menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Алтын Орда мен Қазақ хандығы дәуірінің тарихи ескерткіштері

  • Мәдени мұра

Бұл мақала қазақ халқының тарихын, ескі аңыздарды, шығыс әңгімелерін ұнататын барлық адамдарға арналған.

Бәріміз де еліміздің егемен, дербес мемлекет ретінде пайда болу және қалыптасу тарихының жүздеген жылдарға созылғанын білеміз. Еуразияның жүрегіндегі ұлан-ғайыр далада көшіп қонып жүрген тайпалар көптеген қасіретті, соғысты да бастарынан өткізді.... Алайда қазақ халқының көшпелі рухы сақталып қалды, және ұлы далада бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Бұл жерлермен көптеген керуен жолдары өткен, тарих пен сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері қалдырып кеткен өркениеттер пайда болып, кейбір жойылып та кеткен.

Бірақ, соған қарамастан, қазіргі Қазақстанның түп негізі ретінде 1266 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған, ал 1320 жылдардың басында исламды мемлекеттік дін деп жариялаған ортағасырлық мемлекет - Алтын Орданы айтуға болады. Міне, дәл осы аумақта 136 жыл өткен соң, дамылсыз далаға бейбітшілік әкелген, барлық көшпелі қазақ тайпаларын өз қанатының астына біріктірген Қазақ хандығы құрылды. XVI ғасырда хандық біріктірген адамдардың саны миллионға жетті! Ол 400 жылға жуық өмір сүру периодында жеңіс пен жеңілісті қатар басынан өткізген, мықты гүлденген держава болған, қалай дегенмен де бай тарихы бар егемен ел ретінде біздің тәуелсіз Қазақстанымызға қайта түледі.

Алаша хан кесенесі

Әрине, ғасырлар бойы қалыптасқан тарих, Алтын Орда заманынан бері сақталып келе жатқан сәулет ескерткіштері түрінде із қалдырды. Ерте орта ғасырға (XI-XII ғасыр) жататын көне ескерткіштердің бірі, қазақ тайпаларының белгілі қолбасшысына арна салынған Алаша ханның кесенесі. Оның даңқы бүкіл даланы дүр сілкіндіріп тұрды, тіпті, жүзге бөліну де оның шешімімен пайда болды деген ұғым бар. Көптеген қазіргі халықтар (башқұрттар, қырғыздар, қарақалпақтар) және қазақтардың өзі оны өздерінің ата-бабасы деп санайды.

Кесененің өзі басқа ортағасырлық көптеген ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді, мұнымен ұқсас сәулет стилі - Орталық Азияда сирек кездеседі. Дәлірек айтқанда, оның арқасында, ғимарат монументалды, салтанатты және өте әсерлі болып көрінеді. Пропорциялары дәл сақталған, байсалды жасалған декордың аздаған бөлігі, мықты алты бұрышты бағаналар, терең арка – далалық ұстамдылығы бар шығыстық колорит. Өте әсерлі көрініс.

Білу керек:

Мұнда машинамен жетуге болады, сәулет ескерткішін көру және суретке түсіру - тегін, ең бастысы - құрғақ далада және ыстық күнде (жылдың ыстық кезеңі) сапарға шығуға дайын болу қажет. Мұнда көктемде, дала гүлденіп, шөптердің иісі бұрқырып тұратын кезде келген өте тамаша, даланың саф ауасы,тіпті, басыңды айналдырып жібереді, ал жасы ондық ғасырға жететін керемет құрылыс одан сайын күшті әсер арттырады. Кесене Қаракеңгір өзенінің оң жағалауынан екі шақырым қашықтықта орналасқан, жақын маңда - Қарағанды облысының Малшыбай ауылы бар. Сіз ауылға барып, жергілікті тұрғындардан қалай тез жетуді сұрай аласыз және азық-түлік немесе тіпті, ұлттық тәтті тағамдарды да сатып ала аласыз.

Жошы хан кесенесі

Жошы хан кесенесі Шыңғыс ханның үлкен ұлы, ұлы қолбасшы және жеңімпаздың қабірінің үстіне салынған. Жошы өзінің әкесінің сүйікті ұлы болған және жаулап алған иеліктерін бөлу кезінде ең үлкен жер мен даңққа ие болды. Өкінішке орай, ол 30 жас пен 40 жасының арасында ауыруға шалдығып, әкесін, Шыңғыс ханнан жарты жыл бұрын қайтыс болды. Сол кезде бұл ғажайып кесененің құрылысы басталды, ол кесенені салуға пайдаланған кірпіш сапасы қазіргі заманғы құрылысшыларды да таң қалдыруда (оны жасаудың сыры сол күйі анықталмаған, бірақ оған қолданылған балшық қымызға қосып иленген, ал оны күйдіруге құйрық майы қолданылған деген аңыз бар).

