PowerExpo Astana 2020

Көрме
PowerExpo Astana 2020

2020 жылдың  4-6 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 9-шы Қазақстандық халықаралық «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» көрмесі – PowerЕxpo Astana 2020 өтеді.

Қазақстандық халықаралық PowerExpo Astana көрмесі – елордадағы энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау салаларындағы озық технологиялар, қызметтер және жабдықтарды көрсетудің басты алаңы болып табылады.

Көрмені өткізу орны ретінде Нұр-Сұлтан қаласының таңдалғаны кездейсоқ емес. Елорда болғаннан кейін, қала әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, инфрақұрылымды дамыту және нақты секторға инвестициялар тарту бойынша көшбасшы орынға ие болды. Оған қоса министрліктер мен ведомстволар, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ және басқа да ірі қазақстандық және шетелдік кәсіпорындардың кеңселері Нұр-Сұлтанда шоғырланған.

PowerЕxpo Astana жобасы ресми түрде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго» АҚ, "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы, Қазақстанның энергетикалық аудиторлар қауымдастығының қолдауымен іске асырылады.


Similar events