menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақстандағы демалыстың 5 экстремалды түрі

  • Белсенді демалыс
  • Табиғат

Сіздер үшін біз ең танымал және қол жетімді экстремалды демалыс түрлерінің бестігін айқындадық

Әрине, кей кездері әркімнің қалыпты өмір салтынан тыс нәрсемен айналысқысы келетін шығар: парашютпен секіру, ағынды өзенде жүзу, тау шаңғысын немесе сноуборд тебу ... Дегенмен, біреулер үшін адреналин өмірінде бір рет емес, үнемі қажет болуы мүмкін. Бұл мәлімет барлығына пайдалы болады! Қазақстанда экстремалды демалыс түрлерінің қайсы бірі танымал және қолжетімді екені жайында сіздерге төменде айтып береміз.

"Экстрим" белгілі бір тәуекелді білдіреді. Сондықтан да төменде келтірілген экстремалды спорт түрлері табанды жаттығуды немесе тәжірибелі нұсқаушымен бірге "жұмысты" талап етеді. Бастапқы қадамдарда өз еркіңізбен ешқандай әрекеттер жасамаңыз!

Бүгінде Қазақстанда туризм индустриясы, оның ішінде экстремалды түрі, қарқынды жылдамдықпен дамуда, нарықтағы ұсыныстар әртүрлі. Бұған кішігірім үш орынды ұшақтағы әуе сапары кіреді, мұнда клиенттердің сұрауы бойынша әскери бұрылыс, штопор, төбешіктер кіретін белсенді пилотаж көзделген. Бұл және парапланмен, дельтапланмен ұшу және парашютпен секіруді үйрену, өзенмен жүзу және тағы басқалары кіреді

Сіздер үшін біз ең танымал және қол жетімді экстремалды демалыс түрлерінің бестігін айқындадық.

Желдің жылдамдығымен. Тау шаңғысы және сноуборд

Қысқы уақытта тау шаңғысын және сноуборд тебу барлық рекордтарды орнатады.

Бүгінгі таңда тау шаңғылық сервис, он жыл бұрынғыдан қарағанда жақсырақ дамыған. Барлық жерлерде жаңадан үйренушілерге және кәсіпқойларға арналған жеке сырғанау орындары бар. Тау шаңғылық кешендерінің саны да артты. Сервис сапасы бойынша көшбасшылық позицияны Алматы облысы иеленіп отыр, алайда Шығыс Қазақстан облысының тау шаңғылық кешендері климаттық жағдайлар бойынша алда: мұндағы тауларда қар ұзағырақ жатады (қарашаның ортасынан бастап сәуірдің ортасына дейін), бұл экстремалды демалысты жақсы көретіндер үшін ыңғайлы.

Сноубординг, негізінен, белсенді, ештеңеден қорықпайтын, бір орында отыра алмайтын, үйренуге дайын жастарды қызықтырады! Бүгінгі күні елімізде шаңғы және сноуборд тебуді үйрену ғана емес, тау шаңғысы мен сноуборд спорты бойынша нұсқаушылардың көмегімен кәсіби дайындық курстарын оқуға мүмкіндік бар. Атап айтқанда, мұндай курстар ШҚО-да «Алтай Альпісі» тау шаңғылық кешеннің базасының негізінде жұмыс істейді, мұндағы "оқытушылар" – Ресейдің Ұлттық нұсқаушылар лигасының (ҰНЛ) мүшелері.

Жылдың жылы кезінде тау шаңғысын су шаңғысымен ауыстыруға болады! Су шаңғысымен сырғанау қазіргі уақытта Қапшағай су қоймасында, Алакөлде, Каспийде белсенді іске асырылуда.

Терең суда. Дайвинг

Қазақстанда – Ұлы дала елінде көптеген дайверлердің болуы қызық? Жылдың жылы маусымында бұл экстремалды демалыстың ең талап етілген түрі. Әрине, біздің су қоймаларының су асты әлемі, мысалы Мальдив немесе Қызыл теңіз сияқты әдемі емес, бірақ бізде де көруге тұрарлық көп! Бұған қоса, әдеміліктің өзі дайверлерді қызықтырады, олар су астында ондаған метр тереңдікке қайтадан сүңгісі келеді. Мұнда әңгіме өз қорқынышыңды жеңу, ағзаны жаттықтыру, өз тынысыңды басқару жайында болып отыр. Дайвердің ең жоғарғы пилотажы – оттегі баллонысыз тереңге сүңгіп тынысыңды ұстап тұру. Қалыпты адам үшін тынысты ұстап тұру ұзақтығы бір минуттан аспайды. Бірақ, белгілі болғандай, біздің мүмкіндіктеріміз шексіз, егер алған бетіңізден қайтпай жаттығатын болсаңыз, таңқаларлық нәтижеге жете аласыз. Бүгінгі таңда «статикалық апноэ» деп аталатын фридайвингтің ресми пәні бар. Ол су астында демді уақытқа ұстап тұрумен түсіндіріледі. Бүгінгі күнге статистикалық апноэ чемпионы - испандық Алекс Сегура болып табылады. 2016 жылы ол демін 24 минут 3 секунд ұстап тұрды.

