Алматыдағы жазғы кеш

Алматыдағы жазғы кеш

Қалалар

Алматыдағы жазғы кешті тек көріп ғана емес, бар жан-тәнімен сезіну қажет!

1. Алматыдағы жазғы кеш–бұл,бір рет болсын көруге тұрарлық нәрсе! Өз көзіңмен, әрине!

2. Қазақстанның бұрынғы астанасы өз мәртебесін жоғалтса да, өз рухын жоғалтпады. Алматылықтар баяғыдай республиканың өзге тұрғындарының арасынан өз қаласына деген жорта сүйіспеншілігімен, өмірге деген романтикалық көзқарасымен және қоршаған кеңістікке тілектес қарым-қатынасымен ерекше көзге түседі.

3. Осыған көз жеткізу үшін алматылық кештің баурап әкететін аурасына бір рет болсын сүңгу жеткілікті. Жай ғана, ерекше жоспарсыз және мақсатсыз, кетіп бара жатқан күннің аясымен кезу, ескі қала орталығының жаяу жүргінші көшелерімен бос кезіп, жылы сәкілерде отырып, дәмханалардың жазғы алаңдарында шәй ішу.

4. Қазақстандықтар қалжыңдап айтқандай: Алматы-қыдырады, Астана-тойлайды, ал Қарағанды жұмыс істейді. Қалжың болса да, белгілі бір шындық үлесі бар сияқты.

5. Алматы – кешкі серуендер үшін табиғатпен жаратылған. Біздің оңтүстік қаламызда (демекші, Риммен және Мадридпен бір ендікте орналасқан) сондай ыстық, күн шуақты күндер болмағанда, осы алтындай және берекелі кештер соншалықты аяулы және еліктірер болар ма еді!

6. Дегенмен, біздің жаз – әртүрлі түсінілетін ұғым. Ол, көбіне үш ай емес, керек десеңіз, алты айға созылады! Мамыр айынан қазан айына дейін.

7. Келіңіздер, сүйікті қалалық променадтардың бірі – Панфилов көшесі бойына немесе Жібек Жолына бірге шығайық! Бұл – Алматының және алматылықтардың кешкі өмірінің орталығы!

8. Дегенмен, бұл жаппай серуендеуге бейімделген жалғыз ғана көшелер емес, жылдан жылға олар көбейіп келеді. Қалалық биліктің жаңа тренді – "Жаяу жүргіншілерге арналған қала" - берекелі жерге, Алматыға түсті.

9. Жергілікті халықтың қалың жиынына ұшырасып қалған келушілерді үнемі не таңқалдырады? Қала тұрғындарының түрлері мен жүздерінде көрініс тапқан еркін космополитизм. Сырттай ұқсамайтын адамдардың бір-бірінің қасында өздерін соншалықты алаңсыз және жайлы сезінуі, кез келген адамның көңілінен шығады.

10. Сонымен бірге, халықтың дарындылығы да міндетті түрде көзге түседі. Алматының тұрғындары тек толерантты ғана емес, сонымен қатар, олар топ арасында жасампаз да, табиғатынан дарынды да. Өз дағдыларын көшеде көрсетуге ұялмайды.

11. Сондықтан да, кешкі көшелер кей жерлерімен көше фестивалі кезінде концерттік алаңдарға ұқсап кетеді. Мәңгі жалғасатын фестивальге!

12. Көшедегі музыканттар - көп ұлттық мегаполисттің көп полярлықтың мәдени алуандығы түрінде көрсетіледі. Домбыра мен гармонь, скрипка мен балалайка, гитара мен үнділік мриданг – осының барлығы бір-бірімен көршілес, үйлес және де әрқайсысы өз табынушыларына ие.

13. Рок, рэп, соло, ансамбльдер, поп, классика, кеңес эстрадасы, этностық музыка. Егер, Сіз, жанға жай бірдеңе тауып және тыңдағыңыз келсе, осында келіңіз!

14. Бірақ әсемдікті жанмен ғана қабылдау міндетті емес. ... Асқазанмен де қабылдауға болады! Ол үшін Шығыс пен Батыс соншалықты елесті үрде ұштаса кеткен қалада, тек іргелер ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктер де бар!

15. Ал, соған қоса осы бір кешкі дефилелерден біздің болашағымызды айырып тануға болады. Міне, ол, жер-жерде жыбырлап, азан-қазан болып шулап және өз сұраныстары мен сұрақтарына көңіл аударуды талап етіп отыр.

16. Алматылықтар балаларды жақсы көреді және балалар барлық қалалық көріністердің, оның ішінде осы кешкі серуендердің міндетті түрдегі қатысушылары.

Әлдеқашан ұйықтайтын уақыт болып қалған ба? Бірақ, түс – келіп-кетуші материя секілді, одан қашып құтыла алмайсың!

17. Өзінің талғампаз бейнесіне қарамастан, Алматы, сонымен қатар, шығыс қаласы.

Тапқырлық біздің қанымызда бар және көшедегі сатушылар да, көше музыканттары секілді міндетті болып табылады. Оған қоса, барлық жергілікті бастамалардың бір сәтте жауап беретін қытайлық фабрикацияның тарапынан қуатты қолдауы бар!

18. Күн батып, көшедегі шамдар шырақтарын жағады, көптеген мейрамханалар мен барлардың жарықтары барған сайын көріне бастайды, бұрқақтардың жарығы үдете жанады. Алматының көшесіндегі өмір жалғаса береді!

19. Осы өмір, қаласаңыз, алматылықтардың санасыз ұжымының өзіне бөлек квинтэссенциясы!

20. Мен «Алматыдағы жазғы кешті бір рет болса да, көру қажет» деп бастағанмын. Бірақ, ол мүлде олай емес. Алматыдағы жазғы кешті тек көріп ғана емес, бар жан-тәнімен сезіну қажет!

Similar publications