Әркім көруге міндетті Қазақстан пейзаждарының үздік ондығы

Табиғат

Қазақстанның үздік 10 ғажайып пейзаждары

Қазақстан бойынша көптен бері саяхаттаушы әрбір турист немесе тіпті, туғанынан осында тұрып жатқан адамдар да табиғаттың әсемдігі және бұл жерлердің ерекше алуан түрлілігі жайлы барлығын білмейтіндеріне күмәніміз жоқ. Оған қоса, көпшілік "дала" және «таулар» ауқымды түсініктерден басқа, еліміздің тым болмаса бірнеше көрікті жерлерін атап айта алмайды. Ал, олардың саны қандай көп! Қазақстан шекерасын өтпей-ақ, әрбір көрікті жерді толықтай зерттеп, бақылауға бірнеше жылдай қажет болады. Мұнда барлық алты континентердің сауықтарын табуға болады: көне өркениеттің қалдықтары мен тарихи орындарына саяхаттар, көңілді курорттық демалыс, шөл және құмды барқандар бойы мен драйвті ралли, халықаралық биік таулы курорттарда қарлы серуендер немесе жаз мезгілдерінде тауларға сапарға аттану. Осының барлығын торыққан туристің де басын айналдыратын таң қаларлық көріністер сүйемелдейді. Сонымен, бұл мақалада, ұлы суретшілердің суреттерімен теңесетін Қазақстанның он шақты бірегейлі жерлерімен таныстырамыз. Ол жерлерде өте жақсы әдемі фотосуреттер жасауға болады, сондықтан қолыңызда кез келген камераңыз болса, ол саяхат бойы жұмыстан бас көтермес.

Қайыңды көлі

Бұл көлді өз көзіңмен көрген кездегі бүкіл әсерлерді фотосуреттерді қарау кезінде сезіне алмайсың. Пайда болу тарихы сияқты өте керемет, айырықша орын. Алғаш рет көргенде оның тым көне екендігі және литосфералық тақталардың орын-ауыстыру нәтижесінде пайда болғаны сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ-та, бұл мүлде олай емес! Қайыңды көлі-Қазақстанның ең жас ерекше көлдерінің бірі. Ол 1910 жылы алып көшкін түсіп, шатқалды тосқауылдап қойғанда, ең көбі 100 жыл бұрын ғана пайда болды. Осылайша, мөп-мөлдір бұлақ суы бұл резервуарды бірте-бірте толтырып, өсіп тұрған қылқан жапырақты орманды сумен басып кетті. Таңғаларлығы бұтақтардың сақталғаны, алайда, судың астында! Су үстінде тұратын ағаш діңдері толықтай жалаңаштанып, бүгінгі күнге дейін төбешіктер сияқты қылтиып тұр. Халықта оларды Қорғаушылар деп те атайды. Көл суы қаныққан көгілдір түсті, кейде реңін көк-жасыл түстен көкшіл түске өзгеріп тұрады. Жақынырақ келіп қарасаңыз, тұп-тұнығына таң қаласыз, тіпті, су асты әлемін де тамашалауға болады. Ал, дайвингке құмар жандар бұл орынға енжар қалмас.

Білу қажет:Көл Саты ауылына жақын, Алматыдан 288 километр қашықтықта орналасқан. Дәлірек айтсақ, ауылдан көлге дейінгі соңғы 12 шақырымды аса қиылыспалы жолмен жетуге тура келеді. Экологиялық алым төлеуге дйын тұрыңыз, өйткені Қайыңды көлі және оның маңындағы шоқ қайыңдары 2007 жылдан бастап ұлттық саябақтың құрамына кірді. Мұнда суға түсуге өте суық болар, су температурасы +6 градустан көтерілмейді, ал ауа температурасы тым қолайлы +23 градус. Қысқа периодқа Саты ауылында жайғасуға болады. Сонымен қатар, бұл жерлерде туристік инфрақұрылым жақсы дамыған, тілек білдірушілер «түнейтін» жерлер және жету жолдары жайлы уайымдамай, көлге тур арқылы сапарға аттана алады.

