Рафтинг үшін қолайлы Қазақстанның өзендері

Рафтинг үшін қолайлы Қазақстанның өзендері

Белсенді демалыс

Қазақстанда сіздерге ағып түсудің кез келген түрін ұйымдастырып береді!

Жаныңызға қайсы біреуі жақынырақ: Жолдағы бірін-бірі асып түсетін "шоңғалдар" бар долы таулы өзендер бойымен экстремалды ағып түсулер ме, әлде «борттың сыртындағы» тыныш судың бірқалыпты ағуы ма? Жауабыңыз қандай болса да, біз, сізді қуанта кетейік: Қазақстанда сіздерге ағып түсудің кез келген түрін ұйымдастырып береді!

Әдетте, рафтингті белсенді демалыстың экстремалды түрлеріне жатқызады, алайда, бірқалыпты тыныш сулы өзендер (немесе олардың белгілі бір учаскілері) бойымен балаларда ағып түсе алады. Сіздерге Қазақстандағы ағып түсулердің жетекші орындары туралы баяндап береміз. Күрделіліктің әр түрлі категориядағы, бір күндік немесе көп күндік бағыттарды өту рафтингін кәсіби ұйымдастырушылығымен екі облыс мақатана алады - Алматы және Шығыс Қазақстан.

Халықаралық сыныптаманың негізінде өзеннің әрбір учаскісі бойынша бөгеттердің күрделілігінің алты категориясы бар: нөмірі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым учаскіні өту қиындау.

Жетісу өзендері

Алматы облысында ағып түсуден үш өзен алдыңғы орындарда: Іле, Түрген және Шілік.

Іле - күрделілігі бірінші категориялы тыныш ағымды өзен. Балалары бес жастан үлкен балалы отбасылар және экстримді ұнатпайтын адамдар үшін үйлесімді. Іле бойымен ағып түсу қоршаған пейзаждарды, тораңғы шоқтарын, қамыс қопаларын, құстар мен жануарларды (ия, ия жағада, мысалы, суаттағы жабайы қабандарды байқауға болады) бақылап сүйсінуге, оған қоса, жоспарланған аялдамаларда көрікті жерлерге барып-келу мүмкіндігі бар саяхатқа ұқсайды. Айтпақшы, мұндай ырғақты сулы «сапарды» балық аулаумен қиыстыруға болады. Іле - үлкен сомдар мен сазандармен танымал. Өзен бойымен ағып түсу мезгілдері - сәуірдің соңынан маусымның ортасына дейін және де қыркүйекте де ағып түсуге болады. Жазды күндері Іледе өте ыстық, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі, сондықтан да бұл уақытта ағып түсу ұсынылмайды.

Түрген - күрделілігі екінші категориялы таулы өзен, шілдеде, өзендегі судың деңгейі жоғарылаған кезде оның категориясы үшке дейін жоғарылайды. Балалары 10 жастан үлкен балалы отбасыларға, жастарға және «біркелкі» адреналин сынап көрушілерге үйлесімді. Таулардың көркем пейзаждарының арқасында бұл бағыт аса танымал. Ұйымдастырушылар өзен бойымен рафтингті Түрген шатқалындағы Аюлы (Медвежий) сарқырамасына экскурсиямен біріктіреді. Өзен бойымен ағып түсу мезгілдері - маусымның ортасынан тамыздың ортасына дейін.

Шілік - күрделілігі үшінші категориялы өзен. Міне, адреналин үшін осында жол тартады! Бұл өзеннің долы сулары жаға бойындағы далалардың біртектес пейзаждарынан сары уайымға салғызбайды. Өзен бойымен ағып түсу мезгілдері - маусымның ортасынан қазанның басына дейін.

Ағып түсу ұйымдастырылатын тағы екі өзендерді атап кеткен дұрыс. Олар Алматы облысында орналасқан.

Біріншісі - Шарын өзені. Ол Жетісудың басқа өзендерінен өзінің «құбылмалылығымен» ерекшеленеді, тыныш және жайбарақат, бірақ, бір сәтте долы ағынға айнала алады да, келесі сәтте қайтадан тыныштық қалпына оралады.

«Суперэкстрим» сүйетіндерге ұйымдастырушылар Көксу өзенімен ерекше бағыт ұсынады. Өзеннің әр түрлі учаскілерінде әр түрлі категориялар: үшіншіден бесіншіге дейін. Жетісудің (Жоңғар Алатауының) таңғаларлық табиғатымен бірге өзен бойымен ағып түсу ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды!

Шығыс Қазақстанның су шоңғалдары

Шығыс Қазақстанда өзен бойымен ағып түсудің аса танымал тайгалық перизат - Оба өзені. Өзен - өте әдемі және ирелең. Бір жағынан, бұл - қызықты, ал басқа жағынан - қауіпті, көрінбеушілік кездеседі: бұрылыста не күтіп тұр екен?

Бірқалыпты демалысты ұстанатындарға Ақ және Қара Обаның суы мол Оба өзеніне бірігуінен басталатын (Риддер қаласынан 50 км) және Қарақожа ауылына дейінгі бағыт ұсынылады. Ағып түсу үш күннен бес күнге дейін созылады. Оба өзені бойынша әйгілі «Үлкенобалық» шоңғалдардан өту бағытын тек кәсіби рафтерлер, ескекті қолға алғаш рет алмаған адамдар үшін ғана жалғастырылуы мүмкін. Өзен бойымен ағып түсу мезгілдері - мамырдан тамыздың ортасына дейін.

Оларға қоса, демалыс күндері бірқалыпты өзендер бойымен сапарлар ұйымдастырылады: Бұқтарма, Ертіс, Қалба, Сержиха. Экстримге құмар жандарға Кальжир, Тұрғысын, Хамир өзендері ұсынылады.

Кальжир және Хамир таулы өзендері үлкен елді мекендерден едәуір алыс орналасқан, сол себепті сол жақтарға жол тартқан ағып түсу қатысушыларына бұл - көп күндік экспедиция: оған жету қиындау әрі ағып түсу де оңай емес.

...Кез келген жағдайда, ағып түсу үшін қайда баруға шешсеңіздер де сапарды ұйымдастыру үшін кәсіпқой мамандарына, жергілікті гид пен нұсқаушыларға жүгінген жөн. Шетелден келген туристердің өз жабдықтарын тасып жүрген уақыттар да өтіп кетті, бүгінгі күні қажеттің барлығы барған жерде, бір сәтте-ақ, ұсынылады.

Similar publications