menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Триатлоннан ҚР чемпионаты

Мәдениет

Триатлоннан ҚР чемпионаты

2020

08 там - 09 там

Басталу уақыты 06:00

Заманауи түсініктегі триатлон ХХ ғасырдың басында Францияда пайда болған. «L’Auto» газетінде  «Les Trois Sports» деп аталатын жарыс туралы хабарланды. Жарыс үш кезеңнен тұрды: 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, 12 шақырымдық велосипед жарысы және Марна каналын жүзіп өту. Үш кезеңнің арасында ешқандай үзіліс болмады. Уақыт өткен сайын еңсеру керек қашықтық та ұлғая берген көрінеді.

Жүзу

Жарыс жүзуден басталады. Сөре барлық қатысушылар үшін не жағадан, не понтоннан, не дәл судан басталады (ұзақ триатлонда). Су температурасы төмендеген жағдайда (IRONMAN триатлонының ережелеріне сәйкес, әдетте 24,5 ° C-тан аспайды) қалыңдығы 5 мм-ге жететін гидрокостюм киюге рұқсат етіледі. Әдетте жүзу үшбұрышты бағыт бойынша жүреді, оны қалтқылар мен арқандардың көмегімен белгілейді. Кез келген маршрут ұзындығын қысқартатын әрекет үшін айып ұпайлары беріледі, тіпті дисквалификация қолданылуы мүмкін. Спортшылар өздері қалаған жүзу стилін қолдана алады. Көбіне бұл – кроль.

Веложарыс

Судан шыққаннан кейін спортшылар транзит аймағында киім ауыстырып, велосипедтерін тізгіндейді. Осылайша веложарыс кезеңі басталады. Жарыс жолының бойында тамақтану орындары орналасқанымен, кәсіпқойларға техникалық көмек көрсетуге тыйым салынады. Қысқа триатлонда топтық жарыстарға арналған, қарапайым тасжолмен жүретін велосипедтер қолданылады. IRONMAN триатлонында кәсіпқойлар жеке жарыстарда жүретін велосипедтерге артықшылық береді.

Жүгіру

Негізгі ереже – спортшы жаяу қозғалуы керек. Кезеңдер арасындағы ауысым тәртібін сақтау қатаң қадағаланады (жүзу -> веложарыс -> жүгіру). Қатысушылар бір-біріне кедергі жасамауы талап етіледі (велосипедтерін дайындаған кезде немесе киім ауыстырғанда). Олар велоситпедтерін жарыс басталмастан бұрын және аяқталғаннан кейін, арнайы белгіленген аумақта ғана өздіктерінен тасымалдай алады. Шлем жарыс басталғанға дейін киіліп, велосипед арнайы рампа немесе белгіленген жерге орнатылғаннан кейін ғана шешілуі керек.


Ресми веб-сайтқа өту

Оқиғаларға ұқсас оқиғалар

3-ші Қазақстандық Кофе фестивалі

Кестеге қосу

Астана

Eurasian Book Fair 2024

Eurasian Book Fair 2024

Мәдениет

Кестеге қосу

Астана

Flora Expo Astana 2024

Flora Expo Astana 2024

Мәдениет

Кестеге қосу

Астана