menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Irbis Race тау ультрамарафоны

Irbis Race тау ультрамарафоны

2020

22 там - 23 там

Басталу уақыты 06:00

Қатысушылар 18 сағаттың ішінде  50 шақырымға созылатын күрделі жолды өтіп үлгерулері керек. Бүгінгі таңда әлемнің түрлі елдерінен шыққан 200-ден астам спортшы  өздерінің тау жарысына қатысатындықтарын растаған.  Irbis Race тау ультрамарафоны 22 тамыз күні сағат 6.00-де «Гаиш» обсерваториясы аумағында басталады деп жоспарланған. Мәре Кімасар шатқалында орналастырылады. Қатысушылар еңсеруге тиісті ең биік нүкте теңіз деңгейінен төрт мың метр биіктікте жатыр.

Әрбір қатысушы берілген қашықтықты жүгіріп өтіп қана қоймай, сонымен қатар шамнан бастап, құтқару көрпесіне дейінгі барлық қажетті жабдықты өзімен алып жүруге міндетті. Себебі бекітілген тізімде көрсетілген кез келген затты қалдырып кету немесе жоғалту дисквалификацияға әкеліп соғады. Бірақ жағымды бонустар да жоқ емес. Бастысы – жол көрсе көз тоймайтын, табиғаты көркем орындармен өтетіндігінде. Осылайша, жүгіруге жаны әуес қатысушылар денелерін шынықтырып қана қоймай, үздіксіз әсем көріністерді тамашалай алады. Оған қоса жол бойында спортшыларға арналған үш тамақтану орны ұйымдастырылған.

Өткен жылы Шыңғыс Байқашев ультрамарафонның жаңа рекордын орнатқан болатын. Ол 50 шақырымды 6 сағат 2 минутта жүгіріп өтті. Бұл – Денис Власовтың чемпиондық көрсеткішінен 9 минутқа аз нәтиже.


Ресми веб-сайтқа өту

Оқиғаларға ұқсас оқиғалар