Ескерткіш
"Жер Ана" монументі
"Жер-Ана" монументі - туған жерге тағзым идеясын дәріптеудің озық үлгісі.
Жататын уақыт
1 сағат
Бағыттың құны
Орналасу орны
Шымкент
"Жер Ана" монументі
"Жер-Ана" монументі - туған жерге тағзым идеясын дәріптеудің озық үлгісі.
1)
“Ордабасы“ алаңы- XVIII ғасырда үш жүздің басын қосу туралы шарт жасалған тарихи орын. Ол қазақтың ұлы билері – Қазыбек би, Төле би және Әйтеке би құрметіне аталған көшелерl34 қиылысында орналасқан. Дәл
осы жерде 2009 жылы тәуелсіздіктің заманауи ескерткіші - “Жер-Ана” монументі
салтанатты түрде ашылды. Биіктігі 34 метрді құрайтын үш қырлы стелланың
ұшар басына «Жер-Ана» бейнесіндегі әйел сұлбалы мүсіні орнатылған. Ескерткіш Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігін, бүгінгі
күндегі қуатты мемлекет бейнесін және
туған жермен бірлікте болу идеясын кейіптейді. “Жер-Ана” монументі
– мемлекеттік егемендікті, шынайы патриотизм
сезімін және туған жердің тарихына деген құрметті сақтаудың қажеттілігі
жайындағы маңызды ескерту.