып кеткіміз келеді. Тамаша өткізілген уақыт жайлы есімізге салатын айрықша бір зат алғымыз келеді. Негізінде тәжірибе көрсеткеніндей, біздің бастан кешкен оқиғаларымыз ерекше болса, сол сияқты "кәдесый" да айрықша болғанын қалаймыз.

Қазақстаннан өзіңмен естелікке не алуға болады? Егер, сіз мұнда жол-жөнекей болып, қазақ жерінің рухын сезініп үлгермесеңіз, ұсақ кәдесый алумен шектелуге болады: магниттермен, қолшатыр, сіз болған өңірдің рәмізі бар тостаған.

Егер саяхат жарқын түстерге, жағымды әсерлерге, қызықты адамдармен кездесулерге толы болса, онда сіз болған жердің ұлттық бояуы бар ерекше зат алып кеткіңіз келеді, бұл әдетте, қолөнершілердің бұйымы болып табылады. Енді осы жайлы әңгіме қозғаймыз. Таңдау, баға ауқымы сияқты да кең. Ұлттық стильде жасалған қымбат емес сәнді бөстектерден (кресло мен орындық жапқыш) бастап, нағыз өнер туындыларына дейін, мысалы, күмістен жасалған дәстүрлі зергерлік бұйымдар.

Дәстүрлі қолөнер

Ежелден бері қазақтарда қолөнер мал шаруашылығымен байланысты болды: тері өңдеу, тоқыма, сүйек, тері өңдеу. Сондай-ақ, ағаш пен металлдан бұйымдар әзірленді. Бұл заттардың барлығы көшпенділерге күнделікті тұрмыста қажет болды, ал қажет болмағандары – киіз үй, киімдерді және тағы басқаларын сәндеу үшін пайдаланылды.

Дәстүрлі қолөнердің кейбір түрлері ұмытыла бастаған еді, бірақ бүгінгі таңда энтузиастардың, соның ішінде құрамына еліміздің барлық облыстарынан 650 астам шебер кіретін Қазақстанның қолөнершілер Одағының тырысуының арқасында олар біртіндеп жаңғыруда. Бұл жібекпен жұқалап зерлей отыра жұмсақ тері өңдеу. Бұл қазақтың ежелгі кестелеу өнері негізіндегі қазіргі «біз кесте» бағыты.

2009 жылдан бастап Астанада «Шебер» атты республикалық конкурсы өтуде, оның басты мақсаты шеберлердің басын қосу ғана емес, оларға еліміздің ең алыс түпкірлеріндегі жұмыс үшін шабыт беру болып табылады.

Айтпақшы, қолөнершілер туралы ақпаратты алдын ала біле отыра, туристер қандай да бір бұйымды дайындау бойынша шағын-шеберлік класына қатыса алады. Шеберлер өз шеберлігімен бөлісуге дайын тұратын ашық, кішіпейіл жандар. Олардың бұйымдарын алып қана қоймай, олармен біраз уақыт араласып та кетіңіз!

© Серикжан Ковланбаев (sputniknews.kz)

Жылу және жайлылық үшін

Ең көп таралған және қолжетімді заттардың бірі киізден жасалған бұйымдар болып табылады. Бүгінгі таңда бұл дүние жүзінде өте кең таралған қолөнер, шеберлер негізінен жүннен киіз басудың қазіргі заманғы әдісін пайдаланады. Алайда, Қазақстанда қайтадан жаңғырып келетін «номадалық әдіс» (киіз басудың дәстүрлі тәсілі: басынан бастап аяғына дейін өз қолыңмен, жасанды бояғыштарсыз жасау) – ең сыйлы. Себебі, тек сондай тәсілмен ғана нағыз және су өтпейтін киіз үйге арналған киізді дайындауға болды. Біздің еліміздің бірнеше өңірінде шеберлер киіз басудың ескі техологиясын қолданып жұмыс істейді, қазақи оюлармен көмкерілген түрлі бұйымдар жасайды.

