menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көшпенділердің жолымен: Қазақстанның атпен жүру бағыттары

  • Көшпелі мәдениет
  • Белсенді демалыс

Ат үстінде, ер-тоқымда отырып, орманның тәтті хош иістерімен дем алу, жылтырлап тұрған көлдердің және таулардың сұлулығын тамашалау - мінсіз саяхат деген осы емес пе?

Қазақстанның әдемі табиғаты, ежелгі көшпелілердің арман еткен жері жаңаданашылады, егер заманауи қазақтардың ата-бабаларысияқты ат үстінде шауып сұлулығынзерттесеңіз. Аласа, бірақ-та белді және төзімді жүйрік аттар ну ормандарарасынан, тау соқпақтары арқылы батыл өткізіп салады, долы өзенді тайсалмайкешіп өтеді және ыстық шөлді бар пәрменімен шауып өтеді. Мұндай саяхатты ескеқайта-қайта (қалай болғанда да, аяқтарыңыз ер-тоқымда отырудан шаршап, ауырыпбастағанға дейн) алып тұратыныңыз анық. Әрине, бұл қалжың және ат шабуданкелесі күні пайда болған жайсыздық бұлшық еттерге салмақ түскенін білдіреді. Даладәмі бар,сондай бір жаттығу.

Барлығына бұл тәкаппар жануармен тілдесуді, баға жетпес оңтайлы тәжірибені деқосыпалыңыз: жылқылар өте ақылды және сезімтал, сондықтан сапар аяқталғанша олармен қарым-қатынастаөз эмоцияларыңызды басқаруға үйренуіңізге тура келеді. Жылқылар шабандоздыңқорқыныш сезімін лезде сезінетінін есепке алыңыз. Егер бойыңызда қорқыныш барболса, онда жылқы еркелей, тыңдамай, сіздің емес, өз қалағанын істей бастайды.Сондықтан ат бағдарлары, олардың айырықша ұзаққа созылатындары, өте жақсы шынықтырадыжәне қатаң мінезді тәрбиелейді. Ерте ме, кеш пе, жылқыға мұнда кім басшы екенін қалайша түсіндіруге болатынын түсінесіз.Есесіне, бойға сіңірген тәжірибені күнделікті өмірге, кейбір өзгертулермен әрине, аудара аласыз. Жалпы айтқанда, ат сереуендерінде ешбір кемшіліктер жоқ –бұл өте қызықты, еліктіргіш және пайдалы!

Көлсай көлдері арасында атпен өту

Бір-бірінің үстінде орналасқанүш Көлсай көлдері ат үстінде және жаяу серуендеу үшін туристердің сүйікті орны.Жақсы жол бірінші көлден кейін кенет бітіп қалатындықтан, ал үшінші көлге күрделітау соқпағы апаратындықтан, Көлсай IIжәне Көлсай III арасында керемет туристік бағдар салынған. Ол арқылы жүре отырып, жергілікті табиғаттыңкөркем сұлулығына тамсанасыз – мамық шыршалар өткір шыңдарын жоғары қаратып,таудың құлама беткейлерін толығымен қаптаған, мөп-мөлдір тұнық көлдер көкшіл мен қою көктіңбарлық түстерімен жалтырап тұр, гүлденіп жатқан алқаптар, тоғайлар шаршағанжолаушыларды дамыл алуға тоқтауға, жидектер мен саңырауқұлақтардың дәмін татуғаарбап тұрғандай.

Кеңес: Бірнеше сағат бойы ер-тоқымдаотырғаннан аяқтарыңыздың ұйылып қалатындарына және өз екі аяқтарыңызда жаяужүруге қайтадан үйренуге тура келетініне дайын болыңыз. Дұрыс, ыңғайлы киімтаңдаған жөн. Әрине, арнаулы шабандоздар киетін тері ендірмелері бар шалбарсатып алу міндетті емес, бірақ жаттығуға арналған киім артық болмайды – үзеңгігежарақаттанбау және шыбын-шіркей мазаламас үшін аяқтар жабық болған дұрыс. Егершабысты ұнатсаңыз немесе аттан құлағанды қатты қорықсаңыз, буындарды жарақаттанқорғау үшін тізеқап және шынтаққап сатып алуға болады. Каска да артық болмас,бірақ онсыз да амалдай тұра аласыз. Әдетте сапарларға арнап жаттыққан, сабырлыжәне жуас жылқылар таңдап алынады.

