menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Алматы облысының 10 үздік треккинг бағыты

  • Белсенді демалыс
  • Табиғат

Өміріңізде бірде-бір треккинг-бағдарын өтпесеңіз, онда нағыз саяхатшы атағына ие бола алмайсыз.

Жаңалықтарды ашуға, саяхаттауға және ұмытылмас оқиғаларға тап болу ұмтылыстары әрқайсысымызда жастықшақтан бастап пайда болады. Сол үшін жыл сайын жақын жердегі көлден балық аулау болсын немесе ұзақ өлкелерге сапар болсын, маңызы жоқ–заттарымызды жинап, жолға шығамыз.Толықтай Қазақстанды аралап шығып немесе көптеген түрлі елдерге, қалаларға барып-келген адамдар өзін-өзі біршама тәжірибесі бар саяхатшы деп санайды. Бірақ-та, өміріңізде бірде-бір треккинг-бағдарын өтпесеңіз, онда нағыз саяхатшы атағына ие бола алмайсыз. Сіз – үйдегі жайлы жағдайдан қонақ үйдегі жайлы жағдайға көшіп-қонып жүретін туристсіз. Шын эмоциялар, орасан зор драйв, күтпеген жерден болған жағдайлар, жоспарланбаған оқиғалар, жарқын әсерлер мен өмір бойы сақталынатын естеліктер қымбат-қымбат қонақ үйлер мен СПАлардан табуға болмайды. Олар - Жерге өте жақын. Табиғаттың күшін және безерген сұлулығын сезіну үшін, бой бермес дүлей күшін сезіну үшін өз аяғыңмен дәл сол Жерді басып өту керек. Міне, тек осылай ғана біз, қарапайым адамдар, Жерге қарағанда қаншалықты кішкентай және шамалы екенімізді түсінеміз.

Адамның үстемдігіне қарсы шығатын дүние қаншалықты әдемі! Треккинг - жанға арналған.

№1 бағдар. Бутаков шатқалы, Орман асуы және Қайырымды Үміт мүйісі

Бутаков шатқалы

Бұл – туристердің арасында ең талап етілетін бағдар, себебі шығу нүктесіне жету оңай, көтерілу деңгейіде күрделі емес және кейде түнеугеорын іздеуді қажет етпейді. Ал, әр 100 метр сайын көз алдында пайда болатын ғажайып көріністердің арқасында алынған әсерлер өмір бойы естелікке сақталады.Треккинг қадамдары келесідей:

Бутаковка және Қотырбұлақ шатқалдарын жалғап жатқан Орманасуына шығу. Тап-таза тау өзенінің суын өзіңізге құйып алуыңызды ұсынамыз, одансоң басқа еш жерден суды таба алмайсыз.

Шатқалға жеткен соң, орманмен қапталған жота бойымен көтерілумен жалғастырамыз. Кең аумақты үстірт көзге көрінгенде, жолдың бұл бөлігі аяқталады. Қыста ол қармен қапталған, сондықтан қол астында шаңғылардың болғаны дұрыс.

Үстірттен кейін сізді тосын-сый күтуде - Қайырымды Үміт мүйісіне кереметкөрініс (үлкен тік жартас). Егер бұдан әрі қарай баруға күшіңіз қалса, онда,шыңға қарай алға! Қала мен Іле Алатауының ең биік шыңына - Талғар шыңы баржартасты тізбекке ашылатын көріністі ескере отырып, Букревка шыңы сіздің треккингіңіздің керемет аяқтаушы пейзажы бола алады.