Бурабай - нағыз туристік жәннат


Көбінесе биіктен байқауға болатын бүкіл әсем көріністерді көре алмаймыз. Шіркін, қанаттарымыз болса еді... Міне, осы қасиетімен Бурабай ерекшеленеді. Жеке тікұшағы немесе қанаттары жоқтар Бурабайдың барлық ғажайыптарын құс ұшар биіктіктерден көре алады. Ол үшін 147 метр биіктіктегі көру алаңына, Бөлектауға көтерілу жеткілікті. Алаңнан өлкенің барлық көрікті жерлерінің табиғатына фантастикалық көрініс ашылады: Бурабай және Үлкен Шабақты көлі, Жұмбақтас жартасы, Оқжетпес тауы және Көкшіл шығанақ. Сурет жантүршігерлі әсерлі болып шығады, тіпті, бір сәтке қайда екеніңді ұмытып та қаласың, осындай ғажап жап-жақын орналасқанын біздің еш хабарымыз да жоқ.

Бурабайда ешқашан болмаған туристердің көбісі басында таң қалады: бәрі сөз ететін осындай көрікті жер не басы не аяғы көрінбес далалы жерде қалайша орналасқан? Ал, сосын, күтпеген жерлерден шыққан қалың ормандар мен қапталған биік таулар, өзендер және бірегейлі тас үйінділерін көрген кезде үнсіз қалады. Демалыс жоспарлағандай өту үшін мұнда барлығы жинақталған: жағажайда жатып демалатындарға – мөлдір таза көлдер, спа-қызметтері және массаж қызметтері бар шипажайлар, ал белсенді демалысты сүйетіндерге – ат үстінде серуендеу, әйгілі Бөлектау, Көкшетау, Оқжетпес тауларына шығу, саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теруге сапарлар және тағы басқалары.

Ал, қазір, үздік фотосуреттерді қалай жасауға болатыны жайлы кішкене мәлімет.

Білу қажет: Экскурсиялық топтан бөлек Бөлек тауына көтерілуге аттансаңыз, бірнеше нәрселерді ұққан жөн. Тауға дейін көлікпен баруға қорықпаңыз, себебі тау етегінде бірнеше автотұрақтар бар (тегін және ақылы). Жол жүру бағытын жергілікті тұрғындардан сұрауға немесе картадан табуға болады. Жолды ұзақ іздеуге тура келмейді. Тауға көтерілу қиын емес, бірақ-та ыңғайлы аяқ-киім және киім киген дұрыс. Жаңбырдан кейін немесе құбылмалы ауа-райында тауға көтерілуден сақ болыңыз – бұл кездері тау аса қауіпті.

Бозжыра: Жердегі Айдың телімі

Жергілікті қатал табиғаттың ғажабына қол ұшын тигізуге әлемнің түпкір-түпкірінен туристер келетін орынның ғаламторда толып жатқан керемет фотосуреттерін табуға болады. Ол дала жазықтарының шөлді және біркелкілігіне кешірім сұрап жатқандай, бозғыл, ақ және сарғыш түске боялған көз тартарлық аралшық тудырды.

Ертеде Үстірт толығымен су астында болатын. Мұнда 10 миллион жыл бұрын болған көне Тетіс мұхитының толқындары долыған. Барлық қазіргі теңіздер мен мұхиттардың ата-тегі – Тетіс мұхиты. Тетіспен, оның тереңдігімен салыстырсақ олардың бәрі бізге орташа көлдер тәріздес көрінетін еді. Жұмсақ әктасты алып толқындарымен шайып, ауа-райының және жер бедерінің өзгерістерінің әсерінен теңізге шегінуге тура келді. Жел мен күн елгезек жыныстарды алуан түрлі формаларға мөрлеп ісін аяқтады. Мұнда мұнараны, қорғандарды, өткір шыңдарды, ұзын шатқалдарды, тіпті, киіз үйлерді де көруге болады. Жабайы жануардың сойдақ тістері тәріздес өткір екі үлкен әктасты шыңдар (биіктігі 200 метрдей)бұл жердің өзгешелігі. Егер уақытыңыз мол және көзіңіз жақсы көрсе, онда шатқал түбінен тасқа айналған қабыршақтарды табуға болады, ал жолы болғыштар сүйекқалдықтарын немесе көне акулалардың тістеріне кезігеді.

