COVID-19 індеті кезінде Қазақстанда қалыптасқан жағдай

COVID-19 індеті кезінде Қазақстанда қалыптасқан жағдай

Халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес 2020 жылдың 16 наурыз күні 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылдың 11 мамыр күні 00 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт аралығына Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілді.

2020 жылдың 10 шілдесіне сәйкес статистикалық деректер:

53,021 Тіркелгендер
35,137 Сауығып кеткендер
264 Өлім

Төтенше жағдай кезінде іске асырылатын шаралар мен уақытша шектеулер:

қоғамдық тәртіп сақтау, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын нысандарды қорғау, сонымен қатар халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін нысандар мен көлік жүйесі қызметтерін реттеу жұмыстарын күшейту;

ірі сауда нысандарының қызметін шектеу;

сауда және ойын-сауық кешендері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және т.с.с көпшілік жиналатын орындардың қызметін тоқтату;

карантин режимін енгізу, халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық қауіпсіздігі саласында қызмет атқаратын ҚР Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қатысумен ауқымды санитарлық – эпидемияға қарсы шараларды іске асыру;

көпшілік жиналатын ойын-сауық, спорттық шаралардың, сонымен бірге отбасылық мерейлер мен еске алу жиындарының өткізілуіне тиым салыну;

Қазақстан Республикасы аумағына кіруге, сонымен қатар көлік құралдарының қандай да болсын түрін қолдана отырып мемлекет аумағынан шығуға шектеу қою. Аталған тармақ Қазақстан Республикасы және өзге де шет мемлекеттердің елшілік қызмет мамандары, Қазақстан Республикасына ҚР Сыртқы істер министрлігі шақыртуымен келген халықаралық ұйымдардың делегациялары үшін әрекет етпейді.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың 1 қарашасына дейін 54 мемлекет үшін визасыз режим әрекеті тоқтатылды. Визалық режим жайлы өзекті ақпарат осы сілтеме бойынша орналастырылған.

Туризм саласын мемлекеттік қолдау және Қазақстанда ішкі туризмді дамыту шаралары туралы

Ұсынылған бейнежазбадан ҚР туристік саласын мемлекеттік қолдау шаралары, қалыптасқан жағдайда туроператорлардың, қонақ үйлердің, демалыс орталықтарының қызметі жөніндегі ағымдағы ақпаратпен танысып, келесідей сауалдардың жауабын таба аласыз:

Демалыс орындарының қызмет етуі бойынша қабылданатын шешімдер кімге тиесілі? Маңғыстау облысындағы жаңа 5 жұлдызды ‘all-inclusive’ қонақ үйі қашан ашылады? Ішкі туристер қайда демалуды жоспарлауда? Бурабай, Алакөл, Балқаш курортары ашық болады ма? Ашық болған жағдайда қандай қорғаныс шаралары іске асырылады? Курорттар аумағында залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі ме? Туристердің денсаулық жағдайы бақылауда болады ма? Көлікпен саяхаттау үшін ауданаралық блокбекеттердің ашылуы қарастырылуда ма? Инфрақұрылым жақсартылады ма? Қазақстан бойынша балалармен саяхатттайтын туристер үшін жеңілдіктер жасалады ма?




Спикерлер:

•  ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

•  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның төрағасы Ержан Еркінбаев 

• «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Іс-шаралар маркетингі және арнайы жобалар департаментінің директоры Даниел Сержанұлы 

•  Модератор: Әлібек Әбділов.


2020 жылғы 23 маусымдағы ағымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағында біртіндеп ауданаралық көлік қатынасы қалыпқа келтіріліп, халықаралық әуе жолдарының жұмысы жанданып жатыр. Мекемелердің басым көпшілігі ашылды. Бірқатар ұлттық саябақтардың әзірге келуші қабылдауды тоқтатқандығын атап өту керек. Келушілер үшін ашық және уақытша жабық ұлттық саябақтардың тізімі төменде келтірілген:


Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар

(келушілерді қабылдау)

Іле Алатауы МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып) 

«Көлсай көлдері» МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып) 

Шарын МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып)

Алтынемел МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып)

Көкшетау МҰТС

Қабылдамайды

(Ақмола облысының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 маусымдағы қаулысы,

Айыртау ауданының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 18 қаулысы) 

Баянауыл МҰТС

Қабылдамайды

(Баянауыл ауданының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 маусымдағы    № 19-28-27-2-16/22қаулысы)

Катон-Қарағай МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып)

 

Сайрам-Өгем МҰТС

Қабылдамайды

(Түркістан облысының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы №24 қаулысы)

Бұйратау МҰТС

Қабылдамайды

(Қарағанды облысының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №26 қаулысы)

Қарқаралы МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып) 

Жетісу Алатауы МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып)

 

Тарбағатай МҰТС

Қабылдайды

(санитарлық шараларды сақтай отырып)

 

Бурабай МҰТС

Қабылдамайды

(Ақмола облысының санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 маусымдағы қаулысы)