menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Beauty Trend 2020 – Косметологияға арналған кәсіби өнім жеткізушілерінің құрылтайы

Спорт

Beauty Trend 2020 – Косметологияға арналған кәсіби өнім жеткізушілерінің құрылтайы

2020

07 қаз - 09 қаз

Басталу уақыты 06:00

Beauty Trend – жыл сайын әлемнің барлық компанияларына аймақтық серіктес табуға мүмкіндік беретін, косметология саласы бойынша мамандандырылған Орталық Азия кеңістігіндегі бірегей шара. Жиынға қатысушы косметология саласының мамандары үшін практикалық қызметке қажетті өнімдерді таңдаудың керемет мүмкіндігі туындайды. Көрмеге қатысушылар мен келушілердің саны жыл сайын артып келетіндігін де атап өткен жөн.

Көрме-сауда: көрмеде күтімге арналған және емдік косметика, SPA өнімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдар, лазерлер, косметологиялық жабдық ұсынатын брендтерінің ресми өкілдері өз өнімдерін таныстырады.

Косметологтар мектебі: инъекциялық, аппаратық және лазерлік әдістемелермен жұмыс жасайтын мамандардың баяндамалары мен шеберлік сабақтары өткізіліп, процедура барысында қолданылған өнімдер іс жүзінде көрсетіледі.

Келушілер: тек сала мамандары – дәрігер косметологтар, дәрігер дерматолог косметологтар, косметолог эстетистер, клиникалар мен сұлулық салондарының басшылары.

Beauty Trend көрмесінің мәні:

Көрме уақытында кәсіби қызметке қажетті жаңа өндірушілердің ұсыныстарымен қатар, бейінін қалыптастырған брендтердің өнімдерімен танысып, жеке талғамға сай таңдау жасауға керемет мүмкіндікке ие боласыз.

Әр түрлі елдерден келген жетекші мамандар сіздермен өз білімдерімен бөлісіп, косметологиядағы жаңа өнімдер мен әдістермен таныстырып, семинарлар өткізіп, барлық сұрақтарыңызға жауап беретін Косметологтар мектебінде 20 сағаттық бағдарламамен білім ала аласыз. Мектепке қатысу тегін!

Beauty Trend көрмесі тек қана эстетикалық медицина мамандарына арналған іс-шара болғандықтан, көрме аумағында тек қана кәсіби біліктілігі бар қатысушылар бас қосады! Сіз барлық компаниялармен ең қолайлы ортада қарым-қатынас жасай аласыз.


Ресми веб-сайтқа өту

Оқиғаларға ұқсас оқиғалар

Almaty Marathon 2024

Кестеге қосу

Алматы

5TH WORLD NOMAD GAMES, ASTANA 2024

Кестеге қосу

Астана

Qazaqstan Live Fest 2024

Кестеге қосу

Астана

Shamal 2024 Қазақстанда

Кестеге қосу

Алматы

Tengri Ultra 2024

Кестеге қосу

Алматы

Kazakhstan International OUTDOOR FAIR 2024

Кестеге қосу

Алматы

«Almaty Half Marathon» 2024

Кестеге қосу

Алматы