Білу қажет:Бозжыра алқабы Ақтау қаласына 300 шақырым қашықтықта орналасқан және оған екі жолмен жетуге болады. Біріншісі – қуатты жол талғамайтын көлікте, себебі шатқал іргесінде жол жоқ. Алайда, қайда бару керек екенін білсеңіз, көру алаңына апаратын жолға түсуге болады. Алаңнан Бозжыраның ғарыштық ландшафтарына ғажайып көрініс ашылады. Туристік компаниялардың қызметтерін қолданып, Шопан ата мен Бекет ата жер асты мешіттеріне аялдама жасап, Маңғыстау бойынша турға және Түйесу құмдарына сафариға шығуға болады. Бірақ-та, сапардың бағасы 3-4 адамға 100 мың теңгедей шығатынына дайын тұрыңыз. Тур бағасы алынған әсерлерге тең болатынына күмәніңіз болмасын!

Рахман қайнарлары

Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі Алтайтауларының жүрегі, Қасиетті Мұзтауға ашылатын ғажайып көріністер, Арасан сарқырамасы, ашық аспан астындағы шипалық бұлақтар – нағыз жәннат осы емес пе? Ең болмаса мұндай әдемілікті тамашалау үшін ғана осында келу қажет. «Рахман қайнарлары» курорты туристерді көптеген басқа нысандарымен де еліктіреді, өйткені бұл тек көзбен шолу жасау бейнесі ретіндегі орын емес, оған қоса адам денсаулығына пайдалы мекен. Мұнда организмнің барлық өмірлік ресурстарын қайта қалпына келтіре отырып, өз денсаулығыңды емдеумен қатар ұқыптап қорғалатын, пәк табиғатты тамашалауға да болады.

Бұл нағыз бальнеокурорттың өзі, мұнда бірнеше ғасырлар бойы әлемнің түпкір-түпкірінен адамдар тері және жүрек ауруларын емдеу үшін, қысымды және орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіру үшін, мезгілдік аллергияның әсерін төмендету үшін келеді. Сонымен қатар, осындағы радонов бұлақтардың құрамы барлық адамдарға сәйкес келетіндей соншалықты үйлестірілген, ал температуралардың айырмашылығы 24 градустан жоғарылығы әртүрлі типті ауруларға сәйкес келетін бұлақты таңдауға мүмкіндік береді.

Бұл жердегі демалыстан кейін әлі де көп уақыт жергілікті табиғаттың әсемдігін және сыйлаған ғажайып тыныштық әсерлерін еске алып отырасыз: ауаға қылқан дәмін тарататын, жүздеген жылдар бойы тау бөктерінде өсіп тұрған салтанатты алтайлық кедірлерін, шыңдары аппақ қант тәріздес тауларын, күн астында мінсіз тегіс беті жалтылдап жатқан мөп-мөлдір рахман көлін... Недеген рақаттық!

Білу қажет:курорттық зонаға немесе шипажайға жету онша күрделілік туғызбайды, егер де жол талғамайтын көлігіңіз болса. Жол толықтай картада бар, бірақ ойлы-қырлы жерлермен жүруге тура келеді. Егер шипажайға аттанатын болсаңыз, онда, ол, мүмкін, жеке меншік автобус ұсынады, мұндай жағдай өте ыңғайлы. Емдік шараларынан басқа белсенді демалыспен де рақаттануға болады: тауларға шығып, сарқырамаларды тамашалап, ат үстінде жүру серуендеріне, экскурсияларға шығуға, қайықта жүзуге, ал қыста шаңғы, сноубордпен сырғанауға.