Бурабайдағы атпен серуендер

Тек жүйрік аттарға қатысты емес, соныменқатар бағдар өтетін мекеннің бедеріне де байланысты жеке талғамдарға сүйенеотырып, Бурабайдағы ат серуендерін таңдауға болады. Атпен жүру сапарлары мұндаөте әсерлі. Ат үстінде серуендеп жүріп орманның жағымды хош иісін дем тарту,таулар мен жылтырлап тұрған көлдердің көркемдігін тамашалау – осы емес пемінсіз саяхат? Ең негізгісі біздің кеңестерімізді ұмытыпаңыздар,шыбын-шіркейден қорғайтын дәріні, тәтілерге толы кішігірім қапшықты өзіңізбеналып, рахаттаныңыз. Өз мүмкіндіктеріңізге және талғамдарыңызға байланыстытөмендегі ең танымал бағыттардың кез келгенін таңдай аласыз:

Марал шаруашылығының аумағындағыорманды-далалы бос кеңістіктермен керемет тур. Мұнда маралдарды, бұғыларды жәнеқодастарды табиғи тіршілік ету ортасында кездестіруге болады. Кәсіби нұсқаушыатпен жүрудің негізгі ережелеріне үйретіп, максималды түрде сапарды оңайлатуүшін мүмкін барлық қателіктерге көз жеткізеді.

Бурабайдан шығаберісте, құсфермасынан арықарай, атпен серуендеуге мамандандырылған тағы бір турбаза бар. Бағдардың өзіұзын емес, оны асықпай бір сағат ішінде өтуге болады. Пәрменмен шабудысүйсінетіндерге де мұнда ұнар – мекен толықтай шабысқа оңтайлы.

Қонақ үйден тыс шықпай да атпен жүруге деболады. Көптеген турбазалар қолайлы бағаға жеке мешік аумағында атпенсеруендеуге ұсынады.

Егерсіз едәуір тәжірибесі бар шабарман болсаңыз және ұзақ уақытты ат сапарларынсүйсінсеңіз – сіз үшін арнап, Астанадан Бурабайға дейін, аттас көл жағалауындажайғасқан Ақкөл қаласында аялдамамен, тур ұйымдастырылған. Ақкөлде дем алу жәнеаттарға күш жинауға үшін аялдама жасауға болады.

Іле Алатауына атты сапарлар және серуендер

Іле Алатауының табиғаты алуан түрліландшафтарға бай. Жер бедері таулы, бірақ орманды-далалы зоналар, кеңүстірттер, жоғары биіктікті шалғындар және көлдер де кездеседі. Мұндайғажайыптардан ат үстінде ляззат алған ыңғайлы, өйткені кейбір бағдарлар өтугеқиын немесе жаяу серуендер (егер де треккингке құмар жан емессіз) үшін тымұзын. Кез келген бағдарды таңдап алыңыз, ал олардың саны өте көп, біздіңкеңестерімізді ескеріп алып, алдағы қызықты оқиғаларға аттаныңыз!Назарларыңызға жергілікті тұрғындардың арасында, туристердің арасында да айтулыат турларының бірнешеуін ұсынамыз.

Ойжайлау арқылы Қайрақ сарқырамасынабескүндік атты тур. Нағыз көшпелі өмірдің атмосферасына енудің кереметмүмкіндігі: Түрген шатқалының, Асы үстіртінің, Ойжайлау мен Донжайлаудыңсұлулықтарын тамашалай, әр күні шамамен 20 шақырым жердей жүріп, саяхаттыңінжуіне – Қайрақ сарқырамасына жақындай отырасыз.

