Халықаралық PowerExpo Almaty 2020 энергетика, электротехника, энергетикалық машина жасау салаларына арналған көрмесі және форумы

Көрме
Халықаралық PowerExpo Almaty 2020 энергетика, электротехника, энергетикалық машина жасау салаларына арналған көрмесі және форумы

Қазақстандық халықаралық Powerexpo Almaty көрмесі 2001 жылдан бастап әр жыл сайын мамандар назарына энергетикалық салаға арналған заманауи қондырғылардың, технологиялардың және қызметтердің толық жиынтығын ұсынып, іскерлік кездесулердің, тәжірибе алмасудың, жаңа байланыстар мен келіссөздердің дәстүрлі алаңы екендігін іс жүзінде дәлелдеп келеді.

Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания"  АҚ, Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығы, Қазақстанның энергетикалық аудиторлар қауымдастығы және ҚР инженер-энергетиктер одағы қолдауымен ұйымдастырылады.

2012 жылы Бүкіләлемдік көрме индустриясы қауымдастығы (UFI) «Power Kazakhstan» (қазіргі  PowerExpo Almaty) көрмесіне «UFI Approved Event» белгісін табыстады. Нәтижесінде, аталған іс-шараның халықаралық дәрежесі әлемдік деңгейде нығайып, бекемдене түсті.

PowerExpo Almaty-ға қатысуға ғылыми-зерттеу және оқу орындары; құрастыру және жобалау ұйымдары; кабель және сымнан жасалған бұйымдар, байланыс, релелік қорғаныс және автоматикалық басқару жүйелері, диагностикалық және өлшеу құралдары, жарықтандыру жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілер  шақырылады.

2019 жылы көрмеге 13 елден 118 компания қатысты, олардың ішінде Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей, Сингапур, Украина, Чехия сияқты мемлекеттер бар.

PowerExpo Almaty қонақтары – негізінен кәсіби аудитория. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен арнайы шақырылған делегациялар; мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері; отын-энергетикалық және инженерлік қызметтердің басшылары;  АЭК, ЖЭС, ГЭС, коммуналдық шаруашылықтың бас инженерлері мен энергетиктері; әртүрлі салалардағы басқару, жобалау, құрылыс, монтаж  ұйымдарының өкілдері; көлік, қызмет көрсету және сауда кәсіпорындарының мамандары бар.


Similar events