menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шетелдік туристер үшін ақпарат және олардың қауіпсіз болуы

    Шетелдік туристер үшін ақпарат және олардың қауіпсіз болуы

    Қазақстанға келетін шетелдік туристерге және олардың қауіпсіз саяхаттауына арналған ақпарат 19 тамыз

    Қазақстанға сапар жасау және қалыптасқан жағдайдағы қауіпсіздік жайлы ескертпелер

    Қазақстанға келуге бел байлаған барлық саяхатшыларды сапарын жоспарлау барысында елдегі ахуал жайлы өзекті ақпаратпен алдын ала танысып, елде болған кезеңде де өзгеруі мүмкін жағдайдан тұрақты түрде хабардар болуға шақырамыз! Қазақстандағы туристік бағыттар жайлы нақты әрі ресми ақпаратқа қол жеткізу үшін өзіңіз қызметіне жүгінген турагент, қонақ үй, туристік операторлар мен жергілікті ақпараттық орталықтардың өкілдерімен байланысып, кеңесе аласыз.

    2020 жылдың 17 тамызынан бастап Қазақстанда карантин шараларының жеңілдеуіне байланысты Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Украина, Оңтүстік Корея сияқты бірқатар мемлекеттерге әуе рейстері кезең-кезеңмен қайта қатынай бастады. ВАК шешімімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді.

    Ерекше ескерерлігі:

    • Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын жаңартқан мемлекеттерден келетін шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіру үшін сәйкес санаттағы визаны рәсімдеуі тиіс.
    • Визасыз сапарлар туралы екіжақты келісім негізінде ТМД (ЕАЭО қосқанда) құрамындағы мемлекеттердің азаматтарынан ҚР аумағына кіру үшін виза талап етілмейді.
    • Шетелдік азамат әуе қатынасы жаңартылған елдің азаматы болуы және сол елден тікелей әуе рейсімен келуі міндеттеледі . Транзиттік мақсатта жол жүруге тыйым салынған..

    Шетел азаматтарының Қазақстан аумағына кіруін шектеу бойынша ақпарат.


    1 САНАТ ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Индия, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Турция, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей Термометрия және сауалнама
    2 САНАТ Польша, Өзбекстан, Тәжікстан Термометрия, сауалнама, COVID-19 ПТР- тест бойынша теріс нәтижелі анықтама
    3 САНАТ Тұрақты әуе рейстеріне тыйым салынған. Тұрақты емес рейстер (эвакуациялық және чартерлік) болуы мүмкін. Термометрия, сауалнама, COVID-19 ПТР- тест бойынша теріс нәтижелі анықтама

    Шетел азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыз күнгі Қаулысы негізінде анықталды.

    Оқиғаларға ұқсас блогтар