Қазақстандағы саяхат. Жаһандық өзгерістермен айқындалған мүмкіндіктер

ТабиғатМәдени мұраБелсенді демалысКөшпелі мәдениет

Оңаша саяхаттау - жаһандық індет бекітіп берген жаңа тренд. Қалыптасқан жағдайда Қазақстан ұсынар игіліктері қандай? Осы мақаламызда ой өрбітейік.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекция індетінің белең алуы жаһандық тұрақтылық пен өміріміздің барлық саласындағы қалыптасқан қатынастардың беріктігіне аса күрделі сынақ болып тұр. Індетпен байланысты жағдай әлемдік туристік нарықтың жұмысына елеулі өзгерістер енгізіп, дамудың жаңа ережелерін бекітуде. Тынысы тарылып, аясы шектелген саяхат саласының құлдырауын болдырмау үшін індет салдарының кері әсерін төмендетуге қауқарлы өзіндік бағыт-бағдарымызды айқындап, сол бойынша әрекет етуіміз шарт. Туристік өнім құраудың ғасырлар бойы еш түрленбеген тәртібі «әлеуметтік қашықтықты сақтау» сияқты өмірлік маңызы бар талаптармен толығып келеді. Ел аумағының кеңдігі, халық тығыздығының төмендігі, табиғи саябақтардың көптігі сияқты көрсеткіштерді негізге алатын болсақ, Қазақстан – көпшіліктен шалғай, оңаша саяхаттаудың таптырмас мекені екенін аңғарамыз. Соның негізінде еліміздегі әлеуметтік қашықтықты сақтау қатаң қадағаланар талап емес, еш жасандылығы жоқ қалыпты құбылыс – Табиғи әлеуметтік қашықтықты сақтау деп қабылданады.

Соңғы жылдары әлемдік туризм картасында еліміз эко-дестинация ретінде жиі белгіленіп жүр. Қазақстанның экотуризм бойынша рейтингтерде бой көрсетуі де соған дәлел. Мысалы, ағымдағы жылдың басында Британдық бэкпекерлер қоғамы белсенді эко-саяхатқа әуес туристер үшін 2020 жылы «must visit» тізімінде Қазақстанды «үздік бестікке» жайғастырды, беделді Gulf News баспасы мәлімдеуінше Үлкен Алматы көлі БАӘ тұрғындары үшін «Үздік-5 дестинация» қатарына кіреді. Қазақстанның бұл аталғаннан бөлек табиғи байлық, игілігі өте көп. Ұлы Дала жерінде 13 ұлттық саябақ, 10 қорық, 6 табиғи резерват, 50 қаумал, 5 қорықтық аймақ, 79 табиғи ескерткіш орналасқан. Елдегі ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жалпы ауданы республика жерінің 9%-ын алып жатыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жерге толықтай Ұлыбритания сыйып кетер еді.

Экологиялық туристік өнім жайлы сөз болғанда, оның басты құраушы бөлігі – түрлі табиғи және климаттық жағдайлардағы белсенді демалыс екенін мойындау керек. Бір ғана елді, не бір ғана аймақты таңдай отырып, Қазақстанға келген турист қысқа уақыт аралығында әр жыл мезгілін толық сезіне алады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі асқар таулары мен алып өзендері жайлы климатпен үйлескен Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоғарыда аталған сипатқа сай бірегей турлар белсенді түрде ұсынылады.

Ұлы дала – ежелден-ақ қайсар жиһанкездер ұмтылған тылсым мекен. Көне тарихтың мәңгілік мөріндей болған Қазақстанның оңтүстігі Ұлы Жібек жолы мен көшпенділер өмірінің мән-жайы жайлы сыр шертеді. Ұлы Жібек жолы бойымен саяхаттап жүріп, туристер Марко Полоның ізін жалғап, 2000-жылдық тарихы бар Тараздың тағылымынан хабардар болып, түркі әлемінің бесігі – Түркістанның тамашасын танып, рухани байлыққа кенеле алады. Бағдар бойында түрлі көрнекті нысандар тізілген, оның ішінде: бірде-бір шеге қағылмай тұрғызылған Жаркент мешіті, будда ғибадатханалары, сәулетті кесенелер, қызғалдақтармен құлпырған алқаптар және көне Отырар қалашығының қалпына келтірілген бөлігі бар. Қайсыбірі болмасын ұмытылмас естеліктер сыйлап, керемет фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді. Атамұрамыз болған көшпенділер мәдениетінің тұңғиығына үңілетін болсақ, бүгінгі таңда бар әлем бас қатырып отырған жауапсыз сауалдардың шешімін табуымыз ғажап емес. Көшпенділердің дәстүрлі сәлемдесуінің өзі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ізет білдірудің керемет үлгісі.

“Жаужүрек мың бала” фильмінен алынған үзінді, 2012 ж., режиссёрі - Ақан Сатаев

Осы сияқты тамақтану салты, тазалық сақтау әдебі, жеті атаға дейін қан араластырмау сияқты жетіп, артылатын тағылымды әдет-ғұрыптарымыз қашанда ұрпаққа жол көрсетер темірқазық болмақ. Сол үшін де, ұлттық сана – қазіргі таңда негізгі екпін түсіруімізді қажет ететін қайталанбас туристік өнім болып табылады.

Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртып, саяхат жасаудың теңдессіз орны екені сөзсіз. Ну ормандар, көкпен таласқан шыңдар, айдыны айнадай көлдерге қоса, туристер Алматы облысындағы Қайыңды көліне, Маңғыстаудағы өзге ғаламшарлық көріністерді бейнелейтін Бозжыра, Тұзбайыр, Торыш, Айрақты жерлеріне, Марс ғаламшарының Жердегі жұрнағы – шығыстағы Қиынкеріш шатқалына, орталықтағы Ақжар тауларына саяхат жасай алады. Ғарышқа бір елі жақындағысы келген ізденімпаз туристер Байқоңырға барып қанағаттанары анық.

Өткен жылдар тәжірибесі анықтап бергендей, әлемдік дағдарыс – озық ой мен жаңалықтарға жол ашып, қалыптасқан жарамды-жарамсыз құрылымдарды сұрыптайтын құбылыс. Осы сын сағатта этникалық және экологиялық туризмге баса назар салуымыз індеттен кейінгі кезеңде туризмді дамытудың сәтті үлгісіне айналып, болашақта отандық туризм саласын ілгерілетуге мықты серпін береді.

Бұл мақалада осы туралы айтылады

Кәдесый дүкендері
Визит карточкалары

Патчворк стиліндегі авторлық қолдан жасалған тоқыма бұйымдарының студиясы

Біз миллиондаған патчтан жайлы тоқыма бұйымдарын (көрпе, жастық, кәдесыйлар) тігетін студия. Біз дәстүрлі қолөнер түрі – құрақ үйрететін студиямыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы көп мағлұмат алуға болатын студия.
микрорайон Мамыр-7, 8/2, Алматы, Казахстан
+7(771)999-72-94

Керуен кәдесыйлары

Қазақстанда сувенирлерді сату және өндіру.
улица Достык, 20, Астана, Казахстан
+7(717)227-29-94

Талисман

«Талисман» салоны 1998 жылы құрылған. Ал, осы уақыт ішінде зергерлік өнер мен ұлттық өнерден мол тәжірибе жинақтадық. Қазіргі уақытта «Талисман» салонында Астанадағы заманауи және ұлттық зергерлік бұйымдардың, кәдесыйлардың және ұлттық өнер нысандарының ең кең ассортименті бар. http://www.talismans.kz/
улица Сыганак, 18к2, Астана, Казахстан
+7(717)227-21-00