Мұндай сапарларға тек қана тәжірибелі жетекші басқаратын топтың құрамында шығуға шешім қабылданатындықтан, таулы жабдықтармен,дәрі қобдишасымен, өнімдер жиынтығымен, сіріңке қораптарымен, қалта пышақтары және басқа да нәрселермен қамтамасыздануға қатысты кеңестерді елемеуге тырысыңыз.Таулар мен ормандар – бұл, болжауға болмайтын жерлер, бірақ олар сонысымен де көрікті, мұнда ешқашан да зерігерлік емес. Әрқашан да күтпеген оқиғаларға дайын болу керек. Бұл ережелер кез-келген басқа треккинг-бағыттарына да қатысты, сондықтан оларды қайтадан қайталамау үшін есте сақтауға ұсынамыз.

№2 бағдар. Түрген шатқалын серуендеу

Түрген шатқалы

Бұл трекинг бағыты ұзақ жаяу жүру серуендеріне ешқашан шықпағандарға және табиғаттың керемет сұлулығымен рақаттана отырып, жаяу жүру серуендері қалайөтетінін білгісі келетіндерге лайықты. Түрген шатқалы бойымен серуендеу жайғана жаяу жүруге және суретке түсіруге арналмаған: сіздің мақсатыңыз –еліктіретін Аюлы сарқырамасына жету. Ол туралы, тіпті, аңыз да бар, егер ағыптұрған ағыннан су ішсеңіз, онда жасарып, денсаулығыңыз пен күшініңіз молаяды екен. Оғанбарар жолыңыз келесідей болады:

Шатқалға жету және сарқырамаға жету жолының басталуы. Көпұзамай сіз үлкен алтын сақ жауынгерінің мүсініне және оба-қорымдарға кезігесіз.

Керемет сарқырамаға жеткенде, мөлдір таза суға тойыпішіп алыңыз және әдемі суреттерді түсіріп алыңыз. Жартастармен және бейнеліжасыл шөптермен қоршалған сарқырама фотосуретте тамаша көрінеді!

Сарқырамадан кейін әрі қарай алға жүріп, алабалық шаруашылығына баруға болады. Егер экскурсиялық топпен саяхат жасап жүрсеңіз және бұл қызметтің түрі баға құрамында болса, онда балықтарды тойғанша аулауға және оларды дайындап, тамақтанып алуға болады.

№3 бағдар.Көлсай 1 және Көлсай 2 көлдерінің арасындағы көркемтреккинг

Көлсай көлі

Бір-бірінен айырмашылығы шамамен 700 метрбиіктіктерінде орналасқан үш Көлсай көлі бар. Жергілікті табиғаттың сұлулығынфотосуреттен бағалауға болады – ол нағыз керемет. Танымал Тянь-Шань шыршаларыжоғары қарай ұмтылады, тау шыңдары да сонда ұмтылады, су беті көгілдірден жасылтүске өзгереді... Ғажайып емес пе? Бүкіл бағыт кішігірім созылған жолды қамтиды (бірінші көлден екінші көлге жақсы жол бар, тіпті атпен жүру турына тапсырысберуге болады).

Бірақ, екінші және үшінші көлдерге дейін жаяу жүругетура келеді (егер бірінші көлге атқа мініп немесе автокөлікпен жетудітаңдаған болсаңыз). Жіңішке тау соқпағы жартасты шыңдарға, альпілік шалғындарға және ормандарға айтып жеткізуге болмайтын көріністер ұсынады. Мұнда көптеген жидектерді тойып жеуге, жаңа піскен шырынды саңырауқұлақтарды жинап, отқа қуыруға, жаңа ғана ұстап алынған балықпен бөлісіп, тамақтана аласыз. Керемет, әжептәуір оңай және жарқын әсерлерге толы треккинг жолы!

