- Бөлісу
Race Nation Kazakhstan. Кедергілерді өте жүгіру жарысы
2020
09 тамыз
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
Барлығына арналған шытырман оқиғалар
Жүгіру, дене шынықтыру немесе тауға жорық жасау өмір салтыңызда тым сирек кездеседі ме? Егер жауабыңыз «Жоқ!» болатын болса, демек сіз спорттық ойын-сауыққа әуес, өте белсенді адамсыз. Олай болса, Race Nation Kazakhstan сөресіне жетуді асыға күткен «біздің» арамызда сіздің болуыңыз заңдылық! Ал егер басқалардың суреттері мен бейнежазбаларын тамашалап, өзгелердің қызықты өміріне тамсана беруден жалыққан болсаңыз, сізді де сөре алаңына шақырамыз! Осы жаздың ең елеулі спорттық шарасының әр қатысушысына берер игілігі мол! Өзіңіздің жаңа қырларыңызды танудың сәті түсті!
Бұл дүбірлі шараның қатысушысы болудың өзі – Жеңіс!
Біз сенімді түрде «Қатысу – Жеңіс!» деп ұрандата аламыз. Себебі сөреде қатарластарымен бой түзеген әр қатысушы, бірінші кезекте, өзінің ішкі толқынысы мен қорқынышын жеңе білген батыр. RACENATION жарысы өмірді өзгертеді! Бұл сөзімізді жүздеген қатысушы растай алады!
Сахна және фан-аймақ
Жарыстың қайнаған қазанында, стадиондағы сөре және мәре доғаларының, сәйкесінше ең қызықты деген кедергілердің жанында арнайы концерттік бағдарлама өткізілетін сахна орнатылады.