Алайда, бастапқы кезде ең қарапайым жаттығуларды жасау үшін академиялық дайындықтан өтіп, шектеулі су кеңістігінде (бассейн) немесе ашық суда жаттығудан өтуіңіз керек. Осылай, тек халықаралық сертификат алғаннан кейін ғана өз бетіңізбен сүңги аласыз. Дайв-клубтар Қазақстанда айтарлықтай көп. Олардың ең ірілері Алматы мен Өскеменде. Алматыда: жабық суда жаттығу негізінен «Динамо» бассейнінде өтеді, ал ашық суда сүңгу – Қапшағай су қоймасында өтеді.

Өскемен дайвинг-орталығының базасы ШҚО-дағы әсем жерлердің бірі, қаладан 70 шақырым қашықтықтағы Сібе көлдерінде орналасқан. Мұнда жаттықтыру тек ашық суда жүргізіледі.

Дайверлердің пікірі бойынша Қазақстандағы дайвингке арналған үздік орындар: Балқаш, Каспий, Алакөл, Көлсай және Сібе көлдері.

Су бетіндегі адреналин. Рафтинг

Егер су астында өзіңізді ыңғайлы сезінбесеңіз, онда адреналинді су үстінде сынауға болады! Әрине, біз рафтинг туралы сөз қозғап жатырмыз! Бұл - каноэ немесе арнайы қайықпен тау өзенімен құлдилау. Рафтинг – адамдардың ең көп баратын турлардың бірі. Бұл көп уақыт кететін жаттығулардан құтылып, өзіңізге және өз жақындарыңызға тәжірибелі нұсқаушылардың көмегімен демалыс турын өткізуге мүмкін болатын жағдайы. Алматы өзендері бойымен рафтингті, мысалы, Қазақстанның рафтинг федерациясы қамтамасыз ете алады. Федерация командасы шараларды Түрген, Шелек, Іле және басқа да 10-нан астам өзенде жүргізеді.

Федерация өткізетін шараларға қатысу немесе оқуға тәжірибесі мен жасына қарамастан кез келген адам жазыла алады.

Алматы облысынан басқа рафтинг ШҚО-да өте танымал. Белсенді демалыстарға құмарлар үшін ШҚО рафтинг федерациясы мына өзендер бойынша бір күндік турлар ұсынады: Үлбі, таулы Үлбі, Сержиха, Громотуха. Экстрим мен су туризмін жақсы көретіндер үшін – Уба, Тұрғысын, Қалжыр өзендері бойынша драйф-турлар өткізіледі.

Аспанға көтерілу. Парашютпен секіру

1000 метр биіктіктен парашютпен секіру сіздің есіңізде,сөзсіз,ұзақ уақыт қалады! Мені де мазалаған сұраққа бірден жауап беремін: кенеттен мен «батырмаға» басуды ұмытып кетіп, парашют ашылмай қалса қайтемін? Міне, енді бұл туралы мазалану қажет емес! Нұсқаушы сізге «парашюттың негізгі күмбезін іске қосу – ранц клапандарының мәжбүрлеп ашылуы және күмбезден қабынның тартылуы парашютист ұшу аппаратынан секіргеннен кейін үш секундта бірден ашылады». Сіздің міндетіңіз тек «аспанға шығу»!

Алматы облысында парашютистерді дайындауды жоғары санатты мамандар – «Байсерке Қанаттары» авиазвено парашютты дайындықтың нұсқаушылары жүргізеді.

Сондай-ақ, парашютпен секіруді үйрететін орындар Ақтау, Қостанай, Рудный, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында да бар.

Параплан қанатының астында

Алматы облысындағы Үшқоңырдағы парапланисттердің түрлі-түсті қанаттары әрқашан көз тартады. Оқу ұшулары, жарыстар жыл бойы осында өткізіледі. Ал жаңа жыл мерекелерінде аспанда, тіпті, Аяз Ата мен Ақшақарды көруге болады!

Парапланда ұшуға үйрену Алматы, Ақтау, Талдыкорған, Павлодарда қол жетімді. Астанада парашют спортының федерациясы тандем-парапланда оқу-жаттығуларын ұсынады.

Дельтапланда ұшуға үйрену және тандемде ұшу тек Алматыда, AirTengri клубында мүмкін болады.

Әуе бауырластығының мүшесі болу ерекше қиындықты талап етпейді. Оған уақытша қосыла аласыз, ал мүмкін, әуе ағындары сізді қызықтырғаны соншалық, ұшуға құмар адамдардың қоғамында ұзақ уақытқа қалуға шешесіз!

…Сондай-ақ, Алматыда әуе кемелерінде ұшуға үйрететін түрлі мектептер, оқу орталықтары, жеңіл авиация ұшқышына кіріспе курстар бар, тіпті парамоторларда ұшуға үйрету (спорттың аса жеңіл ауа түрлерінің ең жаңа және соңғы зерттемесі) орталықтары жұмыс жасайды. Алматы және Алматы облысының көрікті жерлерін шолып ұшатын жай ғана экскурсиялық ұшулар да ұсынылады.

Жалпы айтқанда, Қазақстанда өз қалауыңызды жүзеге асырып, адреналинің өз дозасын алу ешкімге қиындық туғызбайды!