Қазақстандағы белсенді демалыстың қолжетімді 5 түрі

Қазақстандағы белсенді демалыстың қолжетімді 5 түрі

Белсенді демалысТабиғат

Қазақстандағы белсенді туризмнің ең кең таралған және қолжетімді түрлерінің бестігі

Әлемнің түрлі елдеріндегі табысты және бақытты адамдар "стрессті қалай жеңу"жөнінде қандай кеңес беретіндерін білесіз бе? Физикалық-белсенді өмір салтын ұстану. Сізге күмән мен мазасыздану толқыны лап берді ме – бірден ерге отыру керек! Аттің немесе белесебеттің! Айтқандай, көбі мұны ешқандай ғылыми дәлелдерсіз интуитивті түрде жасайды. Қазақстанда белсенді өмір салтын ұстанатын адамдардың саны жылдан-жылға артып келеді, бұл жақсы жаңалық. Еліміздегі белсенді туризмнің ең кең таралған және қолжетімді бес бағыты мыналар: тау және жаяу туризм, атпен жүру, велосаяхат және маунтинбайкинг.

Таудан артық тек қана тау бола алады

Туристік фирмалардан, сол сияқты жекелеген-гидтерден тауға саяхат жасау ұйымдастырушылығындағы түрлі ұсыныстарды, сөзсіз, Алматы облысынан таба аласыз. Бұл да түсінікті – мұнда бар жоғы жарты сағаттың ішінде мегаполистен бағыттың басталуына дейін, яғни, таудың етегіне дейін жете аласыз, сондықтан да бұл жақтарға таяу шетелдерден тәжірибесы мол альпинистер мен тау саяхатшылары көптеп келеді. Ал Алматының көптеген тұрғындары үшін тауда серуендеу бұл – саяжайға бару сияқты, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың табиғи қажеттілігі болып табылады. Іле Алатауының тауларына отбасымен, достарымен шығады, тауда тимбилдингтер ұйымдастырады. Тау туризмі спорттық (санаттармен және басқа да спорттық атрибуттармен) және әуесқойлық болып бөлінеді. Қазір соңғысы туралы айтатын боламыз.

Тау туризмі, Алматы маңында сияқты ауқымды болмаса да, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында да танымал. Шығыста бүкіл әлемнен келген туристерді Алтай мен Сібірдің ең биік шыңы – жұмбаққа толы Белуха тауы өзіне тартады. Мұнда қарапайым, категориясыз жаяу серуендеуден бастап арнайы альпинизм жабдықтарын пайдалану арқылы күрделі санатқа жататын сапарларр жасауға болады. Риддер қаласының ауданы да аса танымал. Негізінен Үш ағайынды және Ворошилов шыңына шығуға болады, бірақ Кенді Алтайға ат басын бұрсаңыз барлығын да мұқият зерттегіңіз келіп қалады. Аймақтың қашықтығы ғана туристер ағынының көп болуына аздап кедергі келтіреді. Алайда, соңғы бірнеше жылда Шығыс Қазақстан облысында тау сапарларын ұйымдастыруға бағытталған бірнеше демалыс орындары ашылды. Ал Риддер қаласында, 2017-2018 жылдары, жергілікті колледжді, тіпті, сертификатталған экскурсия жетекшілері бітіріп шықты.

Ал Түркістан облысында Сайрам-Өгем мемлекеттік табиғи парктің шатқалдарына туристік сапарлар ұсынылады. Қызметтер көрсетумен айналысатын клубтар, турфирмалар және бақса да ұйымдар негізінен Шымкент қаласында орналасқан. Сапарға шығу орындарын таңдауға Ontustik Tourism Center ақпараттық бюросының мамандары да көмектеседі.

Айтпақшы, тау туризмі сіз үшін уақыт өте келе альпинизмге ұласуы мүмкін, бірақ бұл өз алдына жеке әңгіме…

Жүре берсең, көре бересің

Жаяу бағыттар, әдетте әлемнің түрлі елдерінде жабайы, адам аяғы баспаған аумақтар арқылы өтеді. Адамдар өркениеттен алыстап, табиғатпен қосылып, біртұтастанғандай өмір сүріп көргісі келеді. Елімізде мұндай алыс, әдемі, жабайы орындар айтарлықтай көп. Ал бұл бағытта маманданған кәсіби гидтер немесе туристік фирмалар өкінішке орай жеткіліксіз. Дегенмен, әрине, бұл сізді қызықтырған табиғат объектісінің немесе ландшафттың орналасуына байланысты.

Сонымен қатар, "жақсы жаңалық" та бар. Еліміздің түгел дерлік облыстарында мәртебелеріне сәйкес көп не аз мөлшерде (қорықтарда аз, ұлттық парктерде көп) туристік бағыттар жүргізілетін айрықша қорғалатын табиғи аумақтар бар (бұдан әрі - АҚТА) .

