Халықаралық «KITF 2020» туризм және саяхат көрмесі

Көрме
Халықаралық «KITF 2020» туризм және саяхат көрмесі

Аталған көрме еліміздің туристік саласының басты іс-шарасы, әрі Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби туристік жиын болып табылады.

2020
24 Sep
26 Sep
Start 00:00

Қазақстандық халықаралық KITF көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. B2B алаңы ретінде  халықаралық талаптарға сай болғандығы үшін көрме саласының сарапшылары KITF көрмесіне UFI (Көрме индустриясының дүниежүзілік қауымдастығы) сапа белгісін табыстаған.

KITF аясында меморандумдарға, келісімдерге, мемлекеттер арасындағы аймақаралық және трансшекаралық ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылып, республикалық жиналыстар, пленарлық мәжілістер, роуд-шоулар, семинарлар, тұсаукесерлер  және басқа да салалық іс-шаралар көптеп өткізіледі.  Осы тәрізді шаралардың нәтижелері көрменің  Қазақстан және Орта Азия туристік индустрия нарығы үшін айтарлықтай тиімділігін көрсетеді.

KITF көрмесінің жыл сайынғы оң динамикасы арқылы туристік қызметтер нарығының даму көрсеткіштерін саралауға болады. 19 жыл ішінде көрмеге 63 елдің компаниялары мен ұйымдары қатысты. Дәл осы жерде халықаралық және жергілікті компаниялар нарықтық қажеттілік пен әлеуетті тұтынушының қызығушылығын бағалайды, бәсекелестік ортаны зерттейді, кірісті арттырудың жаңа құралдарын анықтайды және одан әрі жұмыс істеу стратегиясын құрастырады.


Similar events