«Шымкент 2020» марафоны

Спорт
 «Шымкент 2020» марафоны

«Shymkent Marathon» – көпшіліктің ерекше сүйіспеншілігіне ие болған, Шымкент қаласындағы ең ауқымды спорттық шара.

2020
27 Sep
Start 00:00

Оның тарихы 2015 жылы басталды. Алғашқы екі жыл бойы «13-ші аймақ – Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атауымен, жалпықалалық жүгіріс ретінде өткізілгендігі белгілі. Жоба құрылғаннан бастап-ақ халықаралық сипатқа ие болды: марафонға шымкенттіктермен бірге, қала мен облыстың танымал тұлғалары, Қазақстанның басқа қалаларынан, ТМД елдерінен келген жүгірушілер, ұйымдастырушылар қатарындағы  «Royal Club» және «Kasiet» фитнес-клубтарының мүшелері қатысады.

2018 жылы «Astana Marathon»-мен ынтымақтастық орнатылды. Астаналық марафон өкілі Гаухар Брамлей-Фентон ханымның қатысуымен өткен бірлескен шараның айнасы ретінде шымкеттік жүгіруші Ақмарал Мейірман таңдалды. Сол жылы марафон қашықтығы «В» санатындағы AIMS-тің тағайындалған маманы Сергей Корнеевпен (Мәскеу) сертификатталып, Орта Азиядағы «ең жазық марафон» атағы берілді. Осылайша Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала ғана емес, сонымен қатар сертификатталған марафондық жолы бар үшінші қала ретінде танылды.