menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақстанда курорттық демалысқа арналған үздік орындар

  • Табиғат

Төменде ұсынылған тізімінен қай жерге бармасаңыз да, бір секундқа да көңіліңіз қайтпайды.

Белсенді демалыс, таулы бағдарлар, атты турлар, көне тарихи орындарға сапарлар туристерді қаншалықты тамсандырса – курорттық демалыс әрқашан да ең танымалы және ең талап етілгені болып қалады. Себебі, бәріміз де жағалауда жатып демалғанды, жылы мөлдір суда жүзуді, жағажайда жатып, сергіткіш коктейль бокалымен батып жатқан күн бейнесін тамашалауды немесе массаж жасатуды, шипалы саз ванналарына шомылуды,ғажайып қасиеті бар бұлақта шомылуды жақсы көреміз. Бұл еліктіргіш суретті елестетіп көрдіңіз бе? Біздер – иә! Міне, сондықтан да, қазір сіздің назарларыңызға "SPA" белгісі бар демалысқа арналған орындардың үздік бестігін ұсынамыз.

Бурабай

Тағы да біздің сүйікті Бурабайымыз шыңдардың үстіне шығуда. Себебі, бұл орын шаршаған турист үшін шынайы оазис: мұнда бүтіндей 14 кристалды-таза көлдер бар, олардың көбісі ғажайып әсерлері бар минералды суларымен және емдік қасиеті бар балшықтарымен әйгілі. Түрлі демалыс үйлердің, шипажайлардың және турбазалардың негізгі жиынтығы екі үлкен көлдердің – Бурабаймен Шортанды – бойларында жайғасқан. Олардың әрқайсысы биік жартасты таулармен және қылқан жапырақты ормандармен қоршалған, осының арқасында мұндағы ауа қылқан, шөптер мен гүлдердің және балдың араласқан хош иісімен толтырылған.

Көлдерде маусым басынан бастап шомылуға болады, ауа температурасы көлдің су бетін жақсы ысытып 29 градусқа жеткізеді. Олардың көбісі тұп-тұнық суық бұлақтарды және тау өзендерін қоректендіретіндіктен, мұндағы су жақсы сергітеді. Мазмұнды курорттық демалыстан басқа, мұнда ұлттық қазақ өзгешеліктермен рахаттануға болады: көшпелі рухтарын сіңірген көп емес дәмханалар және мейрамханалардың кездестіруге болады. Ол жерлерде, негізінен, арнайы қазақ тағамдары ұсынылады: көкөністер қосылған жұмсақ жас қойдың еті, жылқы еті (сүрленген немесе қазы түрінде), бешбармақ, майлы айран, ең дәмді шелпектер, бауырсақтар, сүтті немесе қаймақ қосылған хош иісті шәй. Көп жүруді ұнатпайтын, қарапайым суға түсіп демалуды сүйетін жандар үшін нағыз жәннаттың өзі.

Сарыағаш

Сарыағаш - бұл өз денсаулығына қамқорлық жасағысы келетін туристерге арналған шынайы бальнеологиялық жұмақ. Ол Өзбекстанмен шекаралас жерде орналасқан, сондықтан бұл оның ауа-райына қатты әсер етеді - жаз мезгілдерінде өте ыстық, сол үшін қолайлы уақыттар – мамырдан маусымға дейін және қыркүйектен қарашаға дейін. Дегенмен, аптап және құрғақ ауа да – адам организміне емдік әсерінің бөлігі болып табылады, әсіресе тері аурулары,артрит, орталық жүйке жүйесінің бұзылулары кезінде. Әрине, Сарыағаштың інжуі –мүшелердің әртүрлі жүйелеріндегі қабыну үдерістерін, жараларды және т.б қамтитын жүздеген түрлі ауруларына қарсы алдын ала емдеудің керемет амалы болып саналатын минералды көздер болып табылады. Мұнда демалуға келгенде, бұл жердің сізге ұнайтынына күмәніңіз болмасын! Шипажайларда қонақтарды келесілер күтуде:

Жабдықталған жайлы нөмерлерде тұру, оған толығымен тамақтандыру да қосылған. Жергілікті шипажайлар мен емдеу орталықтары ұсынатын тағамдардың көбісі бірыңғай диеталық және ешбір майлы, қуырылған және пайдалы емес тағамдарды қамтымайды.

Сіздің денсаулық күйіңізге сай арнаулы емдеу-сауықтыру бағдарламасы жасалады (ең негізгілері – минералды ванналар, орау, емдік массаж, Шарко душы, бауырды тазалау және тағы басқалары).