№4 бағдар.Шарын шатқалы бойымен экскурсия және Қорғандаралқабына серуен

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы Солтүстік Американың Гранд Каньонынан кем емес, мүмкін, тек өлшемімен ғана. Бірақ, Алматыдан алыс емес жерде табиғат-ананың туындысын көру - өмір бойы сақталатын әсерлер алуға жеткілікті екеніне сеніңіз. Шатқалға автокөлікпен түсуге болады, бірақ егер сіз ержүрек треккинг-сүйер болсаңыз,онда жаяу жүріп те түсуіңізге болады. Біраз уақыттан кейін, миллиондаған жылдарбойы табиғат қабат-қабатты қорғандар, шыңдар және басқа әсерлі нысандары бартаңғажайып көріністі қалыптастырған жерден көрікті Қорғандар алқабы бастауалады. Тілек білдірушілер шатқалдың түбінде бунгалода немесе шатыр орнатып түней алады және ол жерде кәуаптар немесе барбеккю дайындау үшін қажет заттардыңбәрі бар. Тек елестетіп көріңіз: ұзақ сапардан кейін, шаршап, бірақ толықтай қанағаттанған, сіз, алау қасында хош иісті ет жеп, жұлдыздарға таңданып отырсыз. Ғажайып деген осы емес пе?

№5 бағдар. Сарқырамалар, саңырауқұлақ жинаушылар үшін жәннат және Қиялы-Бұлақ бұлағы

Қайрақ сарқырамасы

Құлжа магистралінен 61 шақырым қашықтықта өте ұзын, бірақ таңғажайып әдемі жаяу жүру бағыты күтуде - Түрген шатқалына кіреберіс және Қайрақ сарқырамасына көтерілу. Бұл треккинг өте мазмұнды: жолдың соңындашаршап, құлап түсетін жағдайға дайын болыңыз. Бірақ сенiңiз, бұл оған тұрарлық.

Саяхатшыны жол бойында қаншама қызықты нәрселер күтіп тұрғанын көре аласыз:

Аюлы және Бұзгүл әдемі сарқырамаларына оңай көтерілу. Сарқыраған су ағындары, кемпір қосақ, бейнелі жасыл шөптер – қандай керемет көрініс!

Одан соң жоғарыға әрі қарай аттанамыз ... қане-ки, тағыбір сарқырама (Қайрақ)! Бірақ әлдеқайда үлкен – биіктігі 55 метрдей (назараударыңыз, Виктория сарқырамасының биіктігі - 120 метр, ал ол – әлемдегі еңжоғары сарқырамалардың бірі).

Біраз жоғары жақта, Батан мен Асы үстіртіндесаңырауқұлақ жинаушыларға қанат жаяр орын да бар – үлкен және шырынды груздьтер,арыштар және оқжаңбырықтар себетке түсуге сұранып жатқандай! Оларды отта қуырып және көмірде пісірілген картоппен қоса тамақтансаңыз, қаншалықты дәмді болатынын елестетіп көріңізші... Жаңа піскен, жаңа кесілген саңырауқұлақтардың дәмі мен хош иісі дүкенде сатылатындармен қатар қоюға да болмайды. Осындай орман тәттілерінің дәмін, міндетті түрде, татып көруіңіз керек!

Батан үстіртінде КСРО кезіндегі жоғары биіктіктегі обсерваторияны көрегу болады. Жақын жерде қола және темір дәуіріндегі ежелгіелді мекендердің қазбалары жүріп жатыр, сондықтан тарихқа қызығушылықтанытсаңыз - сол жерге барып-келіңіз.

Қайтар жолда сізді тағы бір кішігірім сапар күтуде.Жолдан біршама бұрылып кетсеңіз, жастық пен сұлулықтың қайнар көзіне тапболасыз. Кристалдай тап-таза және әрқашан суық су шөлді қандырып, шаршағанды алып тастайды.

Міне-ки, бағдарымыз осындай болып шықты. Мазмұнды,біршама күрделі, бірақ әр қадамда осыншама ұзақ жерге келуіңіздің себептері сіздікүтіп тұрады – эмоциялар толқыны, қуаныш пен ұмытылмас жарқын әсерлер.