Қорғалжын көлдері

Қызғылт қоқиқаздар (және бұйра бірқазандар) Қазақстанда... Бұған сене аласыз ба? Экзотика! Тіршілік ету ортасында және барлық айбынымен оны Қорғалжын қорығының аумағында көруге болады. Бұл тамаша құстардан басқа, мұнда қанаттылардың мыңдаған алуан түрлері мекен етеді, себебі бұл екікөші-қону бағыттарының қиылысу орны: орталық-азиаттық және сібірлік-оңтүстік-еуропалық. Көші-қону кезінде екі көлдің (Қорғалжын мен Теңіз) айдыны еліміздің далалы жерлерінде кездестіре алмайтын құстардың алуан-алуан және сирек түрлеріне толы. Еуразияның ең көрікті де ерекше орны. Сәуір айында,көл беті Қазақстанның Қызыл кітабына енген Шренк қызғалдақтарымен кілем тәріздес қапталған кезде мұндағы көріністер көздің жауын аларлықтай. Ең қызықтысы – Теңіз көлінің тұздылығы, батып кетуден қорықпай шалқасынан жатып, кітап оқуға болады. Ал, Қорғалжын – керісінше, тұщы, есесіне бедері бірегейлі: қамыс көлді екі жеке бөлікке бөлді, оларға, аттар да берілді. Мұндағы фотосуреттер NationalGeographic суреттеріне сай: бейнелі, өзіндік ерекшелігі бар, тартымды.

Білу қажет:саябақтың аумағына оңай кіре алмайсыз, тек арнаулы рұқсат қағазымен және қызметкермен бірге ғана. Эко бағыттарды (мамырдан қазанға дейін)ұйымдастырушылардың қызметтерін қолдана отырып, жеке меншік жол талғамайтын көлікпен немесе арнаулы автобуспен саяхатқа шыққан ыңғайлы. Егер де саяхат жасауға өз еркіңізбен шыққыңыз келсе, онда жол талғамайтын көлік жайлы кеңесімізді жоққа шығармаңыз – мұндағы жолдар құмды, тасты және кейбір жерлерде сумен ойылып кеткен. Экоалым – 300 теңгедей, гид қызметі – 15 мыңға жуық. Әртүрлі комплексті экскурсиялар да бар,олардың қатарында туристерге қызықты жерлердің бірнешеуін бірден тамашалау, жаяу жүру серуендері және тағы басқалар.

Ақтаудың түрлі түсті таулары және әйгілі Ән айтатын барқандар

«Алтынемел» ұлттық саябақтың інжуі негізінде түрлі түсті Ақтау атты таулар деп саналады. Иә, қазақшадан аударғанда Ақтау – ақтау, алайда, тек алыстан ғана таулар ақ түсті болып көрінеді. Неғұрлым жақындай келе жатсаңыз, олардың реңі соғұрлым ашығырақ болып көрінетін сияқты, ал жалтылдаған кальцит кристалдарының қорымдары мен әртүрлі формалары бұл көрікті суретті тек толықтырады. Таулар қызғылт-сары-қызыл түсті батып жатқан күн нұрларына бөленген кезде көптеген туристер көз жетпейтін кадрлар жасап үлгереді.

Алайда, бұл әле де соңы емес. Егер Ақтау – інжу, онда Әнайтатын барқан – бұл, гауһар. Ол «Әлемнің жаңа 7 ғажаптарының» қатарына кіреді, өйткені ол ән салады! Иә-иә, желдің сәл ғана ұйытқулары барқан шыңынан құмдарды түсіріп, құм төбені, орган дыбысына ұқсас дыбыстармен гуілдетеді. Батып жатқан күннің аясында қандай керемет фотосуреттер жасауға болады!

Білу қажет:өздігінен тек жақсы жол талғайтын көлікпен жетуге болады, себебі тек Нұрұм мен Ақтөбе ауылдарына дейін ғана жол жақсы, одан соң – қарапайым далалы және өте құмды. Айналаңыз құмға және шаң-тозаңға толы болатынына дайын болыңыз. Ұзақ жолдан кейін Қосбастау шатқалындағы шипалы радонов бұлағында жуынып, қайтадан тау сілеміне қарай бірнеше километрге жолға шығуға болады. Ән айтатын Барқанға экскурсиондық турдың құрамында жеткен жөн, өйткені алымға, гидқа, тамаққа және тағы басқаларына қаражат сапар бағасына кіреді.

