- Бөлісу
Tengri Ultra – Ұлы Дала марафоны
2020
02 қаз - 04 қаз
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
Жарыс Тамғалы-Тас шатқалында, Іле өзенінің жағасында өтеді. Бұл маңға ең жақын қала – Қапшағай. Қазақстанның оңтүстік астанасы саналатын Алматыға дейін–120 шақырым.
- Sprint – Тамғалы-Тас шатқалында сағат 09:00-де басталады – қара жолмен солтүстік бағытта жүру керек – 2,5 шақырым өткен соң жолдан шығып, таулы жерлермен өту керек – азық-түлік орталығы (электрондық белгілеу орны да осы жерде), бұрылу нүктесі – қара жолмен мәре сызығына дейін жету (мәре мен сөре нүктелері бір орында, қашықтық жарыс лагерінде аяқталады). Ұзындығы – 15 шақырым. Биіктік айырмашылық – 250 метр. Жол бойында бір тамақтану орны ұйымдастырылған (сөреден 7 шақырым жерде).
- Trail – 06:00-де басталады. Ұзындығы – 35 шақырым. Биіктік айырмашылық – 650 метр. Тамақтану орындары сөреден 7 шақырым, қашықтықта ұйымдастырылған. Берілетін уақыт шегі – 7 сағат.
- Ultra – сағат 06:00-де басталады. Ұзындығы – 70 шақырым. Биіктіктегі айырмашылық – 1450 метр. Тамақтану орындары сөреден 7 шақырым, 13 шақырым, 20 шақырым, 27 шақырым, 30 шақырым, 35 шақырым (негіздік лагерь: артық заттарды қалдырып кетуге болады), 42 шақырым, 48 шақырым, 58 шақырым, 63 шақырым қашықтықта ұйымдастырылған. Берілетін уақыт шегі – 12 сағат.