№6 бағдар. Үлкен Алматы Көліне таңғажайып көрініс ашылатын жерге,үлкен Алматылық шыңға апарар жол

Үлкен Алматышыңында алдыңыздан көрінісі

Еліктірерлік әдемі, солай емес пе? Жаяу жүріп саяхаттаушы туристер арасында танымал және қолжетімді шыңдардың бірінде, Үлкен Алматышыңында алдыңыздан тура осындай көрініс ашылады. Шыңға көтерілу ең аз ептіліктіжәне тауларға сапарлар туралы білімнің негізгі жиынтықтарын талап етеді, оған қосажақсы физикалық дайындық та артық болмайды. Дегенмен, ондағы ауа біршама сиретілгенжәне биіктіктің ауысуы сезіледі. Бірақ, мұның бәрі де көруге тиіс нысаналармен салыстырғандатүкке тұрмайтын заттар.

Біздің бағдарымызды ашатын тұңғыш нысана – ЖосалыКезең асуы мен ғарыш орталығы. Оған асфальт төселген жол арқылы автокөлікпен жетугеболады, бірақ әрі қарай шлагбаум, шағын жұмыс қалашығы (мұнда үйді жалдап,түнеуге қалуға болады), одан кейін тауларға апаратын жаяу соқпақ. Ал, треккингбасталды.

Соқпақ сізді Мәрмәр асуына апарады, оның екі жағындаекі үлкен шатқал бар: Үлкен Алматы және Өту шатқалы.

Сапардың оңай бөлігі аяқталды. Сіздерді оңтүстік шыңғабіршама қиын, бірақ төзерлік көтерілу күтуде. Тасты сілемдерді сол жағынаөткенде, жолды үлкен қойтастар қоршайды, бірақ олардың үстінен асып түсу өтеоңай. Олардың жолда пайда болуы, сіздің бағыттыңыздың басым бөлігі артта қалғанынбілдіреді!

Оңтүстік шыңнан ашылатын көріністі Үлкен Алматышыңының көрінісі деп есептеуге болады, алайда үздік пейзажға әлі де жеткенемеспіз. Төменге көзге түсер-түспес жолға түсіп, шыңнан оңтүстікке Солтүстікшыңға қарай жүре беріңіз. Дәл сол жерде мәңгі естелікте сақталатын көркем көрініс сізді күтіп тұр!

Сол жерде, шыңда, биік таулы пикник жасауға болады – көптегенқолайлы орындар бар. Пикник организмде оттегі құрамының аз мөлшерімен, бірақ қоршаған пейзаждардан болған дуэмоциялармен есте қалады!

№7 бағдар. Кіші Алматылық саяхат

Талғар шыңы

Кіші Алматылық саяхат – бұл, 4 шыңға көтерілуді, керемет тау алтыбақандарында серуендеуді (суреттер сіздің қар басқан тұңғиықүстінде жүргендей болып шығады), көркем қылқан жапырақты орман бойынша сапарды,арқан жолмен тегін түсуді және тағы басқаларын қамтитын танымал тау треккингі.Мүмкін, бұл бағытты өте күрделілердің қатарына қосуға болады, себебі биіктіктіңауысуы, тікке көтерілу және тау соқпақтары – өте әлсіз физикалық аухуалдағы адам үшін маңызды сынақ болып табылады. Бірақ-та, егер сіз өзіңізді 10 сағаттық көтерілулерге және түсуге қабілетті екендігіңізді сезіп тұрсаңыз және ниет білдірсеңіз – онда тау шыңдарына шығуға алға!

Бағдар басталуы -таңертең ертеМедеу мұз айдынының қасында,сондықтан жақсы ұйықтап, күш-қуат жинап келіңіз.

Жалғыз аяқ бұраң тау жолдары сіздерді Кім-Асар шатқалы арқылы танымал алтыбақандарға апарады. Онда суретке түсіп, демалып, саяхатты жалғастыруға болады.

Шамамен бір жарым сағаттан кейін тамаша және әдемі Фурмановка көрінеді, тағы бір сағатта - Панорама. Бұл біздің жолымыздағы алғашқы екі шыңдар, биіктіктің ауысуы 3000-нан 3200 метрге дейін.

Содан кейін қайтадан тауға шығып, Башут шыңын тамашалаймыз. Ол тізімдегі соңғының алдындағысы.

Бір сағаттық өрмелеп көтерілуден және жай ғана көтерілуден кейін биіктігі 3400 метр болатын Шымбұлақ шыңы алдыңыздан шығады. Бұл соңғы шың,бірақ жолдың соңы емес.

Шымбұлақтың жартасты учаскелерін өтіп және жотабойымен өтетін жолдың бөлігін еңсергенде, ақыр аяғында Талғар асуы көріне бастайды. Босаңсып дем алыңыз – сіз бұған жеттіңіз. Сізде Алматы тауларыныңең жақсы көріністерінің барлық классикалық суреттер жинағы бар, оларды қысқыкештерде естеліктерді еске түсіріп, қайта қарап отыруға болады.

Шатқалдан базалық станцияға соңғы фотосуреттер жасай отырып,арқанжолмен ыңғайлы әрі тегін жетесіз. Медеуге дейін жаяу серуендеп түсугеболады, егер күшіңіз жоқ болса - арқанжолға немесе автобусқа / таксиге билет.

Көріп отырғаныңыздай, бағдар өте көлемді, көптеген түсулер мен көтерілулер, бірақ, бұл, Кіші Алматылық саяхат барлық туристергеұсынылады. Бір күннің ішінде керемет сұлулықтың соншалықты көп санын көріпөтесіз, ақыр соңында басыңыз да айналып кетер!

№8 бағдар. "Көк-Жайлау" үстірті және «Күйгенсай» шатқалы«Көк-Жайлау» үстірті

Бұл бағдар тізімдеге ең қарапайымы, бірақ қызықты жәнекөруге болатын нысаналарға бай. Түрлі жастағы адамдар және тіпті, физикалықдайындығы әлсіз адамдар да қиындықсыз бұл жолдармен жүре алатыны – оныңерекшелігі. Жасыл үстірттің жылы құшағы келушілердің әрқайсысын қуанышпенқарсылап алады. Мұнда балалар емін-еркін күн астында ойнап отыра алады, алүлкендер шыршалар көлеңкесінде таулы биіктіктегі пикниктен ляззат алыпдем ала алады.

Бағдар «Ағартушы» аялдамасынан бастау алады. Одан кейін асфальтті және далалық жол бойында бірнеше айналымдар жасап және жотаның бойымен тіке көтеріліп, Көкжайлауға апарар жолға кезігесіз. Мұның бәріне 2-3сағаттай кетеді.

Тағы бір сәт адам қол тигізбеген табиғаттың сұлулығынан үнсіз қалу үшін Көкжайлау арқылы Күйгенсай шатқалына көтерілуге болады. Шатқалдың көптеген сарқыраған сарқырамалар, мүктен жасыл түске боялған жартастар және қылқан жапырақты ормандар адам басы өзін-өзі табиғат нұры деп санамаған кезге, бірнеше миллион жылға артқа шегіндіре отырғандай айтыпжеткізуге болмайтын жағдай жасайды.

№9 бағдар.Сарқырамалар, шатқалдар және морена көлдері

Күмбелсу шатқалынан Үлкен Алматылық шыңға көрініс

Әдетте, жоғарыда аталған орындардың барлығына сапарлар«Альпілік Раушан» (қонақ үйдің атынан шыққан) деп аталатын 6 күндік ұзақ трекингте жүзеге асырылады. Бірақ қалауыңызша, егер дене шынығуыңыз немесе уақытыңыз тауларда бір аптаға дейін қалуға мүмкіндік бермесе, бұл сапарды қысқа экскурсияларға бөлуге болады. Осылайша, бағдарыңыз төмендегідей болады:

Күмбелсу асуы – Күмбелсу шатқалы. Шатқалдың етегінде Кеңестердіңмұздықтары және арбайтын мөп-мөлдір таза суы бар шағын морена көлі күтуде. Айналадағының барлығы күн астында жалт-жұлт етіп жалтырлайды: қантты шыңдар, қалалының түтінсіз ашық аспаны жәнежалтылдаған су беті.