Алтайдың киелі үшбасты тауы - Мұзтау

Мұзтау... Ұмай ананың тұрағы, ғарыш энергеясының орны,«өткеннің аппақ куәгері және келешектің кепілгері» - бұл эпитеттер Алтайдың еңбиік тауын тектен-текке сипаттамайды. Көптеген мыңжылдықтар бойы төрт елдің алуан түрлі халықтары – Ресей, Қазақстан, Монғолия және Қытай оны аңыздар мен тылсымдармен қоршап, дінмен және көне хикаялармен байланыстырған. Тіпті, қазіргі күнде де ең болмаса бір ғана аппақ шыңдарға көріністен қалтырай бастайсың, ал көз алдыңда өткеннің бейнелері шыға келеді. Ең көрікті көріністі Қаракөл (басқаша атауы Язевое) жағасынан тамашалай аласыз. Бұған қоса Көккөл сарқырамасына да жетіп, жоғарыдан төмен ағып жатқан долы ағындардың көрінісіне рақаттануға және Мұзтаудың аппақ қант тәріздес шыңдарын тамашалауға болады.

Білу қажет: Егер сіз кәсіби альпинист болмасаңыз және бұл мекендерді білмесеңіз ешбір жағдайда тауларға өздігіңізден аттанбаңыз. Біріншіден, жолдардың, сыртқы әлеммен байланыстың, Мұзтау шыңдарынан басқа, қандай болса да бағдардың және деадамдар мекендейтін ауылдардың жоқтығы – жағымсыз жағдайлар туғыза алады. Екіншіден, көптеген мамандандырылған бағдарлар туристердің барлық көріктіжерлерге барып-қайтуын ұйымдастырса, бұл шиеленісті жағдайлар не үшін қажет?

Шарын шатқалы

Тянь-Шань тау тарамдарында табиғаттың нағыз ғажайып туындысы – жасы 12 миллион жылдарға жететін, шөгінді жыныстардан құралған Шарын шатқалы орналасқан! Ұзындығы және аумағы бойынша әлемде екінші орынға ие. Ол тек Гранд-Каньон шатқалынан жеңіліс табады, алайда әдемілігімен әлі де жарыса алады. Мыңдаған жылдар бойы жел, су және жер бірбеткей тас мүсіндерін, үңгірлер мен аңғарларды шатқалды бүгінгі күнгі түрге келтіріп, қалап келе жатты. Кез келген жерінен түсірілген фотосуреттер керемет болып, ал шатқалдың түбінде түсірілген фотосуреттер айырықша көрікті болып шығады. Шарынның тас беттерін қоңыр қызыл түске бояйтын батып жатқан күн сәулелерін ұстап үлгерсеңіз, одан да ғажайып фотосуреттер ала аласыздар.

Білу қажет:Мұнда көктем немесе күзде келген жөн, жаздық аптап саяхатқа кедергі болмас үшін. Шатқалға жеке меншік көлікпен де (егер де көлікпен шатқалға түспекші болсаңыз, онда жол талғамайтын көлікпен келген дұрыс), Алматыдан жүретін автобуспен де немесе экскурсионды автокөліктермен жетуге болады. Ең танылған турлар демалыс күндердегі турлар: сіздерді шатқалға жеткізіп салып, үздік шолу нүктелерін көрсетіп, аңызға айналған, релікті Шаған шағын орманына да жеткізеді. Әлемде олар тек екеу! Мұз дәуірінен бастап мұнда пайда болып,барлық тіршілік үшін қатал суық күндерін басынан өткізді. Тамақтануға жергілікті мейрамханаларға баруға болады.