Жаңадан бастаушылар және тәжірибесі жоқшабандоздар үшін атпен жүру клубында үйретуді және Іле Алатауының Бутаковшатқалына бір сағаттық серуен ұйымдастыруға болады. Кәсіби нұсқаушы атпенқарым-қатынастың қыр-сырларына үйретеді, одан соң, сіз, мұндай уақыт оздыруға100% ғашық болып қаласыз.

Ұзақтылығы әртүрлі демалыс күндердің аттысапарлар. Ең біріншісі – Бутаковкасарқырамасына аялдамамен Кім Асар шатқалына-12 шақырым. Екіншісі – Алма Арасаншатқалына-14 шақырым және үшіншісі – Қайрақ сарқырамасына көтерілумен Түргеншатқалына-16 шақырым.

Ой-Қарағайкөрікті өзені бойымен Қызыл Жарға атпен сапар. Ұзақтығы – 4 сағат, ол уақытішінде көтерілудің ең жоғарғы нүктесінен ашылатын көріністермен тәнті боласыз.

Күнгей Алатауына атты сапарлар және серуендер

Күнгей Алатауы бойынша атты серуендерұзақтығымен, қызықты локациялардың молдылығымен және толықтай шексіз қарларменқапталған алып тау тізбегінің қаһарлы көріністерімен әйгілі. Мұндай турларға жиі нағыз экстремалдаржәне атқа мініп жүрудің мағынасын тани білетіндер, оны қадірлеушілер аттанады.Әрине, жабайы табиғат жағдайында өзіңізді жайлы сезінуіңіз үшін сапар ұйымдастырушылартолықтай барлығын қарастырады, бірақ-та, әртүрлі қиындарға тап болуға дайынболыңыздар: суық ауа-райынан, жыртылған киімге дейін, әрине киім дұрыстаңдалмаған болса. Алайда, қалай болғанымен сапар ерекшелігі барлық кемшіліктерді жоққа шығарады. Сонымен, бағыттардың болжамды тізімі:

Бастауын Шарын шатқалынан алатын, Көлсай көлдеріне кідіріспен және де аты жоқ асуға көтерілуді қамтитын Күнгей Алатауына 3 күндік атты сапар. Айтпақшы, асудан тау шыңдарына керемет көрініс ашылады. Қайыңды көліндегі оның әйгілі қорғаушыларымен (бір кездері осында өсіп тұрған, бірақ суға батып кеткен, тянь-шань шыршаларының өткір шыңдары мөп-мөлдір суды жарып жоғары қарай ұмтылады) пикник сапардың соңғы пункті болады.

Төрт күндік трек одан да көп қызықты жерлерді қамтиды: бастауын, әдеттегідей, Шарын шатқалынан алады, одан соң үш Көлсай көлдеріне сапар, әжептәуір ұзаққа созылған тау лашығына (мұнда кешкі асқа және түнеуге қалу қажет болады) жол, сосын Талды өзен бойымен Қайыңды көліне шығаберіс, ең соңғысы - Ай шатқалы. Ашық сары түстермен боялған, өзінің біртүрлі жер бедерімен Ай бетін еске түсіретін өте көрікті жер.

Бес күндік трек алдыңғыға өте ұқсас, бірақ оның бір қызықты ерекшелігі бар - Көлсай көлдеріне көп уақыт туристер жүрмеген, біршама қиын бағыт қосылған. Бұл көне тау жолдарының бойында жабайы жануарлардың іздерімен қатар, олардың өздерін табиғи тіршілік ету ортасында кездестіруге болады, жануарлар адамдардың келуіне үйренбеген және оларды мүлде қорықпайды, сол себептен сақ болыңыз.

Алты күндік трек жаяу жүру бағыттарын қамтиды - ортаңғы Көлсайға жабайы таулы жолдармен көтерілу. Мұнда туристер жоқ, сондықтан жабайы табиғаттың атмосферасынан ляззат алып, максималды түрде онымен тұтасуға болады.