Содан соң, Тұйық Су шатқалынан Жастық шыңына көтерілу басталады. Ол, тек альпинистік сақтандыруы бар болса ғана көтерілугеболатын мұз сілемі түрінде.

Күйгенсай шатқалының жоғарғы тұсына жеткеннен кейін 10км жуық жетпей, Титовтың морена көлдерін тамашалауға болады. Мұндағы көріністер таңғажайып - күн сәулесіне жылтырлайтын және аспанның көкшіл түсін айнадай субетіне бейнелеп шығаратын дөңгелек гауһар тастарды жерге оюлап безек салғандай секілді.

Шатқалға тереңірек кірсеңіз, оның сарқырамаларын тамашалауға, сондай-ақ, шаршаған саяхатшылар үшін демалу орнында – «Бүркіт ұясында»демалуға болады. Мұннан түгелдей бүкіл шатқалдарға бірден керемет көрініс ашылады.

№10 бағдар. Үлкен Алматылық саяхат

Кеңестер шыңы

Ақырсоңында, біздің жинағымыздың соңғы ерекшелігіміз - Үлкен Алматылық саяхат,оның ұзақтығы 3-тен 4 күнге дейін созылады, қиындық ортаңғыдан біршама жоғарылау, ал сапардан алынған әсерлер мөлшері барлық мүмкін шектерді артып, асып кетеді! Иә, кейде бұл қиын болады, биіктіктің өзгеруі 1500-ден 4000 метрге дейін, ешкімсізге жайлы қонақ үйде түнеуге ұсыныстар жасамайды және тамақ өте «сапарлы»қарапайым, бірақ, еш күмәнданбаңыз, сапардың соңында бұл күндердің көзді ашып жұмғанша өткеніне өкіне бастайсыз. Сіздің 4 күндік трекинг бағытыңыз келесідей:

Медеу мұз айдынынан арқанжол арқылы Талғар асуына жетесіз. Алғашқы жарқын фотосуреттер және алғашқы шабыт әсерлері! Шынын айтқанда, одан соң, сізді солтүстік Талғарға дейін шамамен 8 көрікті шақырым күтуде.

Екінші күн туристерге арналған танымал демалыс орнынан - Күн алаңынан басталады.

Өздігінен өте әдемі, таудың керемет көріністерін көз алдына ашады. Содан кейін Туристер асуының етегіне дейін бірнеше сағат.

Үшінші күн өте мазмұнды және күрделі болады. Бастапқы нүкте - Туристердің морена көлі,содан кейін Кеңес шыңының етегіне көтерілу және түсу.

Ал, соңғы күн өте оңай өтеді: ҮАК (Үлкен Алматы көлі) тамашалап, онымен қоштасу және қалаға қайту.

Әрине, саяхаттың соңында толығымен күшіңіз таусылып, шаршаған күйде боласыз, бірақ, сонымен бірге табиғатпен бір болу ғажап сезіміне және қуаныш сезіміне толы боласыз. Онымен бірге оңаша 4 күн өткізгеннен кейін, кейде шулы, қарбалас өркениеттен толықтай босанып, оттың шатыр-шұтыр дыбысынан ұйықыға батып, тұңғыш шықпен ұйқыдан тұруға қаншалықты керемет екенін түсінесіз. Тауауасы сіздің ойларыңызды және санаңызды тазартады, ал өтпелі кезең қиындықтары денеңіздіжәне рухыңызды күшейтеді. Мұндай саяхаттан кейін сіз тек тау шыңдарына ғанашықпай, басқаларына да дайын боласыз.