Демалысты балалармен Өскемен қаласында қалай өткізуге болады?

Демалысты балалармен Өскемен қаласында қалай өткізуге болады?

Қалалар

Өскемен қаласы өз қонақтарына ұсына алатын нысандарға мол!

Қазақстанныңәртүрлі қалаларында демалысты балалармен өткізу жайында мақалалардыңтоптамасын, біз, Шығыс Қазақстанның әкімшілік және мәдени орталығынан, Өскеменқаласынан бастаймыз. Әдеттегі ойын-сауық орталықтарынан, сауық кешендерінен,аквапарктерден басқа, мұнда балаларға арналған көптеген қызықты мәдени-танымдықобъектлерге шолу жасауға болады.

Олардың көп бөлігін облыстықәкімдіктің қарауындағы ШҚО мәдениетін,мұрағаттарын және құжаттамаларын басқармасының Шығыс Қазақстан облыстықсәулетті-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорығы біріктіреді (www.vkoem.kz).

Мұражай-қорықғимараттарына түрлі экспозициялар орналастырылған бірнеше жеке тұрған әкімшіліккорпустар жатады. Олардың қатарында жиі өткізілетін "Алтайдың асыл тастары"көрмесі, «XIX ғасыр басы мен ХХ ғасырдың ортасындағы Шығыс Қазақстан қазақтарыныңэтнографиялық мұрасы» атты экспозициясы. Мультимедиалық кинотеатрдан жәнекомпьютерлік залдан тұратын «Виртуалды мұражай» ақпаратты-білім беру орталығыәрекет етеді.

1 мамыр мен 31 қазан аралығында «Жастар» этнобағындаашық аспан астындағы мұражай-қорықтың экспозициясы әрекет етеді, онда дәстүрлішаруашылық құрылыстары бар халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері ұсынылған.

Мұражай-қорықтыңсол жақ жағалаудағы кешен

Алайда, сірә, жергіліктітұрғындардың және қала қонақтарының барып-қайтудың ең сүйікті орны –Мұражай-қорықтың сол жақ жағалаудағы кешен. Мұнда балалардың бос уақыттарынаарналғандардың барлығы бар: зообақ, этноауыл, түрлі стильдегі және бағыттағысаябақтар, көрме павильондары және де «Көкшіл көлдер» жағажайы.

Жағалаудағы белдеудінегізгі жасыл массивпен байланыстыратын саябақтың абаттандырылған саяжолдарменсеруендеу жаныңызға жағымды болатыны сөзсіз. Жаяу жүргінші бағдарлардың бойындатынығуға арналған орындар ұйымдастырылған: сәкілер, алаңдар және гүлзарлар.

Оған қоса, мұнда қайық станцияларын және де мектепке дейінгі жастағы жәнемектеп жасындағы балаларға арналған «Ертегінің таңғажайып әлемі» көрмесі жәнеойындар кешені бар. Ағашты бекіністері, ауылдары, үйшіктері және көрме залдарыбар бұл қалашық балапандарға өте қызықты. Балалар қорғандарында жиі алуан түрліэкспозициялар ұйымдастырылады. Мысалы, қазіргі күні «Алтын сақа» экспозициясыәрекет етеді, ол жерде әртүрлі елдерден және халықтардан келген балалардың қияләлемі, қаһармандар әлемі көрсетіледі. «Экспозиция жас көрермендерге, ересектұрғындарға және қала қонақтарына авторлық қуыршақ және ойыншықтардың тамаша жәнеалуан-түрлі әлемін көруге, бұл өнер нысанының беретін жағымды эмоциялардыңтаңғажайып қуатын сезінуге мүмкіндік береді», - дейді мұражай-қорықтыңжұмысшылары.


Әскеритехникамен танысу

Шынай әскеритехникалары бар саяжолдар, сөзсіз, жасөспірімдерге қызықты болар. «Әскерикешен» деп аталатын кешен екі павильоннан тұрады: Ұлы Отан соғысы 1941-1945жылдары соғыс алаңдарында шайқасқан Кеңес Одағының 109 қаһармандарына – шығыс қазақстандықтарғаарналған «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға...» экспозициясы бар Жеңіспавильоны.

1979-1989 жылдардағыАуған соғысының және 1986 жылғы Чернобыль апатын жою тақырыптарын ашатынэкспозицияларын қамтитын екінші павильон.

Кешен аумағындаҚазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігімен ұсынылған 1938-1970-шыжылдардағы әскери техниканың үлгілері демонстрацияланады.


«Жібек жолы»саябағы

«Жібек жолы» саябағындаы сізді жәнебалаларыңызды сәулеттік-көркемдік бейнелер шабыттандырады: «Хан сарайы»(Қазақстан), «Керуен сарайы» (Қазақстан), «Раджа сарайы» (Үндістан), «Эмирсарайы» (Орта Азия), «Император сарайы» (Қытай), «Каравелла» көрме орталығы, сарқырамалар.

Мұнда жиі түрлі көрмелер өткізіледі. Осылайша, мысалы, Қытай императорысарайында жаңа зал ашылған. Ол жерде «Қытайдың заманауи мәдениеті» аттыфото-көрмесі өткізілді. Мұражай-қорық қонақтарын Ұлы Жібек жолы мемлекетініңмәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыруын әлі де жалғастыруда.

Мұражай-қорықтың солжақ жағалау кешенінде балаларыңызбен ұмытылмас демалыстарды өткізе алатыныңызанық. Саябақта бірнеше дәмханалар жұмыс істейді, толықтай аймақты кішкентай пойызбенжүріп өтуге болады. Ал жазғы мезгілдері, жексенбілік күндері, «Шеберлерқаласында» қолөнер түрлерінің әртүрлі шебер-класстарына қатысуға болады.

Белсенді демалыс

Өскемен қаласындабірнеше ойын алаңдары ашық аспан астында әрекет етеді. Балаларға арналғандәмханалар, сауықтыру кешендері және қарапайым аттракциондар және сырғанайтынтөбешіктері бар барлық мүмкін ойын залдары бар. Олардың мекен жайларын жәнеқарым-қатынас байланыстарын, ешбір қиындықсыз, ғаламтордан таба аласыздар.

Айтылғандардан басқа,демалыстың одан да белсенді түрлерін таңдауға болады! Мысалы, балаларменбассейнге (қалада бірнешеуі бар) бару немесе Б.Александров атындағы Спортсарайында коньки тебуден ляззат алуға да болады!

Өскемен қаласы өз қонақтарына ұсына алатын нысандарға мол!


Similar publications