Бейнекамера объективіндегі Қазақстан

Бейнекамера объективіндегі Қазақстан

Белсенді демалысТабиғатМәдени мұраҚалаларГастрономияКөшпелі мәдениет

Жарқын бояулар, әсем әуендер, әсерлі оқиғалар... Бұл кереметтің барлығы төменде көрсетілген Қазақстан жайлы бейнебаяндарда шебер үйлесім тапқан. Еліміздің беймәлім қырларын танытып, жұмбақ сырларымен бөлісер бейнебаяндардың көмегімен саяхатыңыздың бағытын таңдап, өзіңізді қызықтырған өлкеге жол бастарыңыз анық!

«Ежелгі елдерден мыңдаған хабарлар сақталған қобдиша іспеттес ел», «әр бұрылысы эпикалық көріністерге толы» ғажап мекен, “жолға шықсаң болды, әр кезде жаңа жүру бағыты: таулармен, далалармен, шатқалдармен, төбелермен, керек десең саған дейін ешкім жүрмеген сүрлеулермен” жүріп өтіп, сапарыңыздың барысында санаңыздағы санастарлы сауалға жауап табатын киелі өлке жайлы бейнебаяндар жүрек қылын шертіп, жан дүниеңіздің толқынысымен жарасар ізгі сезімдер сыйларына сенеміз!

«Travelstan» бейнебаяны:

«Қазақстан сені күтеді!» бейнебаяны

“Біз қай жаққа жол тарттық?” – Қазақстанға қош келдіңіз! бейнебаяны ағылшынша.

Ұлы дала еліне саяхат

Қазақтың ұлан-ғайыр жазирасына «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы қатысушыларының көзімен қарап көрейік! Алтайдың сарқылмас қуатын, Маңғыстаудың еліктірер көріністерін, көшпенділер жері – Сарыарқаның киесін, сан ғасырлар бойы өркениеттер мен халықтарды байланыстырып келе жатқан Ұлы Жібек жолының тағылымын танытар бейнебаяндарды назарларыңызға ұсынамыз.

Алтай – өркениет бесігі

"Теңізден теңізге дейін" - Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстырына туристік бағдар

Қазақстанда мұндай жерлер бар екенін білесіз бе? | Сарыарқа туристік маршруты

Ежелгі қалалар мен таңғажайып табиғат: Жаңа Жібек жолы туристік маршруты

Туристер мен танымал трэвэл-блогерлердің Қазақстан жайлы бейне-блогтар топтамасы сізге әртүрлі саяхатшылардың еліміздегі саяхаты барысында көріп-білгенін, қандай да бір орындарда болған кездегі көңіл күйі мен шынайы сезімдерін жеткізеді.

СаяхатTime

Kazakhstan.Travel YouTube арнасы ұсынған СаяхатTime бағдарламасымен Қазақстанның жаңа қырларын ашыңыз! Қызықтан құр қалмау үшін, арнаға жазылыңыз!

Қазақстан туралы телешоулар

Мұнда соңғы жылдары түсіріліп, көрермендердің айрықша ықыласына бөленген Қазақстан жайлы түсірілген телевизиондық бағдарламарды тамашалай аласыз! «Орел и решка», «По секрету всему свету», «Поедем, поедим!» жобаларының шығарылымдары еліміз туралы қалыптасқан жаңаша көзқараспен таныстырып, күнделікті қарбаластан бір сәтке қол үзіп саяхаттың шытырман әлеміне аттануға мүмкіндік береді.

Әлемдік брендтердің жарнамалық бейнебаяндарындағы Қазақстан жері:

Similar publications