Көлсай көлдері

Көлсай көлдері көк тастардан болған моншақ сияқты Тянь-Шаньнің солтүстік бөктерін одан сайын көріктіре безендіреді. Олар үшеу ғана: Төменгі, Ортаңғы және Жоғарғы Көлсай. Біріншісі – ең суығы, сайдың тереңдігінде орналасқан, сондықтан айтарлықтай ұзын. Ортаңғысы – жағасынан ашылатын көрікті көрінісімен, тау алқабындағы гүлдер қорымымен, қылқан жапырақты орман шыңдарымен қапталған ең әдемісі және ең үлкені. Үшіншісі – ең кішісі, алайда еңжайлысы. Мөп-мөлдір суларын жартастардың қорғанысында сыртқы әлемнен жасырынғандай орналасқан. Әрбір көл аясындағы фотосуреттер әртүрлі және қызықты болып шығады: су өте жиі түсін өзгертеді, көкшілден бастап малахитты түске, одан соң қайта көгілдір немесе қою көк түске ауысады.

Білу қажет: Автокөлікпен тек бірінші көлге жетуге болады, сонымен қатар аумаққа және экологиялық алымдар (200 тг көлікке және адам басына 650 тг-ден) төлеу қажет етіледі. Одан соң жаяу жүріп көтерілуге болады, екінші өзенге жіңішке жартасты жол жеткізеді. Көлдің жағасында қонақ үй бар, ол жерде нөмірді жалға алып ыңғайлы жайғаса аласыздар. Немесе қаражат көп жұмсамай Саты ауылындағы кішігірім үйшіктерде қалуға да болады. Және де 2-ші, 3-ші көлдердің арасында шатыр құрып қалуға рұқсат, алымы – 500 тг.

Индер тұзды көлі

Атырау қаласынан 180 км қашықтықта орналасқан, батып кетуге болмайтын тағы бір көл – Индер (жергілікті аты Тұздыкөл) көлі. Оны жер қойнауынан жоғары сапалы тұздарды тасымалдайтын қуатты жер асты сулары қоректендіреді: калий, бром, бор, қайнатпа тұз, йод және магний. Мұнда шипалы саз ванналарға және көл суына шомылған денсаулыққа пайдалы екенін ескерту қажет пе? Жергілікті тұрғындардың бәрі тұзды судың теріге және толықтай организмге емдік қасиетін әсер ететінін бұрынан белгілейді: бүкіл уыттарды тартып алады, тіпті, кішігірім жаралар да емделеді, тері аурулары жазылады. Бірақ, Индер тек мұнымен ғана танымал емес: жалтылдаған аппақ беті және жағалауындағы жалт-жұлт еткен тұздардың кристалдары фотосуреттерді жасауға құмар жандарға нағыз Мекка сияқты көрінеді.

Білу қажет:Көлге өздігінен де (180 км асфальтпен және 20 шақты км-дей қара топырақты жолмен) және жергілікті кәсіпкерлер ұсынатын сауықтыратын тур құрамында жетуге болады. Жағасында шатырлар құрылған, онда шипалы саз ванналарда шомылғаннан кейін демалуға қажеттілердің бәрі бар. Бірақ, теріні тұздармен шамадан артық тойындырып, құрғатпау үшін 20 минуттан көп шипалы саздарда кідіру қауіпті.

Міне, Қазақстанның көрікті пейзаждарының үздік ондығын қарастырып шықтық. Басында, біз, тек фотосуреттерге қолайлы жерлерді атап кеткіміз ойымызда болды, алайда, бұл жерлердің тарихына және туристік ерекшеліктеріне тереңірек батпауға мүмкін емес. Оған қоса, сіздер үшін кейде саяхатшылар ұмытып та кететіндерді есекере кетіп, тиімді болатын кеңестерді де қостық. Тізімдегі барлық локацияларды көріп-қайтып, біздің шаттығымызды түсініп те қаласыз – әрқайсысы өздігінше еліктіреді, алдыңғылардың аясында көріктігімен жеңіп, келешектегі саяхаттарға ынталарыңызды жандардыра салады!

Similar publications