- Бөлісу
KADEX 2020
2021
10 мау - 13 мау
Басталу уақыты 06:00
Кестеге қосу
2010 жылы алғаш ұйымдастырылғаннан бері KADEX-тің аясы тоқтаусыз кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда бұл көрме қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техника мен технологияларды көрсететін әлемдегі жетекші алаң ретінде танылып үлгерген.
Көрме өткізілген сайын қатысушылар қатары беделді компаниялармен толығып тұрады. Олардың ішінде әлемнің Үздік-100 қорғаныс кәсіпорындарының тізіміне енген алыптар да бой көрсетеді.
Көрме алаңының әскери өнімдерді өндірушілер мен сатып алушылар үшін бірдей дәрежеде бейтарап және ашық болуы – KADEX-тің басты ерекшелігі ретінде айқындалған.
Өндірушілер мен ресми делегациялардың B2G кездесулерінің нәтижесінде қару-жарақ пен жабдықтарды жеткізуге байланысты көптеген келісімшарттарға қол қойылып, бірлескен кәсіпорындар құру туралы шешімдер қабылданады.