Халықаралық «KIHE 2020» денсаулық сақтау көрмесі

Көрме
Халықаралық «KIHE 2020» денсаулық сақтау көрмесі

25 жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау саласындағы Қазақстандық халықаралық KIHE көрмесі Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең үлкен демонстрациялық алаңы болып келеді.

2020
18 Aug
20 Aug
Start 00:00

Бұл – түрлі саладағы дәрігерлерді, фармацевтерді, әртүрлі елдердің үкімет және бизнес өкілдерін жинайтын айтулы шара.

Жыл сайын көрмеге медициналық техника, әртүрлі медициналық мақсаттарда қолданылатын бұйымдар, фармацевтикалық препараттар, буып-түюге және таңбалауға арналған жарақтар, клиникалар мен зертханаларға қажет құрылғылар және т.б. өндірушілер мен жеткізушілер қатысады.

Көрмемен қатар, мемлекеттік органдар өкілдерінің, кәсіпкерлердің, медициналық мекемелер мен фармацевтикалық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен халықаралық форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

KIHE жобасы ресми түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі, Ұлттық медициналық қауымдастық және Еуразиялық медициналық қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылады.


Similar events