menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

КСРО кезеңіне қайта оралу, немесе

  • Мәдени мұра

Сол тарихи кезең туристерді несімен қызықтырады?

Кеңестік мұрамен таныстыруды туристік өнім ретінде ұсыну – ол белгілі бір мағынада, уақытқа қарсы жарыс іспеттес. Сол бір кезеңнің мақтан тұтарлық, жүректерге жарық ұялатқан бар жақсылығы мен қара түнекке толы салдары әлі күнге дейін ұрпақтар санасында жаңғыра бермек.

Қазақстандықтар үшін аса қызық бола бермейтін, туристік өнім ретінде олардың назарынан тыс қалатын көптеген нәрселер көбінесе шетелдік туристердің қызығушылықтарын тудырады. Бұл, атап айтқанда, кеңестік мұраға да қатысты жәдігерлер. Қазақстандықтардан бір ерекше айырмашылығы, шетелден келген қонақтар сол бір тарихи кезеңге қол тигізіп, “темір перденің” арғы жағында жүре тұра, өздері оқыған немесе қызметіне байланысты естіп-біліп жүрген мәліметтерге, кеңес дәуірінің тарихына шамалы болсын көз жүгіртіп, танысу үшін көп сағаттық рейстер, бірнеше күндік жаман жол сапарларға шыдап, ұшы-қиыры жоқ бағыттарды бағындыруға дайын тұрады.

Ал сұраныс бар жерде, ұсыныс бар демекші, Қазақстанда көптеген жылдар бойы осы бағытта қызмет атқарып келе жатқан туристік компаниялар бар. Олар үшін бұл негізгі бағыт болып табылады. Иә, бұл туризм түріне, мүмкін, жаппай сұраныс та бола қоймас, дегенмен, қонақтардың тұрақты және сапалы ағынын тудыра алатын өз алдында бір дербес сала.

Тур бағдарламасы туралы

Қарағандылық компанияларының бірінде жүзеге асырылып келе жатқан «КСРО-ға оралу» туристік бағдарламасы он жылға жуық жұмыс істеп келеді. Ол келушілерге елдің орталық бөлігіндегі кеңестік мұраның әртүрлі жақтарымен танысуға мүмкіндік береді. Сол кезеңге жататын осындағы сталиндік лагерьлер АЛЖИР (қазіргі Ақмол ауылында тиісті мұражай бар) мен Карлаг-ты (Долинка кентіндегі лагерьдің бұрынғы әкімшілігінің ғимаратындағы бірегей мұражай) да айтып кету міндетті. Мұнда Семей ядролық полигонының бірнеше қызықты учаскелерімен бірге (кем дегенде, Эксперименттік алаң және Атом көлі), кезінде жабық болған Курчатов қаласы да, мұнда, кезінде стратегиялық авиациялық аэродром орналасқан, бірақ қазіргі таңда қараусыз қаңырап қалған Шаған қаласы да, Семейдегі анатомиялық мұражайы да бар. Сапар аясында қатысушылар бір кездері Қазан төңкерісінен кейінгі Азаматтық соғыстағы «қызылдар» мен «ақтар» арасындағы қақтығыстың куәсі болған Қарқаралы қаласына да барады. Әрине, кеңестік кезеңге тән Қазақстан астанасы мен Қарағанды қаласының сәулеті де қонақтардың назарынан тыс қалмайды. Тау-кен өндірісінде болған Қарағанды қаласында орын алған кеңестік кезеңдегі индустрияландыру нәтижесі: мұнда, колледждердің бірінде арнайы мұражай-шахта орналасқан. Сондай-ақ, осы тарихи кезеңнің қоршаған ортаға әсер етуі тұрғысынан көрсетілген Қарағанды тарихи мұражайына бару, туристердің аса үлкен қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.


Өтініш бойынша Екібастұздағы «Богатырь» көмір кенішіне, сондай-ақ Ақсу қаласындағы Кеңес ескерткіштерінің алаңы сияқты басқа да пункттерге баруға мүмкіндік бар. Басқаша айтқанда, түрлі нысандарды қолдана отырып, тарихтың осы кезеңінің түрлі қырларын көрсетіп, таныстыруға барынша тырысады.

«Коммунистік тақырыптың» жанкүйерлері

«Бір қызығы, біздің компания үшін ең маңызды бағыттарының біріне айналған осы турдың пайда болуы - нақты бір адамдардың сұранысының нәтижесі», – дейді тур ұйымдастырушысы Виталий Шуптар. – Голландиялық серіктесімізге екі адам белгілі бір өтінішпен барған. Олар кейінірек білгеніміздей, кеңестік мұраларға қатысты жәдігерлер болсын, тарихи оқиғаларды болсын аса үлкен қызығушылықпен оқып-зерттеп келе жатқан нағыз әуесқой тарихшылар екен. Белгілі бір себептерге байланысты, сонау жас кездерінен осы тақырып оларды қатты қызықтырып, сол кезден бастап, «коммунистік тақырыпқа» қатысты барлық нысандарды аралап көруге тырысып, бүкіл әлемді шарлап, саяхаттаған екен. Олардың Нидерландыдағы пәтерлері мен үйлерін (иә, біз олармен танысып, достасып, кейін үйлерінде қонақ та болдық) Кеңес дәуірі тарихының шағын мұражайы деп атауға болады. Шындығында, олар кейбір нәрселерді бізден де жақсы, тереңінен меңгерген болып шықты. Сонымен бірге, біз ол уақытқа дейін Семей полигонына экскурсиялар өткізу тәжірибеміз болған, Долинкаға және Карлагтың басқа объектілеріне де экскурсия жүргізіп келгенбіз. Бірнеше апталық хат алмасу нәтижесінде алты күндік тур құрастырылды, ал бірнеше айдан кейін біз алғаш рет осындай сапарды жүзеге асырдық. Содан кейін біз оны тұрақты турлардың бірі ретінде ұйымдастыруды ұйғардық. Жалпы, біреу бізді белгілі бір нысандарды «кеңестік соустың астына» біріктіруге итермелегені өте жақсы шешім болды.


