Халықаралық «Healthy Lifestyle Almaty 2020» органикалық өнімдер және салауатты өмір салты көрмесі

Көрме
Халықаралық «Healthy Lifestyle Almaty 2020» органикалық өнімдер және салауатты өмір салты көрмесі

Халықаралық Healthy Lifestyle Almaty 2020 органикалық өнімдер және салауатты өмір салты көрмесі – өз санаты бойынша Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ауқымды шара.

Көрме қатысушылары: Қазақстан, Ресей, Түркия, Италия, Франция, Германия, Корея, Польша, Иран, Украина, Үндістан және т.б. елдерден келген 150-ден астам экспонент.

Қазіргі уақытта органикалық және табиғи өнімдер саласының танымалдылығы артып, оған деген сұраныс жылдам өсуде. Қазақстандық азық-түлік нарығында табиғи, пайдалы азық-түлік өнімдерін ұсынатын компаниялар мен бөлшек сауда желілерінің саны еселеніп келеді. Өз кезегінде, тұтынушылар санының өсуі бұл саланың өркендеуі мен қарқынды дамуына жол ашып тұр.

Көрме келесідей бөлімдерді қамтиды:

• Диеталық өнімдер;

• Органикалық және био-табиғи азық-түлік;

• Биологиялық белсенді қоспалар;

• Дәруменді-минералды кешендер, антиоксиданттар;

• Минералды су;

• Табиғи және органикалық косметика.


Similar events