COVID-19 індеті кезінде Қазақстанда қалыптасқан жағдай

Халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес 2020 жылдың 16 наурыз күні 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылдың 11 мамыр күні 00 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт аралығына Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілді.

2020 жылғы 25 желтоқсанға сәйкес статистикалық деректер:

148,714 Тіркелгендер
133,510 Сауығып кеткендер
2,196 Өлім

Төтенше жағдай кезінде іске асырылатын шаралар мен уақытша шектеулер:

қоғамдық тәртіп сақтау, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын нысандарды қорғау, сонымен қатар халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін нысандар мен көлік жүйесі қызметтерін реттеу жұмыстарын күшейту;

ірі сауда нысандарының қызметін шектеу;

сауда және ойын-сауық кешендері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және т.с.с көпшілік жиналатын орындардың қызметін тоқтату;

карантин режимін енгізу, халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық қауіпсіздігі саласында қызмет атқаратын ҚР Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қатысумен ауқымды санитарлық – эпидемияға қарсы шараларды іске асыру;

көпшілік жиналатын ойын-сауық, спорттық шаралардың, сонымен бірге отбасылық мерейлер мен еске алу жиындарының өткізілуіне тиым салыну;

Қазақстан Республикасы аумағына кіруге, сонымен қатар көлік құралдарының қандай да болсын түрін қолдана отырып мемлекет аумағынан шығуға шектеу қою. Аталған тармақ Қазақстан Республикасы және өзге де шет мемлекеттердің елшілік қызмет мамандары, Қазақстан Республикасына ҚР Сыртқы істер министрлігі шақыртуымен келген халықаралық ұйымдардың делегациялары үшін әрекет етпейді.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 мамырына дейін 54 мемлекет үшін визасыз режим әрекеті тоқтатылды. Визалық режим жайлы өзекті ақпарат осы сілтеме бойынша орналастырылған.

2020 жылғы 11 мамыр күні төтенше жағдай тоқтатылды, дегенмен ел аумағында карантин ережелері әрекетін жалғастыруда.

2020 жылғы 25 желтоқсан күнгі жағдай бойынша Қазақстан шекарасы шетел азаматтарының көпшілігі үшін әлі де жабық. Десек те, халықаралық әуе қатынасы жандануды. 20 маусымнан бастап Қазақстан мен Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей, Польша аралығындағы халықаралық рейстер қалпына келтірілді. Толық ақпарат осы мақалада келтірілген.

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Қазақстанда кезең-кезеңмен карантин шектеулері жеңілдетілуде:

2020 жылғы 25 желтоқсан күнгі жағдай бойынша Қазақстанда (әлеуметтік қашықтық сақтау және басқа да санитарлы талаптарды қатаң сақтау шартымен) бірқатар кәсіпорындар ашылды:

сауда орталықтары (демалыс күндері жабық), сән салондары, білім беру орталықтары мен ашық кеңістіктегі ойын-сауық саябақтары;

діни нысандар (көпшілік іс-шаралар өткізуге тиым салынған);

хауыздар, спорт залдары (тек алдын ала жазылу бойынша);

мұражайлар, кітапханалар, кинотеатрлар;

кафелер, мейрамханалар, сауда орталықтары негізінде қызмет көрсететін фудкорттар ( 50 адамға дейін);

театрлар (50 адамға дейін);

ұлттық парктер мен қорықтар (жеке тұлғалар мен 15 адамға дейін жиналған топтар үшін).

Көпшілік іс-шаралар, соның ішінде отбасылық салтанаттарды өткізуге тиым салынған. Барлар, түнгі клубтар, жабық кеңістіктегі ойын алаңдары, караоке, бильярд клубтары жабық.

Туризм саласын мемлекеттік қолдау және Қазақстанда ішкі туризмді дамыту шаралары туралы

Ұсынылған бейнежазбадан ҚР туристік саласын мемлекеттік қолдау шаралары, қалыптасқан жағдайда туроператорлардың, қонақ үйлердің, демалыс орталықтарының қызметі жөніндегі ағымдағы ақпаратпен танысып, келесідей сауалдардың жауабын таба аласыз:

Демалыс орындарының қызмет етуі бойынша қабылданатын шешімдер кімге тиесілі? Маңғыстау облысындағы жаңа 5 жұлдызды ‘all-inclusive’ қонақ үйі қашан ашылады? Ішкі туристер қайда демалуды жоспарлауда? Бурабай, Алакөл, Балқаш курортары ашық болады ма? Ашық болған жағдайда қандай қорғаныс шаралары іске асырылады? Курорттар аумағында залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі ме? Туристердің денсаулық жағдайы бақылауда болады ма? Көлікпен саяхаттау үшін ауданаралық блокбекеттердің ашылуы қарастырылуда ма? Инфрақұрылым жақсартылады ма? Қазақстан бойынша балалармен саяхатттайтын туристер үшін жеңілдіктер жасалады ма?




Спикерлер:

•  ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

•  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның төрағасы Ержан Еркінбаев 

• «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Іс-шаралар маркетингі және арнайы жобалар департаментінің директоры Даниел Сержанұлы 

•  Модератор: Әлібек Әбділов.