Бұл – туристік агенттіктердің көмегінсіз мүмкін бе?

Мұндай сапарды өз бетімен ұйымдастыруға бола ма? Егер сіз өзіңіздің навигациялық дағдыларыңыз бен қолданатын көлігіңізге сенімді болсаңыз, сонымен қатар осы тақырып аясында белгілі бір біліміңіз болса, ойға көбіне “иә” деген жауап келеді.

Алайда, кейбір нысандарға барғанда арнайы тәртіпті қатаң ұстану қажет (мысалы, Ұлттық ядролық орталықтың рұқсатынсыз Курчатов қаласындағы Полигон музейіне бару мүмкін емес), ал полигон аумағы бойынша жүріп-тұрудың өзі белгілі бір білімді және тиісті жабдықтардың болуын қажет етеді.

Оңай көрінетін шығар? Шынында, не қиыншылығы бар деп ойлап қалуыңыз мүмкін. “Бір жерден дозиметр ала саламын да, интернеттен карта тауып алып, қызықты оқиғалар жетегінде алға басамын!” – дерсіз. Полигонға баруға дайын секілдісіз. Бірақ, шындығында олай емес. Мысалы, қарапайым және кең таралған үй дозиметрі гамма-сәулеленуді анықтауға арналған, ал полигон территориясында “бета” деген түрі де бар. Тиісінше, кез келген объектіде тұрып, құрылғының көмегімен фонды өлшей отырып, сіз бәрі қалыпты деп ойлайсыз, ал шын мәнінде сіз сәулеленуді үлкен дозада қабылдап жатасыз.

Айтып кететін жайт, полигон аумағындағы кейбір нысандар әлі де жұмыс істеп тұр (ол жерде ядролық реакторлар орналасқан) және олардың күзетшілерімен сөйлесу – сапарды оң мағынада әртараптандыруы екіталай.

Сапар аясында жоспарланған кейбір пункттерге, Қазақстандағы қоғамдық көлік желісінің жақсы дамымағанынан, орыс немесе қазақ тілдерін білмейтін туристерге бару қиынға соғады. Белгілі бір жерден қатаң кесте бойынша кететін автобусқа отыру – бір нәрсе, ал такси жүргізушісімен сізді Долинкадағы Карлаг мұражайына немесе Спасск мемориалына апару туралы сөйлесіп, келісу – мүлдем басқа.

Басқаша айтқанда, бұл турдың өзіндік ерекшелігі бар және оның барлық өзгешеліктері мен бүге-шүгесі, әдетте, осындай жұмысты күнделікті кәсіби түрде атқарып жүргендерге ғана белгілі.


Баруға болатын басқа да нысандар

Егер кеңес мұрасынан Орталық Азиядағы туристерді қызықтыратын тағы бір жер туралы айтатын болсақ, онда ең алдымен Сарышаған полигоны ойға келеді. Сондай-ақ, оның орталығы – әлі де жабық әскери қалашықтардың іздерінен құтыла алмаған, полигонда пайдаланылмайтын, Бетпақ далада көптеген қирандылары шашылып жатқан алаңдары бар Приозерск қаласы (білмегендерге ақпарат, кейбір учаскелерін әлі күнге дейін орыс әскери күштері пайдаланады).

ГУЛАГ жүйесінің тағы бір объектісі – Жезқазған мен оның төңірегінде жұмыс істеген Степлаг лагерінің қалдықтары туристер үшін қызықты болары сөзсіз. Мұндай сапарлар қатарына Сакен Сейфуллин немесе Әлихан Бөкейхановтың туған жерлері сияқты сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының өкілдерімен байланысты жерлерді де қосып, сапарды одан әрі қызықты ету мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда, аздап қиялға ерік беру керек.

Огромный интерес для туристов представляют и действующие промышленные объекты: Шубаркольский угольный разрез, шахты Карагандинского угольного бассейна или металлургический комбинат в Темиртау.Өнеркәсіптік нысандар: Шұбаркөл көмір шахтасы, Қарағанды көмір бассейнінің шахталары немесе Теміртаудағы металлургия зауыты туристердің үлкен қызығушылығын тудыратыны айдан анық.

Шетелдік қонақтар осы тарихи кезеңге тән кішкентай элементтерге де, мысалы, Қазақстан жерінде әлі де көруге болатын, елдің барлық дерлік елді мекендерінде бірегей етіп мозаика әшекей түрімен безендірілген ескі автобус аялдамаларына, және, бақытымызға орай, әлі толықтай бөлшектелмеген немесе алюкобондпен жабылып үлгермеген ғимараттарға өте тәнті.


Егер географияны Орталық Қазақстанның шекарасынан тыс кеңейтіп қарастыратын болсақ, онда Арал теңізі назардан тыс қалуы мүмкін емес. Бұл, әдетте, осындай сапарлар үшін ұшы-қиыры бітпейтін алып тақырып болып табылады.

Қорытындылай келе, «қараңғы туризм» («dark tourism») категориясына жататын жоғарыда аталған туристік өнімнің Қазақстанда дамуына өте жақсы мүмкіндіктер бар. Және туристік компаниялар сұранысқа сүйене отырып, түрлі күрделі бағыттарды қамтитын сапарлар ұйымдастыруға әрдайым дайын!