Ал енді соңғысы, ең ерекше және ең мистикалық жаяу треккингпен қосылған жетікүндік атты сапар. Көлсай көлдеріне, Тау лашығына дейін атпен жүру және Хан-Тәңірі мен Жеңіс шыңына фантастикалық көрініс ашылатын Қызымшек шыңына атпен көтерілу жолы. Төменге түскен кезде Ыстық-Көл көлі көрінеді, ал бұл, бір минутқа Қырғыз елі! Одан соң Бесмойнақ асуына дейін атпен жол жүру, демалыс, ортаңғы Көлсайға дейін жаяу серуен, Күрметі өзеніне түсу, Қайыңды көлінде дәстүрлі пикник, Ай шатқалы және бағдардың соңы. Өте мазмұнды бағдар, солай емес пе?

Жоңғар Алатауына турлар және атты сапарлар

Жоңғар Алатауы... Қаһарлы, бірақ ғажайып, ауданы 700 шаршы километр, биік нүктесі 4,5 мың метрге жететін тау тізбегі. Мұндағы соқпақ жолдардың көбісі - аңдар жүретін жолдар, сондықтан жаяу немесе атпен жүруге мүлде жарамсыз. Бұл жерлерге дайындалмай аттану тым қауіпті, сол себептен кәсіби жетекшісі бар топ құрамында саяхаттанған жөн. Өзіңізбен тек ең қажеттілерін алыңыз - қалғандары жайлы сіз үшін алдын ала ойластырылған!

Бірінші алты күндік бағдар шабандоздар үшін оңай, алайда дененің жақсы даярлығы және тау саяхаттары жайлы кез келген білімдер кем болмайды. Ұзақ көтерілулер және түсулер, жолда қауіпті жол бөліктерінің болуы сізді дағдыдан шығаруы мүмкін, бірақ мұның бәрі ашылатын көріністермен және алынатын әсерлермен ұмытылады. Дегенмен, арамызда экстрим ұнатпайтын жандар бар ма?

Сегіз күндік бағдар тыныш демалысты сүйетін жандарға мүлде арналмаған. Мұнда жабайы табиғат, күрделі деңгейдегі тау соқпақтары және өркениеттен алыс, сөзбен жеткізуге болмайтын еркіндік сезімі. Бұл жолдарда тіпті жабайы аңдарды да кездестіруге болады (ең бастысы, мұнда мекендейтін тек аюларды емес). Туристердің көзінен жасырынып орналасқан тау өзені - сапардың інжуі.

Тоғыз күндік бағыт барлығына сай келе бермейді. Дене жақсы шыныққан және биік тауларда жүрудің қандай болсын тәжірибесі болуы қажет. Мұнда сіздерді Жоңғар Алатауына тереңдей жүргенде шынымен күрделі бағдарлар күтуде, жартасты жарлар, шатырлы лагерде түнеулер және көптеген тағы басқалар!

Көріп тұрғаныңыздай, жақсы ұйымдастырылған атты турлардың сан алуандығы орасан зор: сіз жаңа келуші немесе тәжірибесі бар шабандоз болсаңыз да, сай келетін бағдар міндетті түрді табылады! Өз мүмкіндіктеріңізді айқын бағалап, жанға жайлы бағдар таңдауға кеңес береміз. Егер өзіңідің дене шынығуыңызда сенімді болмасаңыз, тоғыз күндік сапарға шығу қажет емес, өйткені басқа да оңайлау, әсерлі және ғажайып бағдарлар көп. Ең жарқын және әсерлі эмоцияларды тек өзіңізге қолайлы атты сапардан ие болатыныңызға, сеніңіз. Әйтпесе, шаршау туралы ойлар ең негізгіден - пәк табиғаттың ғажайыбын тамашалаудан және өткізілген уақыт жайында жылы естеліктерді құрайтын кішігірім сапар қуаныштарынан - көңіліңізді алаң етеді.