- Бөлісу
Race Nation Burabay. Кедергілерді өте жүгіру жарысы
2020
29 қыркүйек
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
Жасанды кедергілерден өту бойынша басты жарыс Бурабай курорттық аймағында ұйымдастырылады.
Екі жыл бойы Алматыда өткізілген Race Nation Kazakhstan өзінің географиялық ауқымын кеңейтуде. Жаңа іріктеу сөресі Бурабай жеріндегі Щучинск қаласында басталмақ.
5 шақырымдық жарыс трассасында 17 ерекше кедергі орналастырылған. Қолмен жүріс аймағы, балшық ванналары, қабырғалар мен пандустар, салмақты жүктерді тасымалдау және тікенді сымдар. Аталғанның барлығынан сүрінбей өту – жүзден жүйріктерді анықтайтын басты талабы болып отыр.
Мәреге дейінгі әр сәт аса маңызды болғандықтан, артық үзілістер болмағаны дұрыс. Бар күш-жігеріңізді жинап, өзіңізді сынап көріңіз!
Қатысушылар мен жанкүйерлер үшін Нұр-Сұлтан қаласынан сөре нүктесіне дейін және қайта елордаға жеткізетін трансфер ұйымдастырылады!