Егер Қазақстанда 13 мемлекеттік ұлттық саябағы 10 мемлекеттік табиғи қорық бар екенін ескерсек, онда жаяу сапарыңызға қайда баруыңызға болатыны жөніндегі таңдау өте ауқымды. Әрине, АҚТА-ларда туризмнің басқа да түрлері бар, алайда бәрінен бұрын жаяу турлар танымал, себебі олар қоршаған ортаға ең аз залалын тигізеді және мемлекет қорғауындағы аумақтарда жүруге ең қолайлы болып келеді. Дәл сонда танымал объектілердің барлығы орналасқан, Айқай құм, Қатутау таулары, Ақтау ( «Алтын Емел» ұлттық паркі, Алматы облысы); Көлсай көлдері, Қайыңды көлі («Көлсай көлдері» ұлттық паркі, Алматы облысы); таңқаларлық Шарын шатқалы және оның «Шетен орманы» (Шарын ұлттық паркі, Алматы облысы); Баянауыл ұлттық паркінің әдемі аласа таулары, жартастары мен көлдері (Павлодар облысы); әйгілі «Жұмбақтас», «Оқжетпес», айналасын қарағайлы орман қоршаған көптеген көлдер – бұл Ақмола облысының табиғи байлығы – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Белуха таулары, республиканың ірі ұлттық паркі – Қатон Қарағайдың (ШҚО) көптеген сарқырамалары; Сайрам-Өгем паркінің әсем шатқалдары, айтпақшы Дүниежүзілік мұра объектісі (Түркістан облысы). Мемлекеттік табиғи қорықтардан бірінші кезекте мыналарды атап өтуге болады, Марқакөл көлі (Марқакөл қорығы, ШҚО), Батыс Алтай қорығындағы «Тастағы ертегі» (ШҚО), Ақсу-Жабағылы қорығының шатқалдары да Дүниежүзілік мұра объектісі болып табылады.

Жоғарыда аталған барлық мемлекетпен қорғалатын аумақтарда бірнеше (бестен онға дейін) туристік бағыттар әзірленген. Ұлттық парктер мен қорықтардың деректерін табу еш қиындық тудырмайды, өйткені олардың әрбірінің өз вебсайттары бар.

Айтпақшы, парктегі немесе қорықтағы кез келген бағытқа сіз міндетті түрде гидпен бірге барасыз, бұл сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай әрі қауіпсіз етеді. Егер басқа аумақтарға жол тартсаңыз, өзіңізбен бірге спутниктік телефонға дейін барлық түрлі байланыс құралдарын алыңыз, еліміздің шалғай өңірлерінде, сіз, шынында да өркениеттен алыс, инфрақұрылым мен ұялы байланыс жоқ жерлерде болып қалуыңыз мүмкін!

Атпен серуендеу туралы

Жаяу бағыттардан атпен жүру сапарларына ауысу ақылға қонымды. Себебі, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарда атпен саяхаттау да кең таралған. Бұдан басқа бұл жерде қазақстан туризмінің жаңа бағыты, агро-немесе ауылдық туризм туралы айта кеткен орынды. Ауыл, селолардағы бірінші қонақ үйлер Қазақстанда 15 жыл бұрын пайда болды десек те, соңғы жылдары бұл бағыт қарқынды даму үстінде. Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа қонақ үйлер салынып қана қоймай, бұл үйлердің қонақжай иелері ұсынатын қызметтер түрі де кеңейе түсуде. Ал ауылдық жер атсыз бола ала ма? Дұрыс! Болмайды! Атпен саяхат - агротуризмнің ғажап түрлерінің бірі.

Бұдан басқа, атпен жүрудің бағыттарын түрлі туристік фирмалар ұсынады. Алматы облысындағы Жетісудың жайлауларында атты турлар сұранысқа ие. Қаладан алыс емес жерлерге де саяхат құруға болады, мысалы, Үшқоңырға, сондай-ақ Қаскелең, Ақсай шатқалдарына. Егер уақыт мүмкіндік беретін болса, онда Алматыдан 200-300 шақырым алысқа баруға да болады, атпен саяхаттау бағыты басталатын жерге дейін автокөлікпен барып, ары қарай атқа мініп кетуге болады. Ассы немесе Шалкөде жайлауларының керемет көріністерінен ляззат алуға болады.

Вело саяхат

Велосипед көлік түрі ретінде, соның ішінде, саяхаттауға арналған түр ретінде Қазақстанда танымал бола түсуде. Еліміздің кез келген өңірінде жергілікті қоғамдастықтар, велоәуесқой клубтары бар. Алайда, олардың басым көпшілігі қалада немесе қала маңында велосипед «тебумен» шектеледі. Қалауыңызша солардың қатарына қосыла аласыз. Өмірге қажетті барлық жабдықтарды өзімен алып жүретін спорттық велотуристер бар. Бірақ, біріншісі де, екіншісі де автомобильмен ілесіп жүріп, гидпен ақылы, толық қызмет ұсынатын тур ұйымдастыруға бейімделмеген. Мұндайға қабілетті компаниялар елімізде, өкінішке орай көп емес. Көп емес, бірақ бар. Олардың қатарында «Велосипедпен саяхаттаушылар клубы». Олар Алматы қаласында орналасқан, бірақ бүкіл Қазақстан бойынша турлар ұйымдастырады.

Велосипедпен тауға шығу

Велотуризм тақыбыры ауқымды және шексіз, атап айтқанда оның бағыттарының бірі маунтин байкинг болып табылады. Темір тұлпардың еріне мініп тауға тартып отырудың ең сенімді жолы – бұл турфирмаларды іздеу емес, өзіңіз тұратын өңірдегі велоқызығушылар қоғамдастықтарын тауып, солармен достасып ары қарай бірге саяхаттау! Осылайша, мысалы, «Экстремалды атлетика» қоғамдық ұйымы (Алматы) әуесқой жарыстарды, соның ішінде тау велосипеді бойынша жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Шындығында, мұндай старттар табиғаттағы белсенді демалысқа емес, оқиғалық туризмге жатады, бірақ, бұл деген керемет емес пе! Мұндай оқиғалар есімізде ұзақ сақталады, нағыз мереке және жаңа ашуларға деген ұмтылыстың кезекті басы болып келеді!

Similar publications