- Бөлісу
Shymkent Food Fest (ТМД елдері тағамдарының жәрмеңке-фестивалі)
2020
15 қаз - 16 қаз
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
Тамақтану – бұл дүниежүзінің қай бөлігінде болсын, адамдардың әлеуметтік тобы мен жасына қарамастан, бірдей мақұлданып, қолдау табатын құбылыс. Оған қоса белгілі бір аймақта қалыптасқан тамақтану әдебі қоғамның гастрономиялық қалауы мен талабын айқындайтын көрсеткіш болып табылады. Сол себепті де «Фуд Фест» немесе жай ғана тағам фестивалдері әрқашан көптеген адамдардың басын қосып, келушілердің барлығына дерлік қуаныш сыйлайды.
Тағам фестивалі – әр қонақтың көңілінен шығатын тәтті-дәмдінің жүздеген түрлері ұсынылатын ауқымды, әсерлі шара екені даусыз. Сол сәтте дайындалған тағамдардан ауыз тигіңіз келсе, негізінен мейрамханалар мен өз жауһарларымен бөліспек әуесқой аспаздардың дастарханына жайғасуыңызға болады. Шет елдерде кең таралған осындай іс-шаралар, қазақтың қонақжайлылық салтына сай болып, Шымкент шаһардың тыныс-тіршілігіне де тым жарасымды үйлесіп кетті.