Әрине, сізді ДТ (дұрыс тамақтану) бойынша тамақтануға ешкім де мәжбүрлемейді, жергілікті дәмханаларға барып өз есебіңізге тамақтана аласыз. Тамақтар мұнда өте дәмді, ұлттық қазақ және өзбек тағамдарының дәмдерін татуға болады.

Шипажайлардың жеке аумақтарында бассейн және жаттығу залдары да бар. Бұл жерден денсаулығыңызды максималды жақсартып кетуіңіз үшін барлық жағдайлар жасалған.

Шипажайлардың саны мұнда көп, ал қымбаттары тек жаңа ашылғандықтарымен ерекшеленеді, ол жерлерде адамдар көп емес, бірақ ойын-сауықтар көбіректеу. Бірақ, барлық жерлерде де мән-жайы бір – сіз курорттарға демалып, емделуге бара жатырсыз және мұны кез келген шипажайда және кез келген мөлшерде ала аласыз. Өзіңіздің талғамыңызға сай кез келгенін таңдапалып, нөмірлерді брондаңыз. Міндетті түрде туроператормен тасымалдау мүмкіндігін және қалаға жетудің қолайлы амалдарын талқылаңыз – сізге бәрі де түсіндіріп беріледі.

Алакөл

Алакөл... Бұл, тіпті, көл де емес, нағыз теңіздің өзі, өйткені белгілі орындардан қарама-қарсы жағалауларды көре алмайсыз және оның тереңдігі де қомақты – 54 метрге дейін. Көл қазақстандықтар үшін ерекше тосын-сый деп те айтуға болады, себебі мұндай көмір тәріздес қап-қара құмы және жағалау зонасы ерекше көлді ешқайдан да таба алмайсыздар. Оған тағы көлдің сүтті түстен қою көк түске өзгеруін қосып қойып, Алакөлдің болжалды суретін ала аласыз. Алайда шындық сіздің қиялдарыңыздан анағұрлым көркем, мұнда келген соң жергілікті тұрғындардың Түркия немесе Мысырға демалуға барудың орнына осындағыт урбазаларда демалыстарды өткізуді неліктен жақтайтындарын түсінесіздер.

Адамдар мұнда пайдалы мен жайлыны байланыстыра тәнімен, жанымен және санасымен де демалады. Көлді қоректендіретін түрлі жер асты бұлақтардың арқасында су хлорға, бромға және радонға бай екені назар аударарлық, ол демалушылардың денсаулығына өте пайдалы әсер етеді. Су тері ауруларынан емдейді және де құздамалық артриттің дамуын баяулатады.

Көл Алматы және Шығыс Қазақстан облысының шекараларында орналасқандықтан оны шартты түрде екі оңтүстік және шығыс жағалауларына бөледі. Алматы жақтан мұнда демалысқа аттанғанда қонақ үйді немесе демалу базасын Ақшы немесе Көктума сияқты бірнеше ауылдарда таңдауыңызға болады. Иә, Ақшы Көктумамен салыстырғанда, біраз қымбатырақ шығар, алайда оның сапасы дажоғары:

  • Ауыл туристік зона мәртебесіне ие
  • Жергілікті жағажайлар таза және кеңдеу
  • Мұнда қолайлылықтың барлығы, үшреттік тамақтандыру жәнекөптеген сауықтыру қосымшалары бар керемет демалыс зоналардың саны көп.

Мұндағы адам басына келетін бағалар 6000 теңгеден басталады, бірақ ол жақтары таза, жайлы және өте қолайлы. Қаражатыңызды экономдағыңыз келсе, сізді Көктумаға, мүмкін, тіпті ресми түрдегі демалыс зоналарына емес, қарапайым бір үйдегі бөлмеге жайғастырады. Басқалары, тіпті, «жабайы» демалысты да таңдайды.

Егер сізге оңтүстік жағалауға жету ыңғайлы болмаса, уайымдамаңыз – шығыс жағы мүлде кем түспейді. Сол жаңартаудық жұмыр тастар, шұбар ала сулар және теңіз тұзының хош иісі сезілетін таза ауа. Сонымен бірге, шипажайларға келіп денсаулықтарын жақсарту мақсатында көптеген туристер дәл осы жерлерге келеді. Туристік инфрақұрылым мұнда тездамып жатыр, сондықтан мұнда таңдауға болатын қонақ үйлердің, пансионаттардың және демалыс үйлердің саны көп, қолайлылық, емдік шаралардың жиыны және сауықтырудың түрлі деңгейлеріндегі шамамен 30 шақтысы бар.