Кесене ғимараты - күн сәулелерінен көгілдір күмбезбен көмкерілген, қызыл-қоңыр түсті күйдірілген кірпіштен салынған порталды-күмбезді құрылыс. Кіреберісте сізді тақтайшалармен безендіріліп қапталған биік портал қарсы алады, ал "шырша тәріздес" етіп қалануы монументалды көрініс береді. Кесененің ішінен көне лебіз сезінесіз. Жарық күмбездегі тесік арқылы түседі, бірақ терезелердің жоқтығына қарамастан, мұнда жарық және мүлдем қорқынышты емес, керісінше – өте тыныш сияқты... Кіреберістің сол жағындағы баспалдақтан жоғарғы қабатқа шығып, мың жыл бұрын көшпелі ата-бабаларымыз тамашалаған керемет көріністі тамашалай аласыз.

Білу керек:

Бұл жерге экскурсиялық топтың құрамында немесе өздігінен автокөлігікпен жетуге болады. Ол Жезқазғаннан солтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қарақеңгір өзенінің сол жағалауында немесе «Сарыкеңгір» ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Экскурсиялық тур 10-нан 15 мың теңгедей шығады, егер машинамен бару мүмкіндігі болса, онда шығындар тіптен аз болады, бірақ гид баяндап беретін осы жердің қызықты тарихын және халық аңыздарын тыңдай алмайсыз.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Орталық Азиядағы ортағасырлық сәулет өнерінің керемет мәдени ескерткіші мен сәулет өнерінің інжуі болып саналады. Ол, тіпті, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген, себебі ол XIV ғасырда Ақсақ Темір салдырған төрт құрылыстың арасындағы бізге жеткен жалғыз ғимарат! Оған басқа, ол салынған кезде сол уақыттың сәулетшілерінің ең озық, жаңашыл шешімдері қолданылды, бұл көптеген жаңа конструктивті әдістерді анықтап, соңғы орта ғасырдың түпнұсқалық сәулет стилін қалыптастырды. Оны салуға Темучин империясының барлық жерлерінен шебер қолөнершілері шақырылды, тіпті кесененің әртүрлі бөліктерінде жазып қалдырылған кейбіреулерінің аттары бізге дейін жетіп отыр.

Кесененің іші қандай әсем болса, сырты да сондай керемет. Мұнда күмістен жасалған есік ілгегі, ауыр қола шамдары және тіпті, су үшін үлкен қола қазаны бар. Шығысқа тән жинақылық және түрлі мақсаттағы залдардың саны таңдай қақтырады (олардың барлығы 36): жиналысқа, пікір алысуларға, зікір салуға, бірлесіп оқуға арналған зал, сондай-ақ киелі орын аумағында тұратын адамдар үшін кітапхана, дәретхана, құжыра бар.

Білу керек:

Кесене Түркістан облысының қазіргі Түркістан аумағында орналасқан. «Алтын Орда» автобекетінен автобус немесе такси арқылы жетуге болады, ара қашықтығы шамамен 3 шақырым. Бұл өте аз шығынды бюджеттік нұсқа болады, өйткені кіру билеті құны 200 теңге шамасында ғана. Есесіне сіз қаншама әсер аласыз! Онда болған әрбір адам, кесенені көрген бірінші сәттерден бастап, бірнеше жүз жылды артқа тастап шығыс ертегісіне енгендей әсерде болады.

Арыстан баб кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің пайда болу тарихы Арыстан баб кесенесімен тығыз байланысты, себебі ол Яссауидің рухани және діни ұстазы болған. Ол Яссауиге діни білім беруде маңызды рөл атқарды, соның арқасында ол Орталық Азиядағы ең ірі суфизм қауымдастығының негізін қалады. Көптеген аңыздарға сүйенсек, Яссауи кесенесінің құрылысы Әмір Темір Арыстан бабқа алдымен құрмет көрсету қажеттілігін түсінгенге дейін бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған, өйткені онсыз «ислам нұрын далаға әкелген» шәкірт болмаған болар еді. Сол кезде, XII ғасырда осы кесене салынған.

Бірақ, ол бүгінгі күнге дейін өзінің бастапқы қалпында жете алмады. Бастапқыда оны Отырар апаты жойды, XV ғасырдан кейін қалпына келтірілген ғимарат жер сілкінісіне ұшырады, XIII ғасырда қайта қалпына келтірілді, бірақ ол қайтадан құлады. Осылайша, тек 1971 жылы ғана кесененің қазіргі келбетіне келді. Ұлы ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған, басты қасбеті - мұнаралармен, айшықты қабырғалармен және терең бұрышпен безендірілген. Ол әулиенің денесі сақталған қабірдің өзінен және мешіттен тұрады. Мұнда Яссауи кесенесіне баратын барлық қажылық басталады, өйткені ең алдымен оның ұстазы - Арыстан бабқа құрмет көрсету керек.

Білу керек:

Кесенеге Шымкенттен жетуге болады, себебі ол жақтан экскурсиялық турлар мен қарапайым қоғамдық көлік бағыттары жолға қойылған. Кіру билеті символикалық соманы құрайды, сондықтан басты шығындарды тек қана жол жүру мен тұру шығындары қамтиды.

Айша бибі кесенесі

Мүмкін, бұл кесененің салыну тарихын, бір уақытта, ең әдемі, романтикалық және қайғылы деп атауға болады. Ол аңызға және сиқырға толы, бүгінге дейін мұнда еліміздің және әлемнің түпкір-түпкірінен көптеген отбасылар бейбітшілік, таусылмас махаббат пен үйлесімділік сұрауға келіп тұрады.

Ежелгі аңыздарға сәйкес, баяғы бір замандарда Хәкім ата деген бай кісінің - Айша бибі деген қызы және танымал емес рудың басшысы - Қарахан деген адамдар өмір сүреді. Қарахан мен Айша бибі бір-біріне бір көргеннен ғашық болып қалады, бірақ ару қыздың әкесі бұл одаққа қарсы болған. Қарахан қайғы-қасіретімен туған жеріне қайтып оралады, ал, қоштасудың қиындығына төзе алмаған қыз, түн ортасында күтушісі Бабажамен бірге әкесінің үйінен қашып кетті. Әкесі қызының қылығын естігеннен кейін олардың мәңгі бірге болмайтынын уәде беріп, ғашықтарға теріс батасын береді. Солай бола да қалды, сапардың соңында қызды улы жылан шағып алады. Қарахан жылдам келіп үлгереді, ғашықтар некесін қидырды. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем кесене орнатады. Әр күні таңертең Карахан кесенеге 5 қызыл раушан гүлін әкеліп қоятын еді, осылайша, Айша бибіге деген махаббатын өле-өлгенше білдіріп өтеді. Ол өзінің кесенесін сүйіктісінің мазары көрініп тұратындай етіп салуға бұйрық береді.

Қазіргі уақытта Тараз қаласы мен оның айналасындағы аудандардың тұрғындары үйлену күнінде дәстүрлі түрде Айша бибі мен Қарахан кесенесіне келіп тәу етеді, ұзақ және бақытты неке үшін бата тілейді. Жүрекке жылу беретін, сүйіспеншілікке толы керемет дәстүр де көптеген туристерді қызықтырады, сондықтан кесенелердің жанында адам жоқ сәттер сирек болады.

Білу керек:

Кесене Жамбыл облысының Айша бибі ауылында, Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жерге өздігінен жетуге болады, бірақ жолдың қуантпайтындығына дайын болу керек. Сондай-ақ, экскурсия құрамында да баруға болады, онда бірден бірнеше әулие жерге баруға болады. Мұның бәрі сіздің қаржыңызға және мүмкіндіктеріңізге байланысты. Әрине, автокөлікпен бару тиімдірек болатыны сөзсіз, өйткені әулие жерлерді аралау тегін, барлық шығындар тек жол мен азық-түлікке жұмсалады. Бірақ, онда кей бір қызықтарды өткізіп алуыңыз мүмкін, өйткені экскурсиялар туристерге мүмкіндігінше көп нәрсені көрсетіп айтып беру үшін жасалады.

Бұл мақала қазақ халқының тарихын, ескі аңыздарды және шығыс ертегілерін ұнататын барлық адамдарға арналған. Керемет күмбез құрылыстар, қақпалар, мұнаралар, әдемі өрнектер, әшекейлер мен хаттарлардың барлығы мың бір түн ертегісінен шыққандай ... олар туристерді таңғалдырып, бұл қасиетті жерлерге қайтадан оралтады. Біздің керемет еліміз бойынша саяхат жасауға ойлансаңыз, біздің тізімімізді елемей қоймаңыз. Жоғарыда айтылған кесенелердің біреуіне барып қайтсаңыз, басқаларын да көру үшін барыңызды жасайтыныңызға сенімдіміз.