Mining and Metals Central Asia 2020 – Орталық Азиялық халықаралық тау-кен ісі, өндірісі және жабдықтарына арналған көрмесі

Көрме
Mining and Metals Central Asia 2020 – Орталық Азиялық халықаралық тау-кен ісі, өндірісі және жабдықтарына арналған көрмесі

Mining and Metals Central Asia – тау-кен және металлургия саласындағы жабдықтарды, қызметтерді және әзірлемелерді жасап шығаратын қазақстандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктерін көрсететін кәсіби алаң.

2020
16 Sep
Start 00:00

Көрме өндірушілер мен жеткізушілердің тау-кен кәсіпорындары, кен байыту комбинаттары, көтерме сауда компаниялары және басқа да өнеркәсіп өкілдерімен іскерлік байланыс желілерін кеңейтіп, нығайтуға септігін тигізеді.

Іс-шара жыл сайын Алматыда жүздеген қатысушы компаниялар мен мыңдаған келушілерді – жабдық өндірушілер мен жеткізушілерді, тау-кен металлургиялық холдингтерінің, мемлекеттік органдардың, ғылыми орта өкілдерін жинайды. Бұл шараға қатысу жаңа өнімдерді көрсетуге, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін және бәсекелестердің әлеуетін бағалауға, инвесторлар мен серіктестер табуға, әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ширек ғасырлық жұмыс барысында көрменің Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің мәселелерін шешуге арналған тиімді диалог алаңы екендігі дәлелденді.

Аумағы 4000 мың шаршы метрден астам алаңда тау-кен өндірісі мен кен байыту комбинаттарындағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрландыру, автоматтандыру және басқа да қызметтерді оңтайландыруға арналған машиналар, жабдықтар мен технологиялар ұсынылған.

Экспозиция келесі бөлімдерден тұрады: ашық тау-кен жұмыстары; жерасты тау жұмыстары; пайдалы қазбаларды байыту; кен орындарын барлау; геологиялық барлау; металл өңдеу; зертханалық-аналитикалық жабдық; пайдалы қазбаларды тасымалдау; қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; тау-кен кәсіпорындарын жобалау және салу; тау-кен металлургия кешеніне арналған жабдықтар; тау-кен металлургия саласындағы қызметтер (консалтинг); техника мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер мен құрамдастар; бағдарламалық қамтамасыз ету; радиоэлектрондық және есептеу техникасы.


Similar events