Шығыс қазақстандық SPA: радондық бұлақтар және панталы емханалар

Сонымен, Алакөлдің шексіз минералды суларынан біз SPA-демалыстың басқа түріне өтеміз. Радонды бұлақтарда шомылу және Рахман қайнарларындағы шипажайларда емдік шараларды өту. Аты аңызға айналған «Рахман қайнары» шипажайы орналасқан мекеннің және басқа бальнеологиялық курорттардың сұлулығын ескермейміз де. Елестетіп көріңізші– Алтай тауларының жүрегі, ормандар, алыс емес жерде әлемнің ең биік шыңдарының бірі – бой көтеріп түрған үшбасты Мұзтау тауы.

Жалпы айтқанда, шаршаған, ем алуға армандайтын турист үшін нағыз жәннат. Демалу үшін мұнда қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Атап өтейік:

Кіреберісі бос құйылмалы радонды ванналарда шомылу. Яғни,сіз суы үнемі жаңаратын тұндырғыда шомыласыз, су температурасы – табиғи, яғни оның пайдалы қасиеттері толығымен сақталған.

Демалушыларға емдік шараларды тағайындаудың жеке тәсілдері. Бұлақтардың температурасы ауытқып тұратындықтан, демалушылардың жеке ерекшеліктері бойынша су жылылығын таңдап алуға болады.

Оған қоса, шипажайларда қосымша қызметтерді де алуға болады: гидромассаж, гидро және физиотерапия, шипалы саз ванналар, әртүрлі ораулар,термотерапия, қарапайым массаж және массаждық душ.

Айтылап кеткендерден басқа қоршаған табиғаттың ақылға сыймайтын байлығы көзді қуантады: жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және емдік шөптермен қамтылған ормандар, көлдер және су сарқырамалары.

Қазақстанда алуға болатын ең ерекше және айырықша емдіктердің түрі – панталы ем шаралар. Оны жылына тек бір рет қана алуға мүмкіндік бар – мамырдың соңынан маусымның аяғына дейін, ол маралдың жас мүйіздерін кесу шаралары өткізілетін уақыт. Олардан демалушылар шомылатын емдік қайнатпа қайнатылады. Адам организмі тері жасушалары арқылы қайнатпадан пайдалы элементтерді сіңіріп алады,бағаналық жасушалардың өсу үдерісі, регенерация жылдамдата кетеді, барлық ұлпалар жасарады. Мұндай ем шарасын тек мамандандырылған Катон-Қарағай ауданының марал шаруашылығында алуға болады. Ол жерде бірнеше бюджетті де, қымбат та панталы емханалар ұйымдастырылған. Негізгі орындалатын функция барлық жерде бірыңғай, тек қолайлылық деңгейі және сыртқы орталары ғана айырықша болады. Сол себептен, экономдағыңыз келсе, өз қаражатыңызға сайын таңдап алыңыз.

Алматы облысы

Алматы облысында SPA-демалысқа арналған көптеген қызықтырар орындар бар. Күн сәулелері астында жылы суларда шомылып демалуға, шипалы сазды ванналарға шомылуға немесе медициналық білімі бар дарынды массаж жасаушылардың қол астына берілуге армандайтын туристер үшін бұл нағыз қазына. Мұнда дәрілік, жоғары сапалы орташа сульфитті балшықтармен емдеуді, миниралды суларда шомылуды, криосаунаға түсуді, кәсіби косметологтардың және эстетикалық медицина орталықтарының қызметтерін ұсынатын шипажайлардың бірталайын табуға болады.

Сонымен бірге, Алматыдан алыс емес жерде демалыс үйлері және табиғи-сауықтық бақтар жұмыс істейді. Мұнда емдеу-сауықтыру емшаралардың түрлері көп: шипалысаз ванналардан иондалған судың көмегімен емделуге дейін. Олардың барлығы көрінісі тауларға және көлдерге ашылатын байтақ алматы облысының көркем орманды өңірлерінде жайғасқан. Талғамыңызға (қаражатыңызға) сайын таңдап, денсаулықты жақсартуға алға аттаныңыз! Мұндай демалыс сізді толық дем алу және босаңсу атмосферасына ендіреді.

Келесе демалыс үшін үздік орындарды таңдаған кезде біздің құрастырған guide-мақаламыз сізге көмектесетініне үміттенеміз.

Жоғарыда ұсынылған тізімінен қай жерге бармасаңызда, бір секундқа да көңіліңіз қайтпайды.

Егер де ол жаққа қайта оралғыңыз келмесе, ол тек біздің сипаттаған барлық ғажайып спа-орталықтарына бармағаныңыздан және оларға әлі де баруға талпынатыныңызға сенімдіміз!