Киізден көптеген пайдалы және жай әдемі заттар жасалады, оларды өздеріңіз үшін де, жақын адамдарыңызға сыйлық ретінде сатып алсаңыз да болады. Бұл кәдесый ойыншықтары, жылы киімдер, бешпеттер, шарфтар және тағы басқалар болуы мүмкін.

Біз денені жылытатын өте жылы материал киіз туралы әңгіме бастаған екенбіз, енді тігін тігу сияқты қолөнер түріне тоқталайық.

Қазақстанда қолөнердің бұл түрі де аса кең таралған: қиқымнан құрақ құрау, тоқу, авторлық батик, экологиялық таза шүберек, тоқыма ойыншықтар жасау. Бірақ та, айрықша назар аудартатын - көрпе. Әрине туристің шабаданына сиятын, Қазақстандық шеберлерден көрпе немесе матрас (үлкен немесе шағын – қалауы бойынша) сияқты сәнді сыйлықтан артық қандай сыйлық бар. Көрпенің негізгі т,рлары мынада болады: жамылғы көрпе, жер көрпе (еденде отыруға арналған шағын матрас), төр көрпе (құрметті қонақтар үшін), ою көрпе (өрнекті корпе). Әрбір шебер бұйымдарды өз қалауы бойынша оюлармен немесе сюжетті бейнелермен әшекейлейді, бұл бұйымдарды одан сайын тартымды ете түседі.

Көшпендінің жабдығы

Егер киіз немесе матадан жасалған үлкен сыйлықтарды әкету қиындық туғызатын болса, онда өз таңдауыңызды тері, сүйек және жануарлар терісінен жасалған декоративтік-қолданбалы өнер заттарына бұруға болады. Көшпенділер өмірінде тері киім, аяқ киім, ер-тоқым және т.б. ерекше орын алған.

Және бүгінгі таңда қазіргі шеберлер осы материалмен жұмыс жасауды жақтайды, сонымен бірге, кәдесый өнімдерін дайындайды: торсықтарды (тері ыдыстар), қамшылар, әшекейлер, бұйымдар, тері галантереясы. Оюлы-тұмарлармен бірге, осылардың барлығы түрлі елден келген туристерге ұнайды.

Сондай-ақ ағаштан жасалған бұйымдар танымал: мүсіншелер, әшекейлер, қобдишалар, және тіпті, суреттер!

© Серикжан Ковланбаев (sputniknews.kz)

Күміс – сәттілікке!

Жеке бір бағыт болып зергерлік шеберхана табылады. Қазақстанның зергерлері, тіпті, ең қазымыр туристерді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз! Қазақстан аумағында зергерлік бұйымдар ежелден бері дайындалып келеді. Тарихшылар мен археологтар көптеген ғылыми және танымдық материалдарда Қазақстанның барлық өңірлерінен түрлі уақытта табылған қола, алтын, күміс бұйымдар жайлы баяндайды. Бір кездері күмістен жасалған әйелдер әшекейлері қалыңдықтың ең қымбат жасауын қамтыған. Алқалар, білезіктер мен салпыншақтар ерлер мен әйелдер үшін тек сәндік бұйым ғана емес, қолдап-қорғаушы, аң аулау кезінде, ұрыс кезінде тұмар ролін атқарды.

Бүгінгі таңда да қазіргі заманғы қазақстандық зергерлер әдемілікті бағалаушыларды күміс пен алтыннан жасалған классикалық әшекейлерімен қуантуда: моншақ, білезік, салпыншағы бар сырға. Қаруларды сәндеп жасайтын, аңға шыққанда және тұрмыста қолданылатын пышақтарды жасаумен айналысатын шеберлер де бар.

… Адамдардың қолымен жасалған, өз халқының тарихы мен салт-дәстүрін мұқият сақтайтын ерекше қолөнер бұйымдарын еліміздің әртүрлі жерлерінен табуға болады. Тауып, олардың бақытты иегері болу!