- Бөлісу
Халықаралық «KIHE 2020» денсаулық сақтау көрмесі
2020
18 там - 20 там
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
Бұл – түрлі саладағы дәрігерлерді, фармацевтерді, әртүрлі елдердің үкімет және бизнес өкілдерін жинайтын айтулы шара.
Жыл сайын көрмеге медициналық техника, әртүрлі медициналық мақсаттарда қолданылатын бұйымдар, фармацевтикалық препараттар, буып-түюге және таңбалауға арналған жарақтар, клиникалар мен зертханаларға қажет құрылғылар және т.б. өндірушілер мен жеткізушілер қатысады.
Көрмемен қатар, мемлекеттік органдар өкілдерінің, кәсіпкерлердің, медициналық мекемелер мен фармацевтикалық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен халықаралық форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтары өткізіледі.
KIHE жобасы ресми түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі, Ұлттық медициналық қауымдастық және Еуразиялық медициналық қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылады.