Халықаралық «Балалық шақ – 2020 / Балалар сәні – 2020» балаларға арналған өнімдер мен сән үлгілері мамандандырылған көрмесі

Көрме
Халықаралық «Балалық шақ – 2020 / Балалар сәні – 2020» балаларға арналған өнімдер мен сән үлгілері мамандандырылған көрмесі

«Балалық шақ» және «Балалар сәні» көрмелері – Қазақстан Республикасының балалар тауарлары нарығында маңызды орын алатын іс-шаралар. Олар халықаралық қатынастардың дамуы мен кеңеюіне жағдай жасап, еліміздің түкпір-түкпірінен бизнес қауымдастық өкілдерін жинауға, ағымдағы мәселелерді талқылауға және ортақ шешімін табуға мүмкіндік береді.

Елдегі және әлемдегі күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, аталған шараға түрлі елдерден келген экспонентердің қатысуы Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан балалар тауарлары нарығына деген үлкен қызығушылықты көрсетеді.

Жыл сайын көрмелер мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізіледі (ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі). Сонымен қатар Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдігінің белсенді қолдауын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда аталған көрмелер ұлттық және шетелдік компаниялар арасындағы ұзақ мерзімді іскерлік қатынастарды орнатудың қуатты алаңына айналып үлгерген.


Similar events